Шіркін life – 2

«Кәрістер мен түріктердің сериалдарын шаң қаптырып кеткен» /жүргізушілердің сөзінен/ осынау шоудың алдыңғы бөлімін тамашалап көрмеппін.Көрмедім дегенім өтірік айтқандық болар, үйдегілер асыға күтіп жүрген бағдарламаға бір-екі рет көз жүгірткеніммен көңілім толмаған еді. Арасында Қалдықыздың осы бағдарлама жайлы жазғандарын оқығаным бар. Бұл жолы қараған себебім, таңдалған ойыншылар /ойыншы дегенімді жөн санадым/ әскерде өздерін сынап жатыр деген соң қызықтырды. Өзім әскерде болғандықтан және келісім-шарт негізінде жалғастырғандықтан маған бұл тақырып қызықтырақ көрінді. Сонымен кешегі яғни 9-шы қаңтардағы нөмірін көргендегі ойларым.
Жігіттер жағына жаға тіккізді. Әскерде сол ақ шүберекті «гондончик» деп атайды /кешірім сұраймын/.Бұндай жағаны «молодойлар» тағады уақыты келіп «дед» атанғандар ақ жаймадан қалың етіп тігіп алады. Айтарым, бұған 70 см жіп және ине беріледі. 2-3 минутта тігіп үлгеруің керек.Бірінші барғанда бәріне үлгердік демей-ақ қояйық.Дәл мыналар секілді 10 минут тігіп отыра алмайсың ол жақта.Артыңда сержанттар дік-дік етіп отырғанда отыру қайда. Нұрхан атты ойыншының жаға тіккеніне балл беріліп еді, қалғандары өздерінікін дұрыстап шыға келді.Ойын әскерде өтіп жатқан соң «приказ не обсуждается, а выполняется» дегендей қалғандарының жамырауы ұнамады.Асты-үстін тігіп үлгерген нұрхан болғандықтан балл соған ғана тиесілі еді. Ғаділбектің Нұрханның жағасын барып қарап, өзінікімен салыстыруы дұрыс емес.кім ол біреудің жағасын тексеретін? Ол да ойыншы. Ұтылғанын мойындау керек. Сол жерде ана біреуде/таңдап алынған қатысушы/ қыстырылысып кішкене боқауыз кетіп қалды-ау деймін.Армия ғой онсыз болмайд))) Бұл жерде Нұрхандікі дұрыс.
Қыздар жағы жаралы жауынгерге көмек көрсетті. Айгүл атты қыз орап жатса Айлан /оны танымайды да екенмін/ мен Жұлдызай /Шаншар, Алдараспан арқылы таныс/ оны жазғырып, қазақша-орысша араластырып камераға ойнап тұр.Жұлдызайдың орысшасы «ойлы-қырлы» ма дейм)))). Осы қылығымен кішкене жиіркеніш тудырды бойыма. Айгүлдің айтуы бойынша да өзі де айтты «Мен звезда емеспін, бірақ звездамын»деп. Индира Расылхан айтқандай осы сөзбен өз атын емес, керісінше танымалдығын көрсеткісі келді. Мына сөзін қалай түсінсем екен «Біз әскердеміз, бұрын келген үлкендер кішіге қысым көрсетеді ғой». Әскерге жарнамасының түрін. Әлімжеттікті ешкім тия алмаған және тия алмайтыны анық әскери ортадағы. Бірақ, ойыншылардың бәрі бір «призывтан» ғой. Біреуге үстемдік көрсететіндей жөні жоқ. Мысалы, мен 1984 жылғымын өз жасыммен бардым. Бірақ менімен қатар 1977 жылғы жігіттер таяқ жеген. Кейіннен 78-ші жылғы бір-екі жігіт алдымызға «дух» болып келген.
Маржан /шатаспасам/ атты қыз жылап отыр. Себебін Индираның «қыздар шыңғырмаңдаршы» деген сөзінен көріп отыр. Қатты айтты дейді. Бұл жерде Индиранікі дұрыс секілді.Шыңғырмау керек. Сапта тұрған жауынгерлерге «Таралыңдар» яғни «Разойдись»деген бұйрық келгенде, саптан 20-25 метр жерге шашылып кету керек. Осы жерде шыңғырып керегі жо шын мәнінде. Индираның бір қателігі Маржан жаралының аяғын орарда аузына Алласын алып «бисмілләсін» айтса, «не болды ойын үшін құдайыңа сыйынып»дегендей сөздер айтқан.БАҚ арқылы білуімізше Индира намаз оқитын әнші.Бұнысы жарамады.
Кезек шаш мәселесіне келді.Әскерге алғаш барған кезде тақырлап алдыратын үрдіс бар. Бірақ арнайы бөлмедегі шаш үлгілерін қарасақ алтынбектікіндей шаштар әскерге жарай береді. Оны алысқа ұзамай-ақ ағаларымыздың немесе әкеміздің әскери альбомындағы суреттерден де байқауға болады. Шаштарын алғызғандардікі дұрыс әрине, бірақ Маржанның тықақтап «Отанға деген сүйіспеншілік пен еркек екенін дәлелдеу» деген сөздері мен әрекетін түсінбедім. Оны шаш алғызту арқылы дәлелдей салу деген миға сыймайтын әрекет. Өзінің шашын алғызтып тастағанымен бірдеңені дәлелдегісі келді-ау деймін әлде өзіне көгілдір экран арқылы жарнама жасау дегеніміз дұрысырақ па?! Сөз соңында айтарым, дәл осы уақытта кәріс сериалы /тәрбиелік мәні бар жауынгерлік, патриоттық негіздегі сериалдары көп қой/ болса соны көрер едім.
Бөлісу:

