Омар быраттың "ең-еңңдері"
Алдыңғы эстафетаға қатыспап едім. Пернетақтаны «ең-ең-еңңң» дегізіп от алдырып, мына эстафетаға бірдеңе жазып жіберейін деп, сол…
))
Тоздырмай, ең ұзақ киген киімім. Братанның маған бере салған бір қысқа жеңді шақпақ жейдесі бар еді. Соны бес жаздай кидім.
Ең ұзақ киген аяқ киімім. Бірінші курста бір қыстық бәтіңке алып едім. Ішінде «Estilo» деген ба, бір жазуы бар. Бірінші курстан бастап, оқу бітіріп, жұмысқа кірген бірінші жылға дейін бес қыс кидім соны. Іші кәдімгі қойдың жүнімен қапталған болатын. Үшінші жылдан бастап уылтарақ тықырланып, ер-тоқым қаптайтын былғары сияқты жылтырап кетті
Ең қымбатқа алған киімім. Алдыңғы жылы 18 мыңға алған пуховик курткам. (Алдыңғы күні бір дүкенге кірсем, пуховиктің бағасы көрсетілген қағазға "Түбітовик" деп аударып жазып қойыпты
)
Киімнен басқа сатып алған ең қымбат затым. Мәшинем. Мен сатып алған ең қымбат зат бола тұра, ең арзан бағаға алғанымды атап өтпей күнәһар болатын жайым жоқ екенін де атап өтейін. Механика қорапты мәшиненің бағасына техникалық күйі дыңдай (идеальный) типтроник қорапты көлік алып едім.
Үй-ғимарат атаулыдан шығып көрген ең жоғарғы қабат. Екінші курсты бітірерде, жазғы каникулға шыққанша 12 қабатты үйдің он екінші қабатында тұрдық.
Ең ұзақ жұмыс күнім. Былтыр жұмысқа таңғы 9.30-10.00 шамасында келіп, үйге түнгі 4-те қайттым.
Еске түсіре алғаным осы екен. «Еңеңіңді ұрайын, осы-ақ па?» деп жүрмеңдер

менде мұндай Ең-ең деп еңкілдететіндей ештеңе жоқ екен. ең алғашқы сүйісуім 45 минут болды демесем тек
КВН-де Тұрсынбектің үлкеннен кішіге өту барысында триконың стрингиге айналғанға дейінгі өмірін сипаттайтын әзілі бар еді… ))))))))))))
Екі мыңыншы жылы Барахолкадан алған былғары косемсот туфлиім құнын төрт есе ақтады
Апама тоқсан үшінші жылы бірінші курсында алып берген тигровка кофтасын мен әлі киіп жүрмін
Ең ұзақ жұмыс күнім тоғызыншы майға карсы келді. Демалыста жүргенімде бастығым срошне жобаны СЭСке дайындау керек деп, содан мейрамның бір күні, түні, келер жұмыс күні аяқталуға бір сағат қалғанда қайта беруіңе болады деп, жаманы сол жобаны СЭСке бір аптадан соң апардық
Ең биік ғимараттардан әсерімен есімде қалғаны Питерде апамның құрбысының үйі, бірінші рет лифтіде ұзағынан тұрып, қашан жетеміз деп мазасызданып кеткенмін сонда.
сөйтетін шығар, бірақ біз сенбедік)
Саған етігінің өкшесінен тігілген әмиян берсе де білмей өтесің ғо бұл өмірден
Гималай тауларын да аралып жүр деп қой
Ең қысқа өміршең туфлиімді ұмытып кетіппін ғо, үш сағат қана кидім, бірақ оның да былғарысы керемет еді