Көне телефон


Майқұдықтан қырық шақырымдай жердегі Қушоқы елді мекеніне осымен 3-ші рет табаным тиіді. Алғашқысында аласапыран заманда адасып қалған атамның туған інісін іздеп бардым. Одан кейін сол кісінің қайтыс болуына байланысты және кейінгі жолы (қаңтардың 22-сі,2011ж.) сол кісінің қырқына байланысты. Айтпағым бұл емес еді негізі. Қушоқы елді мекені басқа ауылдардан қазақ-орысы араласып кеткенімен ерекшеленбесе, басқадай ерекшеліктер байқай алмадым. Ағамыздың (әкеміз десекте болғандай) қырқын өткізіп жатқан асханада көне телефонға көзім түсті.
Әрі қарай

Қыздар неге сондай?

Осы жерде жиналып отырған бәріміз мектеп қабырғасын көрген болармыз))Сол мектептік жылдарда көптеген қызықты оқиғалар болып жататыны бар. Кейін кластастар кездескенде еске алып отыруға жақсы соның бәрі. Қыз-ұлымыз жиналатын осындай кездерде қыздар неге өткенді еске алмайды?
Мектепте жүргендегі тәртіпсіздіктер мен шамалы бұзақылықты неге ұстаздарға жеткізуге құмар?
Сабақ үстінде жел шығарып алып «Кім осырды ?» деп не үшін өтірік сұрайды?
Қыздар неге сондайсыңдар?
Әрі қарай

Халқымның әні қазынам

Қаланың шуынан мезі болған кездерімізде қаладан алыс кетіп қалуға мүмкіндік бола бермейді. Осындай кездерде мен көбіне халық әндерін тыңдаймын. Даламның кеңдігін беретін осындай әндерден кейін ләззат алатыным шын. Қатарластарым қалта телефонымдағы халық әндерін көріп «шалсың ба?» деп келекелейді. Халық әндерін шал-кемпірлер ғана тыңдау керек пе? Сіз халық әндерін қаншалықты жиі тыңдайсыз?
Сіздерге бір-екі халық әндерінің және де домбырада орындалатын әндердің сілтемесін бере кетуді жөн көрдім.
Назiк гул.mp3 на files.gw.kz
Нәзік гүл-Қайрат Байбосынов
Иса Байзаков Желдiрме 2 турi..mp3 на files.gw.kz
Орындайтын Ерлан Рысқали
Әрі қарай

Қарттарым есен-сау жүрші...

Ауылда өскен бала болғандықтан ба, әлде жасымнан шалдың баласы болып (әкемнің әкесі, яғни атам)атының артына мінгесіп ауызашар, түрлі жиындарға барып өскендікі ме екен маған өз қатарымның әңгімесі көп қызық бола бермейтін. Үлкендердің айтқан әңгімелері әлі күнге есімде. Әттең, сол кезде бала болыппыз. Әңгімелерінің барлығын қағазға түсіре беруім керек еді.Қазір ойлап отырсам көп адамдарды көріппін. Біздің бір жамағайынымыз Бейімбет Майлиннің кенже қызы Розаға үйленген екен. Сол екі кісіні де көзім көрген еді. 60-шы жылдары Қытай асып келген туысқандарымыз да болған Біреуі тіпті қытай өкіметіне қызмет еткен полковник шеніндегі ақсақал еді.Кейінірек ҰҚК есебінде де тұрыпты дейді.Ол кісі қайтыс болған соң балалары жазбаларын жоғалтып алыпты. Шежіре жазумен айналысушы еді.Соғыс ардагерлерінің әңгімелері қызық болушы еді.Қазір ауылда көзі тірі ардагер жоқ. Қазір ауылға барсам шалдардың таусылып бара жатқанын көріп ішім ашиды. ашитын себебі бұл кісілерден соң жөні түзу шалда жоқ. Ауылда ең үлкен ақсақал 80 жастан асып отыр. ептеп ақыл-есін жоғалта да бастапты. Ол кісіден соң біздің аталар, жастары жетпістен асқандар. Бұл кісілердің өзі 5-6 ау қалыпты. 50-60 жас аралығындағы шалдарға көңілім тола қоймайды. Айтатын әңгімелерінің дәмі жоқ секілді.
Біз қандай шал болар екенбіз?!
Әрі қарай

Жар-жар



Жар-жар…Жоқ әңгіме той туралы емес. “7 арнадан” көре алатын бағдарлама жайлы. Бағдарлама авторы Бибігүл Дәулетбекқызы(бізге “Аялы алақан” арқылы таныс) жүргізушісі Данагүл Темірсұлтанова (“Тамашадағы” ше,”Аққу мен Гәкку”). Ресейлік “Давай, үйленейік” бағдарламасының қазақша көшірмесі десем Бибігүл әпкеміз ренжи қоймас. Әдемі көшіре алсаң, қазақы кейіпте бере алсаң кімнен көшірсеңде бәрібір дер едім. Данагүл бағдарламаны кейбіреулер секілді кібіртіктемей еркін жүргізеді екен.Қатысушыны әңгімеге жетелей алуы бәрі жақсы. Айтарым мынау негізі.
Әрі қарай

