Құрманғазынікі кішкентай...

Ютубты қарап отырсаңыз тікелей эфирдегі жүргізушілердің, тілшіліердің күлкілі жәйттарға ұрынып қалу сәттері көп. Солардың тым болмаса бірін көріп қолтықтан кете күлген кездеріңіз болған шығар.
Біздің елімізде де ондай оқиғалардың орын алуы заңдылық. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрінің бір концертінде (қай жылғы концерт екенін біле алмадым) жүргізуші жігіт (аты-жөнін білмедім) сахнаға шығып, Құрманғазының «Кішкентай» атты күйінің орындалуынын хабарлауы тиіс болыпты.
Не шайтан түрткенін кім білсін әлгі жүргізуші сахнаға шығып "Құрманғазынікі кішкентай..." депті де жоқ болыпты. Отырған жұртшылық бір сәтке тым-тырыс қалып, артынша ду ете қалыпты дейді көргендер…
Бөлісу:

17 пікір

Abilakim
Болған оқиға кімге жақпай қалған?
Nurgisa
Құрманғазының кішкентайы!… жоқ, бұлай да болмайды екен…
Abilakim
Кішкентай Құрманғазы десе де болмайды.
kozildirik
Бір колонияға (түрмеге) концерт қойып барғанда әпенді әнші (аты есімде жоқ) «Жүгіріп шықтым белеске» деген әнді айтып беріпті деп естіп едім
sammita
«осы отырған отырыс бір ғанибет емес пе» деп па
Abilakim
біреулерге ғанибет болуы да мүмкін ғой
sammita
әншіге ғанибет емес шығар.
Abilakim
ол әнші шатысып сол түрмеге түссе кейінірек, ғанибетін шығаратын шығар
bakhyt
«отырғандарға» обал болған екен. мазақ еткендей тура! Еще билеп тұрып айтқан болар.
Zhan
Осы Құрманғазы туралы шалажансар бір анекдот естіпем. Құрманғазы консерваториясынан бір әртіс бір ауданның әкіміне «Сіздердің еліңізге концертпен барғалы жатырмыз» десе, әлгі әкім: «Телефонды Құрекеңнің өзіне беріңізші» депті.
Abilakim
оны мен де естіген ем
bakhyt
1 апрель күлкі күні деп 31 арна диктор Аскар Мендыбаевтың тікелей эфирда тоқтай алмай күлгенін көрсеткен еді.
AKY
Құрманғазыға "Үлкен" деген күй шығару керек еді.