Қысқы Олимпиада ойындары жайлы
Санаулы күндерден соң елімізде қысқы Азиада ойындары басталады. Осыны негізге ала отырып қысқы ойындарға тоқтала кетсем.
Жазғы не болмаса Қысқы Олимпиада кезінде тек көрсетілім ретінде ойналып, кейін шартты ойын ретінде кіретін ойындар болады. Менің бұл жолғы жазып отырғаным шарты түрде ойнағандар және көрсетілімдік негізде ойналып кейінірек тізімнен сызылып қалған ойындар.
Бәлкім менің білмей жазбай қалған ойын түрлері де болар, білгенімді сіздермен бөлісе отырайын.
1.Әскери патруль ойыны. Қазіргі биатлонның арғы атасы десекте болатын шығар. Ойыншылар мәреге жеткен кезде граната лақтыратын болған. Алғашқы 1924 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарынан бастау алған бұл ойынды 1960 жылы биатлон ауыстырды.
2. Допты хоккей. 1952 жылғы Ослодағы Қысқы Олимпиада ойындарда көрсетілімдік ойын ретінде ойналған.Әлі күнге шартты ойын ретінде кірмей келе жатқан ойын түрі. 2014 жылғы Сочидегі Қысқы Олимпиадада көрсетілімдік турнир ретінде ойналынбақ.
3. Скъёринг ойыны. Кәдімгі ат шананың орынына шаңғы пайдаланылатын ойын. Алғаш рет Стив Мориц атты азамат 1928-ші жылғы Швейцариядағы ІІ Қысқы Олимпиадада ойын ретінде көрсеткен. Кейін келе қауіптілігіне байланысты алынған дейді. Бірақта бұл ойын жарыстық негізде өткізіліп тұратын ойын.
4. Ит жегілген шанамен жарысу.Алғаш рет және соңғы рет бұл ойын түрі 1932 жылы Лейк-Плэсид (АҚШ) қаласында өткен ІІІ Қысқы Олимпиада ойындарында ұсынылды.Айта кетерлік жайт қашықтық 80 шақырымға созылған. Қазіргі таңда осы ойын түрін қайта енгізілу сұрағы туындап отыр. Бұл жайлы жануарларды қорғау ұйымдары да қарап қала қоймас.

Пікір жоқ әзірше