Дипломат
Мен мектеп табалдырығын аттағанда қай жылғы балалар мектеп бітіргелі жатқандығы толық есімде жоқ. Есімде қалғаны ол жылдары біздің мектеп 9 жылдық еді. Тағы бір есімде қалғаны 1977-ші жылғылар жоғарғы кластардың бірінде оқып жүретін.Шамасы осылар-ау деймін мектептің ең үлкендері.Себебі, бізді төбелестіріп қоятын да, өздері біреулермен төбелесіп жүретіндер де солар секілдітін қазір қарап отырсам. Мектептің қабырғасының әр жерінен «77 жаса»(типа, «Алға Қазақстан») деген ұрандарды оқып қалушы едік. Айтпағым бұл емес дегенменен.
Ия, біздердің мектеп бітіретін жылдарымызда мектепке пакет ұстап бару немесе түк ұстамай бара салу дәстүрге айналса ол кезде олай емес еді. Мектеп дәлізінде ерсілі-қарсылы жүгіріп жүретін біздер жоғарғы класс оқушыларының қолындағы дипломаттарға қызыға қараушы едік.
«Тезірек өсіп, осындай дипломаттар ұстасақ қой» деген арман әрқайсымыздың ішімізде жатушы еді. Қолдарына дипломат ұстап жүрді демесек олар да бала екен-ау ойлап отырсам. Кей-кейде әлгі бізге жігіт секілді көрінетін 77-лер де балалалыққа салынып қолындағы дипломаттарымен қыздардың арқасынан «ыңқ» еткізетін.
Сіздердің мектептеріңізде осындай үрдіс болды ма?
Суретке сілтеме
Әрі қарай
Ия, біздердің мектеп бітіретін жылдарымызда мектепке пакет ұстап бару немесе түк ұстамай бара салу дәстүрге айналса ол кезде олай емес еді. Мектеп дәлізінде ерсілі-қарсылы жүгіріп жүретін біздер жоғарғы класс оқушыларының қолындағы дипломаттарға қызыға қараушы едік.
«Тезірек өсіп, осындай дипломаттар ұстасақ қой» деген арман әрқайсымыздың ішімізде жатушы еді. Қолдарына дипломат ұстап жүрді демесек олар да бала екен-ау ойлап отырсам. Кей-кейде әлгі бізге жігіт секілді көрінетін 77-лер де балалалыққа салынып қолындағы дипломаттарымен қыздардың арқасынан «ыңқ» еткізетін.Сіздердің мектептеріңізде осындай үрдіс болды ма?
Суретке сілтеме



Мүйізатар дегеніміз Y іспетті ағаш бұтағына жіңішкелеп тіліп байланған белесебедтің камерасының және сол камераның екінші басына байланған былғары оқшантай. Қолы ұзындар медициналық жгуттан жасап алатын.Ондай қулардың атқан оғы алысқа кетуші еді.Оқшантайға былғары табудың өзі сор еді. Былғары сөмкеңнің ішкі жағынан кесіп аласың немесе бәтеңкенің тілі кетеді құрбандыққа. Ағаштан әдемі аша таба алмасақ қара сымнан сап жасап алып жүре беретінбіз. Әуелгіде бөтелке атып бастағанмен кейін келе торғайға оқ ататынды шығардық. Талай рет оқ тиген торғайдың жерде тыпырлап қиналғанын көріп жаным ашып кетуші еді. Бірақ балалық па ертеңіне тағы атасың торғай біткен үйіңдегі соңғы бидайыңды жеп кеткендей...Құдай күнаға жазбасын бұл балалығымызды. Одан іш пысқанда қойдың құмалағымен оқтап бір-бірімізбен атысамыз. Іштей ұнатпай жүрген біреуің болса кішкене тас салып атып жібересің, кейде сені де біреулер таспен атып кетеді…
Жеңгем, «Маған иттің бір уыс жүнін әкеліп бер. Мен сонымен ұшықтап жіберейін» деді. Есіме бірден түскен адам әлде ит көрші подъездегі сабалақ жүнді иті бар жалбыр шаш орыс болды. Салып ұрып жетіп барып, соның есігін қақтым. Жаман орысшаммен итінің бір уыс жүнін қиып беруін өтіндім. «Не, дружище, не могу. Я с этим другом уже 15 лет живу, не могу» дейд әлгі атаңа нәлет. Ол кезде әскери қызметтемін. Бір басыма жететін орысша-қазақша боқтықтың багажы әжептеуір болып қалған. Боқтап-боқтап шығып кеттім. Иттің жүнін іздеген бірінші күнім осылайша сәтсіздікпен аяқталды.