Дальше, дальше, дальше...

Бұрынғы бастық қой нақ.
Көшеден көріп қалдым. Маған баяғы әдетінше «бері кел!» деп, гүж ете қалд. Жақындасам — сылқия тойып алған екен нақ. Мұрнымның анализаторлары дереу басекеңнің хеннеситектес бөтелкені жалғыз өзі ұрывалғанын баяндап берді. Сонымен, былай дейд нақ:
Әрі қарай

Бүгін оның туған күні ой пәлі-ай!

Мендегі дереккөздер алдамаса бүгін арамыздағы Ақзере-Анардың туылған күні.
Оған мынаны тілеймін деп жылтыр сөздерді тізе беруге болады әрине. Жаратушымыздың осы пендеге тек жақсылықты нәсіп етуін тілеймін!

Әрі қарай

Ақиқат пен миф (Konvict-тің рухына)


Бұл постымды бауырым @konvict-тің рухына бағыштаймын! © ҚараСақал

— Кім, кім? Қашан? Жоооқ!
Абай ұйқысынан шошып оянды.
Кешегі күнді есіне түсіре алмай мең-зең болып кереуетінің қырында біраз уақыт көзін уқалап отырды. Ары ойланып, бері
Әрі қарай

Астанада адасқыңыз келмесе


@seken бір пайдалы сайт көрсетті. Астананы жақсы білмейтіндерге немесе Астана қонақтары үшін керемет сайт — Icity.kz
Баратын жеріңіздің маршрутын қарай аласыз, барлық автобустардың маршруттары берілген. Далада жүрсеңіз телефоннан да кіруге болады
Әрі қарай

Жұмысына риза болатын программалар

Кейде қарап отырып жұмысына риза болатын программалар болады, сондай программаның бірі «Artisteer» бұл программаның көмегімен wordpress, joomla, drupal, сияқты CMS тардың, шаблондарын, басқада сайт беттерін жобалауға болады, әсіресе тіл
Әрі қарай

4 жасар Әбіләкімнің сиямен салған суреттері

Неге сиямен? Қазір күйемен, құммен, бидаймен не болса сонымен сурет салатындар көп қой. Ауыл жаққа барып ескі сандықтан 4 жасымдағы салған суреттерім бар блокнотымды таптым. Бертінге дейін 4-5 жастағы салған суреттерім бар дәптерлер сурет альбомдары
Әрі қарай

Түлкінің боғы…



Қолыма крем жағып, бетімді мақтамен сүртіп отырып бір көзіммен ТВ-дегі концертті екінші көзіммен алдымда жатқан газеттегі гороскопты қарап қоямын. Ертең үшін Суқұйғыштарға сәтті күн дейді. Ақша түсетін шығар. Сауда жасау үшін де ыңғайлы күн дейді. Дұрыс айтады ертең сумка алуға барамын. Тааааккк, ертең не кисем екен жұмысқа, блин дым киім жоқ киетін. Сумка алған кезде кофта да қарай салу керек. Ерланға звондап жіберейін, әйелі ақша алыпты ол да ертең шығатын шығар бутик аралауға. Тек алдындағыдай кешігіп келмесе екен. Блин кафеде 1 сағат бойы күтіп, трубкамен 1 кружка сыра ішіп тастаппын ғой өткен жолы. Айтпақшы етік алдым деп жатыр еді, менікіндей емес шығар деп сенгім келеді. Сондай болып шықса бітті онда Ерланмен достығымыз аяқталады. Әйелім телефон линиясын интернеттен босатар емес, әзірше киім үтіктеп тастайын. Сосын звондармын асықпай. Қоқысты да пакетке салып дайындап қояйын, таңертең шығарып тастар. Мен айтпасам өздігінен шығарып тастау деген жоқ қой. Тамақ жеуді де азайту керек сияқты, бүгін айнаға қарасам семірген сияқтымын. Әлде ақ футболка кигесін бе екен? Сағат он бір болыпты ұйықтау керек, мынау қазір тағы да секс сұрай бастайтын шығар өзім и так басым аурып тұрғанда. Өткен аптада ғана айналыстық емес пе?..
Әрі қарай