Ұстаз һәм шәкірт

Мектептегі еркін жүріс — тұрысымызды көріп жүрген үлкендер бізге «Біздің кездегі мұғалімдерді айтсаңдаршы, анау жақта келе жатқанда асығымызды тастай салып қашатынбыз»-дейтін.
Иә, мектепте қорқатын мұғалімің, тыңдамайтын мұғалімің болады. Бірақ бүкіл оқушы, бүкіл сол мектепті бітірген түлектер силаған ұстаздар да болған, қазір бар ма жоқ па білмеймін.
Біз мектепке барғанда (айтпақшы «нәлевойдың» құрбандарының қатарындамын) Жұмкен(әйел кісі) деген кісі деректір еді. Марқұм жақсы адам еді. Ұрысқанда бүкіл мектеп тынышталатын.Физика саласынан берді-ау деймін.«Көзіңді шұқып алайын ба?» деп үлкен кластың балаларына ұрысып жатқанын талай көргенмін. Мен де осы мұғалімнен қатты қорқатынмын.Жұмкен мұғалімдердің ағайындарымен қыз алыстық. Құдандалы болдық.Бірде олар жақтың бір тойы болды.Ол кездің тойлары палаткада болушы еді ғой.Әжеме еріп мен де бардым.Деректірімізді көріп қорыққаным сонша палаткаға кірмей қашып кеттім. (сол жылдары түнде қыдырған, тойға барған оқушыларды «линейка»деген пәлеге тізіп шығаратын)Әжем сөйлескен болуы керек палатканың артынан Жұмкен мұғалімнің өзі алып кетіп еді сол кезде мені.
Кейініректе ағамыздың тойы болды ауылда.Палаткада. Бұл жолы Жұмкен марқұмның шәкірті Нұргүл мұғалім жүрді тойда.Мектептің қарапайым қазақ тілі мұғалімі. сол тойға келген оқушыларды «линейкаға» тізіп шығарып: «Жакуповты қараңдаршы той бойы палаткаға кірмеді, сыртта самаурын жағып жүрді»деп бір ұялтып өткен.
Әрі қарай

Дігідік-дігідік шабамын...

Елбасымыз өзінің шабысынан танбады. Арасында аяңға салу сары желіске ауысу жоқ бұл кісіде. Тек дігідік-дігідік….Лингвистикалық коммисиядан шауып өтті.
Осы лингвистикалық комиссияның не керегі бар?! Талапшыл болса депутаттарды, жоғарыдағы министрлерді тексерсін. Қазақ ұлтына қызмет ететіндердің құрамында олар да бар ғой. әйтпесе басқа елдерге сапарлап барған адамның (биліктегі) осы комиссияның төбесіне көтеріп отырған тілінде сөйлеп жүрмегендері анық. Біз сол тілімізден секіріп өткен жоқпыз ба? Ауып қалмасақ нетті?
Бұл кісі елдің тізгінін қолына алған жылдары туған балалар үйленіп жатыр. Немерелері немқұрайлы қарай бастады қазақ тіліне. Ал, ол кісі дігідік-дігідік шауып бара жатыр…

Мақала мына жерден алынды, осы жерге салынды.
Әрі қарай

Сүйіншілер топтамасы.

Жақсылыққа жаны құмар халықпыз ғой. Сүйіншілетуімнің мәні мынада.
Түскі үзілісте серуендеп қайтпақ ниетпен далаға шығып едім.көшеден әнші Сейіл Аяғанды көрдім. Әңгіме арасында Мұқағали Мақатаевқа арналған «Кеш жарықтың» бағдарламасына түсіп келіпті.Мұқаңның әндерін гитарамен нақышына келтіре орындайтын әншілеріңізді, одан бұрын ақиық ақынымызға арналған кешті келесі сенбіде тамашалайтын боламыз.
Екінші сүйіншім, кеше қазақтың бард ақындары жайлы сөз қозғадық қой. Сол сөздерден шыққан қорытынды мен Қуаныш Мақсұтов ағамызға қоңырау соқтым. кең отырып өзімен сұхбаттаспақшы ниетте екенімді айттым.Әңгімеміздің басты тақырыбы бард жанры екенін білген ағамыз өзінің" Кеңес Одағы кезінде екі мәрте лауреат атанғанын және тұңғыш бард (қазақтан шыққан)Табылды екенін, одан кейін тағы бір кісінің атын айтты (ұмытып қалғаныма кешірім сұраймын)және де қазіргі уақыттатрда жақын туысының қырқын өткізіп алмай бұндай сұхбаттарға уақыты жоқ екенін айтты.Ақпан айының соңына таман хабарласатын болып келістік.
Халқымызда "Қашпаған сиырдың уызынан дәметпе«деген жақсы мақал бар екенін білемін. Дегенмен Алла сәтін салсын деп тілейік!
Әрі қарай

Патриоттық ән

ІБзде патриоттық әндер жетіспейді деп жатамыз көбіне. Әскердегі сарбаздарымыздың "Қызыл гүлім-айды" сапта орындап жүргендері де жалған емес." Алтын күн аспаны"-латушы еді, оны да Әнұран қылып жібердік. Төмендегі әнге пікір жаза отырыңыздар!
Досымжан Таңатаров пен «Аламан» тобы

Әрі қарай

Жауғашбай батыр

Қазақ пен жоңғардың арасының ушығып тұрған кездері болса керек. Қойы қоралас, малы аралас жатқан екі елдің арасы суынып, бір-бірін көрсе «аттандайтын» дәрежеге дейін жетіпті. Бейқам жатқан қазақ ауылына жер қайысқан жоңғарлар легі жақындап қалыпты.Хабаршы «алты төбенің астында жер қайысқан қол келеді,қол болғанда да мол келеді»дегенде елдің игі-жақсылары Жауғашбай батырға қарапты.Жауғашбай болса, сандықтағы ақ сауытын алдырып, кермедегі Кер атын ерттетіп, керегедегі ақ найзасын қолына алыпты.Өзіне соншалықты сеніммен қарап тұрған халыққа: «Неменеге бақырайып отырсыңдар,Қашпаймыз ба?»-депті.

