Бұл клипті флешерлер қарамасын!

Тамара Асар — Жаным неге


Жүрегі әлсіз, жүйкесі нашар флешерлер, анимациямен, клип жасаумен айналысатындар бұл клипті қарамасын. Ән былай да жақсы дей алмаймын, бірақ клипі енді сұмдық. Мұндай қорқыныш клип көрмеппін.

Егер видео ашылмаса мына жерден қараңдар.
Әрі қарай

Керекшілерге өтініш

"Алтын Орда" газетіне кино, софт нарығындағы қарақшылық жөнінде мақала дайындалып жатыр. Мақала біржақты боп кетпеуі үшін, программист маман мен матеиматиктің пікірі керек, бір тұлғада математик пен программист тоғысқан болса — тіпті қатып кетер еді.
Сұрақтар келесідей:
Әрі қарай

"Азия +" жаңа телеарна



Бүгін кабельдік жүйеге жаңа арна қосылыпты. Аты Азия+. Әлі толық ашылмаған болуы керек, экранға қайта-қайта «Жуырда ашылады» деген жазу шығады. Ал, әзірше қазақ, араб, түрік, үнді клиптерін беріп жатыр. Жақсы әндер таңдалған.
Әрі қарай

Қазыбек би ұялып қалыпты...

Қолтығына жүн шықпаған кезде қалмақтарды таң қалдырып қайтқан Қазыбек биді бәріміз білетін болармыз. Таңдайы тақылдап қалған бала болған ғой(Ютубтан іздеп видеоларын таппай қойдым, ешкім түсірмеген -ау деймін).Сол Қазыбек би болып-толған шағында (сірә,өткенін ұмытса керек Аязбиіңдісс...)бір жиында өзінен бата алуға кеп отырған 13-14 жасар Байдалыны («Сегіз биім, сегіз бидің ішіндегі семіз биім» деп Абылайдың өзі айтқан деседі Байдалы би жайлы.Семіз сөйлеген шығар фаст-фудыңдысс...) менсініңкіремепті.«Мынау қап-қара болған кім өзі?» дегенге ұқсайды. Сонда Байдалы:
Қара деме көмірді
Балқытады темірді
Тексізге келіп сөз айтсаң
Кемсітеді өзіңді -деп, Қазыбектің арғы аталары тексіздеу бір тоқалдан туғандығын меңзеп ұялтып тастапты.
Әрі қарай

Омар быраттың "ең-еңңдері"

Алдыңғы эстафетаға қатыспап едім. Пернетақтаны «ең-ең-еңңң» дегізіп от алдырып, мына эстафетаға бірдеңе жазып жіберейін деп, сол… ))

Тоздырмай, ең ұзақ киген киімім. Братанның маған бере салған бір қысқа жеңді шақпақ жейдесі бар еді. Соны бес жаздай кидім.

Ең ұзақ киген аяқ киімім. Бірінші курста бір қыстық бәтіңке алып едім. Ішінде «Estilo» деген ба, бір жазуы бар. Бірінші курстан бастап, оқу бітіріп, жұмысқа кірген бірінші жылға дейін бес қыс кидім соны. Іші кәдімгі қойдың жүнімен қапталған болатын. Үшінші жылдан бастап уылтарақ тықырланып, ер-тоқым қаптайтын былғары сияқты жылтырап кетті
Әрі қарай