Астанада адасқыңыз келмесе


@seken бір пайдалы сайт көрсетті. Астананы жақсы білмейтіндерге немесе Астана қонақтары үшін керемет сайт — Icity.kz
Баратын жеріңіздің маршрутын қарай аласыз, барлық автобустардың маршруттары берілген. Далада жүрсеңіз телефоннан да кіруге болады m.icity.kz
Бөлісу:

28 пікір

Bekjan
Осы жақында ғана Астаның автобустарын маршруттарын көрсететін сайт жасады ма екен біреу міреу, жасамаса жасау керек екен деген ойлар кетіп жүр еді..:)

Жақсы болды ғой, рахмет Асаучик :)
sammita
ондай бар, Астана кз сайтында. Маршрут нөмірін бассаңыз, жолын көрсетеді. Мүмкін сіз басқаша күшті жобаны айтып отырған боларсыз.
Aidossik
бар ғой. Астана картасы, жалпы мағлұматтар. Мына жерден ала аласыздар.
sammita
Астана ұнамады ма, неге кеткің кеп жүр?
Aidossik
ұнайды, әрі үйреніп те қалған жер. Бірақ жұмыс бабымен кетіп жатырмын. Мүмкін болашақта қайта оралармын) нәсіп болса. Алматыда да біраз жұмыс істеп көрелік
TERISKEI
Няғыласың сол суық қаланы? Алматыға қооооош келгенство онда!!! Құшақ жая қарсы аламыз! :))
Aidossik
сатылып кетті деп айтпасын деп жатқаным ғой)))
Onlasyn
Алматыға кеп қойдың ба?
AsanQaigy
GPS-навигатор қазір екінің бірінде бар ғой. Ол үшін арнайы сайт жасаудың керегі қанша?
asaubota
мен навигаторы жоқ екеудің бірімін
sigma
Астаналықтар өз қаласын жақсы беледі ме екен?
Алматылықтар білмейді, :)
konvict
Білмейтіндер оң жағалаудан болмаса, сол жағалаудан адаса қоймас
sigma
Осы Астана салынғалы біздікілерде оң жағалау, сол жағалау деп шала түрленіп жүр. Бұрындарыс ресми тілде Азия, Европа деп бейресми тілде арғы бет, бергі бет деп жүре беретінбіз.
Beytanis
Массаган, сойте ме?
sammita
Жоғарғы жақ, төмен жақ дегенді ұқпай қойдым ақыры:)
sigma
Бізде жоқ, жоғары төмен жақ дегендер
sammita
Алматыда деп ойлаппын сізді:)
sigma
Алматы Азия, Европа деп бөлінбейтін сияқты еді.
qisyq
Алматы жоғары, төмен болып бөлінеді. Жаңалық аштым ғой деймін.
Altygradus
Қайта Алматыдағылар біледі. Астанадағылардан көше сұрап гаргаудың қажеті жоқ, ешкім ештеме блімид. Жаңажан келгендер бір бөлек, ал бұрыннан тұратындары соңғы өзгерістерді білмид
balzaminka
Тұрғылықты астаналықтар қаланы онша біле бермейді :) Өйткені олардың үйреніп қалған сүйікті жерлері бар, жаңаны мәмбеттер баратын жер деп қабылдай бермейді :))
AsanQaigy
Мына сайт ашылмайды ғой
edige
Астанада адасатын жер бар ма Ареке?..
sammita
бөтен ауылға барсаң да адасасың ғо. Астана үлкейді қазір, өркендеп өсіп жатырмыз:))
edige
— Саммитаны көрдіңдер ма? — деп сұрап таппаймын ба сонда :)))
Жаңадан салынған жағында адаспайтын шығар дейтінмін. 5 жыл болыпты бармағаныма…
sammita
11 жыл тұратын менің өзім жаңадан салынған ғимараттарды білмеймін. Қаңғыбастық әдетім жоқтықтан болар:)) @asaubota жақсы үйреніп алған шығар:)
Nurgisa
Қаңғыбастық әдеті барлықтан болар.
balzaminka
жаяу жүрген де жақсы қаланы танып-білуге :)