ПыСы: Кішкене әзіл тастай отырайық. Әңгімедегі батырдың аты біреудің жеті атасындағы батырдың атымен аталса жәй ғана сәйкестік деп біліңіздер.
Әрі қарай

Бейпіл мақалдар...

Марқұм Ақселеу ақсақалдың туған жерінің топырағынан екендігімнің дәлелі ме осы бір тақырыпты ашып отырмын. ол кісінің сол бір жинағын толық оқымаппын. Дегенмен халық ауыз әдебиетінде бейпіл сөздері бар мақалдар да кездеседі. Айтар мағынасы бар бірақта. Осы тектес мақалдарыңыз болса бөлісе отырыңыздар.

1.Кедейдің етегін бидайға толтырсаң пәленшесі тұрып кетіп шашып алар.
2.Бақ қонбайтын жігіт жоқ, басып қалар көт болса.
Әрі қарай

Сый көрмей-ақ өтейін...


Иә, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні бүгін. Тұлғаны тірісінде бағаламайтын халықпыз ғой. "Қазақстан" арнасы таңғы бағдарламасына суретші Алмас Сырғабаевты шақырыпты. Бала кезінен бастап ақын өлеңдеріне байланысты суреттер салған Алмас, ең бірінші рет "Қайран жеңгем" өлеңіне иллюстрация (осы суреті үшін 50 сом ұтып алғанын айтып өтті) жасаған екен.
Әрі қарай

Курортта туған өлең

Әбіләкімнің  ауылы: Курортта туған өлең
Ақиық Мұқағалидың өзі мойындап, тәнті болған Қасым Аманжолов бір топ қазақ ақын-жазушыларымен курортта (қала аты есімде жоқ)болыпты. Орысша таза сөйлеуімен, пианинода ойнап ән айтуымен сол жердегі қыз-қырқынның көңілін тапқан екен.сол жердегі бір орыс келіншегінің тамырын басып, төсектес те болыпты. Онысын қызғанған жерлестері пыш-пыш сөздер таратса керек. осының бәрін біліп жүрген ақын кетерінде бәрінің көзінше:
Рахмет саған Полина Иванова
Маған бір түніңді қиғаныңа
Кәпірдің мұсылманға бір бергені
Татиды мың молданың иманына-депті деседі.

Сурет: vsedlyavasdamy.ru
Әрі қарай

Шарасыздық

Әбіләкімнің  ауылы: Шарасыздық
Студент кезде бірде бай-бірде кедейсің ғой.Жалпы қай кезде болсада.Қазақ атамыз «Ер жігіт бірде малды, бірде малсыз» деп тегін айтпаған. Ойын автоматымен ауырмасамда (ауырмау себебім сол ойынханаларда күзетші болғанмын)ауыратын достарымның кесірінен қайтарға да тиын таппай қалған кезіміз бартын.Оңтүстік-Шығыс пен Майқұдықтың арасы әжептеуір жер.Жаяулатсаң таң атқанша жетпессің.5 баламыз қалтамызда екі адамға ғана жол ақы бар. Жандалбасамен соңғы автобустың біріне міндік.Адам көп. Кондуктор бірден бізге келе қоймады.түсейін деп тұрған бір-екі адамның билеттерін алып алдық.кондуктор билет сұрағанда соны көрсеттік.Ол «сендерді бірінші рет көріп тұрмын» дейд, «Біз автостанциядан бастап осы автобуста келе жатырмыз»деп біз де шылп етпейміз.сөйтіп үй жаққа да жетіп едік.
Таныс қыздарымыздың да басынан өткен бір жағдайды айта кетейін.Студенттік билеттеріне сенген қыздар, автобусқа кешігіп қалыпты.содан аялдамадағы адамдардан жолға тиын-тебен сұрап, ақыры бір жігіт жеткілікті «меліштерін» беріп, жатақханаларына маршруткамен аман-есен жеткен екен.
Әрі қарай

Чектің әуресі...

Әбіләкімнің  ауылы: Чектің әуресі...

Балқаш жаққа жол түскендегі оқиға.Автовокзалдан автобусқа билет алдым.Жеңіл күртешемнің қалтасына сала салдым. Қалта телефоныма ақша лақтырдым және шөлдесем ішермін деп салқын сусын алып көңілімді бір жайландырдым.Менің құзырымдағы он-он бес минуттай бос уақытты вокзал ішінде сандалумен өткіздім.Бірдеңені күткенде бір орында көп отыра алмайтын жаман әдетім бар.Қалтама қолымды не үшін салғанымды білмеймін, бірақ осының керегі жоқ деп манағы ақша салған түбіртек пен сусынның түбіртегін қоқысқа арналған кішкене жәшікке тастай салдым. "Қарағанды-Балқаш" автобусына отырғызу басталды десімен сол жаққа қарай аяңдадым.Есікке кимелемей елдің артынан кірмек болдым. Билет тексеруші билетімді сұрады. Мен қалтама қолымды салып көрсетіп жатсам, «Сіз маған не көрсетіп тұрсыз?» дейді.Қарасам қоқысқа билетімді лақтырып жіберіппін.Ішке жүгіріп кіріп, қоқыстың ішін ақтарып тауып алдым әйтеуі.Абырой болғанда қолымды жуатын жерге де кіріп үлгердім.
Әрі қарай