Қысқы Олимпиада ойындары жайлы

Санаулы күндерден соң елімізде қысқы Азиада ойындары басталады. Осыны негізге ала отырып қысқы ойындарға тоқтала кетсем.
Жазғы не болмаса Қысқы Олимпиада кезінде тек көрсетілім ретінде ойналып, кейін шартты ойын ретінде кіретін ойындар болады. Менің бұл жолғы жазып отырғаным шарты түрде ойнағандар және көрсетілімдік негізде ойналып кейінірек тізімнен сызылып қалған ойындар.
Әбіләкімнің  ауылы: Қысқы Олимпиада ойындары жайлы
Бәлкім менің білмей жазбай қалған ойын түрлері де болар, білгенімді сіздермен бөлісе отырайын.
Әрі қарай

Чуркестан...

Әбіләкімнің  ауылы: Чуркестан...
Иә, біздің елді кім мазақ қылмай жатыр. Іші пысқан, қолы бос адам маңайындағыларды мазақ қылмайтын ба еді? Тура сол секілді болдық. Туымызды мазақ қылды. “Бораттың” борандатқаны бар, енді міне біздің елді Чуркестан деп атап жатыр! Мәселе былай болған.
Әрі қарай

Шіркін life – 2

«Кәрістер мен түріктердің сериалдарын шаң қаптырып кеткен» /жүргізушілердің сөзінен/ осынау шоудың алдыңғы бөлімін тамашалап көрмеппін.Көрмедім дегенім өтірік айтқандық болар, үйдегілер асыға күтіп жүрген бағдарламаға бір-екі рет көз жүгірткеніммен көңілім толмаған еді. Арасында Қалдықыздың осы бағдарлама жайлы жазғандарын оқығаным бар. Бұл жолы қараған себебім, таңдалған ойыншылар /ойыншы дегенімді жөн санадым/ әскерде өздерін сынап жатыр деген соң қызықтырды. Өзім әскерде болғандықтан және келісім-шарт негізінде жалғастырғандықтан маған бұл тақырып қызықтырақ көрінді. Сонымен кешегі яғни 9-шы қаңтардағы нөмірін көргендегі ойларым.
Әрі қарай

Жаңа жылды Жезқазғандықтарша тойлау



Әңгімемнің әлқиссасы жаңа жыл һәм Жезқазған. (Достарым мен және жұбайыммен барғанымды ескерте отырып әңгімені өз тарапмынан айтсам деймін) Сонымен "Қарағанды-Жезқазған" автобусынан 30-ы күні кешкі ондар шамасында (22.00)түстім. Жолда байқағанымдай бұл жақта қар атымен жоқ.Таксиге отырып, группаласымның үйіне тарттым.Жол құны 300 теңге. Бұндай ақшамен біздің қалада екі аялдаманың арасында ғана жүресіз.Су тегін көрінгені соншалық вокзалға екі рет барып келгім келіп кетті.Көптен көрмеген группаласымның үйінен былқытып асылған етті жеп алып көшеге шықтық.Таксидің ішінде келе жатқанда да жаяу аралағанда да «жаңа жылдарыңызбен» деген құттықтаулар мен баннерлердің аздығына көзім жетті.
31-желтоқсан күні күндізден шықтық көшеге.Көшеде үш сағат жүріп 4 масты әрең көрдім.оның өзінде құлап жатқан жоқ.Жәй мас.Түс ауа Сәтпаев қаласындағы кластасымызға тарттық. Бұл жақтағы алаңға мұздан қала орнатып қойыпты. Кешкілік сол қалашықтағы алаңда мерекелік концерт болды.Бір байқағаным әндердің 90 пайызы қазақ тіліндегі әндер.Орысша әндерді жәй поппури ретінде кіргізіп отырды.Ырза болғаным соншалық әншілердің сахнасына шығып, бір-екі өлеңге қосылып билеп,ән айттым.
Қар жоқ деиесеңіз бәрі жақсы.Тек "қара суық қара нарды да құлатады"-деп атам қазақ тегін айтпаса керек.Жел өңменіңнен өтеді.
Жезқазғандықтардың айтуынша бұндағылар «Наурыз мейрамын» қатты тойлайды-мыс… Көрмеген соң айта алмаймын. Сөйтіп Жезқазғандықтарға жаңа жылда жаңа қар тілеп қайттым Қарағандыға.
Әрі қарай

Қол жинау

-Кешіріңіз, қарындас маған қолыңызды қойыңызшы…
-Баяғының жігітері, "қолыңызды қойыңызшы" демек түгілі қолдарын төсімізге сұғып жіберуші еді… Заманның азғаны осы шығар…
-Қарындас, сіз мені түсінбедіңіз.Мен мерзімімді ұзартайын деп едім…
Әрі қарай