2 пікір

TOTY
Алғашқы ауылда өткен варианты мынадан әлдеқайда жақсы,әрі қызықты еді. Осы жолғысы біртүрлі. Таңдап алған өнер жұлдыздары да мандытпады. Кешегі қылықтарынан кейін көрермендер тарапынан қилы көзқарас туындауы мүмкін. Жарайды, сіз сияқты Алтынбектің шаш алмағанын құптайтындар да табылар. Бірақ, жоба талабын орындауы тиіс еді. Мен Маржанды қолдаймын. Онымен қоймай, Алтынбектің бүкіл көрермен алдында микрофонды қолына алып, азамат басымен жүргізушімен базарда отырғандай сөз таластырғаны тіпті жиіркенішті көрінді маған. Сосын «ойлы-қырлы» орысшасы бар Жұлдызайға не жоқ,өзін “жұлдыз” санап. Бауыржан сабырлы қалпымен-ақ оны орнына қойғаны дұрыс болды. О заман да бұ заман кеңес дәуірінен бері келе жатқан өнер иелерінің, тіпті жастар буынан ең танымал Мейрамбектің, одан басқа да танымал әншілердің “мен жұлдызбын” деп камераның алдында кеудесін соққандарын көрмеппін. Қойшы, айта берсе,әңгіме көп сияқты. Жобаның келесі күнін тосайық…
chimaq
тоты мен келісем, алдыңғысы оте жақсы шығып еді, елдер шірік лайф деседе, ал бұл жолғысы не болып кетті, кейде коріп отырып озің ұйалып кетеді екенсың,қыздар салысып кетті, одан жігіттермен қыздар салысты,,,, ана алтынбектікі не екен деймін, аскерй ортаға келді екен тартіпке бойсынұ керек қой, айтбесе келмей ақ қойсын, маржан жарайды ,,, мықтылық корсетті, алтынбек шашын алғызбаған кұндеде тұрі келысып тұрған жоқ, стйлы ескі,қарапайым жұлдызға жараспайды ,, ана жұлызай дегенді білмейді екенбын, бірақ озін корсетұге бар кұшімен тырысып жатыр