Еркекке алтын харам ба?

Жақында бір орыс досым келді, көптен көрмей біраз сөйлестік. Үйленген екен. Алтын сақина таққан саусағының айналасы жара болып кеткен. Тақпайын десем әйелім ренжиді дейді. Мен оған мұсылмандар денеге зиян болғасын алтын тақпайтынын айттым. Ол да басқа қолдарындағы күмісті көрсетіп, «бұл жерлерде жара жоқ» дейді.
Кейін ойландым шынымен исламда алтын мен жібек туралы не деген екен деп. Медицинаға қатысты ештеңе таба алмадым, орыстардан да түріктерден де. Барлық жерде алтынның қымбат металл екенін, еркектер де таға берсе ысырап болатыны туралы жазылған. Денеге зиян деп еш жерде жазылмаған. Әлде мен дұрыс іздемедім бе?
Бірақ, діни емес ресурстарда алтынның еркек организміне зияны, әйел организміне пайдасы туралы жазылған. Ол енді металлдың химиялық қасиетіне және еркек пен әйелдің ерекшеліктеріне байланысты нәрсе. Неге осы ғалымдардың айтқаны исламда бұрын жазлымады екен деп ойладым да қойдым.
нахсаф алтындар?алюминийден жасалған ыдыстан тамақтану денсаулыққа зиян, әсіресе еркектерге
1) Мұсылман ретінде харам етілген нәрсенің түбіне үңілу, себебін анықтау құпталмайды, білуімше.
2) Түбіне жету-жетпеуің екіталай
3) Оны харам еткен Аллаһ Тағала ал оның біліміне жету мүмкін емес
4) Оның харам екенін анықтап, «обосновать» еткен күннің өзінде, сенің дәлеліңсіз жұрт оның харам екенін біледі
Ал жауап «Харам емес екенін анықтау үшін?» болса, онда дініңде харам етілген нәрсені халал ету күналардың күнасы боар, бәлкім.
«Логика»! О, эврика!
Finally, приоритет деген болады. Өзің білесің, мұсылманның бойында, қателеспесем жеті түрлі жауапкершілік бар. «Парыз, Уәжіп, сунна, мұстахап, мәндүп, мубах, харам» деген. Өмір бойына мұсылмандар өздері істеп жатқан істі осы жеті приоритетке салып жасайды. Ал сенің «логика, обоснование» дегенің сен үшін парыз емес, уәжіп емес, сунна емес, мустахап емес, мәндүп емес, мубах емес! Харам боп қалуы ықтимал, Аллаһ біледі
Қарайсың ғо өзің. «Просто» айтып жатырм…
Мусылманда күміске қатты мән береді я… Негізі дұрыс