Дипломат

Мен мектеп табалдырығын аттағанда қай жылғы балалар мектеп бітіргелі жатқандығы толық есімде жоқ. Есімде қалғаны ол жылдары біздің мектеп 9 жылдық еді. Тағы бір есімде қалғаны 1977-ші жылғылар жоғарғы кластардың бірінде оқып жүретін.Шамасы осылар-ау деймін мектептің ең үлкендері.Себебі, бізді төбелестіріп қоятын да, өздері біреулермен төбелесіп жүретіндер де солар секілдітін қазір қарап отырсам. Мектептің қабырғасының әр жерінен «77 жаса»(типа, «Алға Қазақстан») деген ұрандарды оқып қалушы едік. Айтпағым бұл емес дегенменен.
Ия, біздердің мектеп бітіретін жылдарымызда мектепке пакет ұстап бару немесе түк ұстамай бара салу дәстүрге айналса ол кезде олай емес еді. Мектеп дәлізінде ерсілі-қарсылы жүгіріп жүретін біздер жоғарғы класс оқушыларының қолындағы дипломаттарға қызыға қараушы едік. «Тезірек өсіп, осындай дипломаттар ұстасақ қой» деген арман әрқайсымыздың ішімізде жатушы еді. Қолдарына дипломат ұстап жүрді демесек олар да бала екен-ау ойлап отырсам. Кей-кейде әлгі бізге жігіт секілді көрінетін 77-лер де балалалыққа салынып қолындағы дипломаттарымен қыздардың арқасынан «ыңқ» еткізетін.
Сіздердің мектептеріңізде осындай үрдіс болды ма?

Суретке сілтеме
Бөлісу:

17 пікір

sigma
Керемет жақсы үрдіс еді ғой. Қарап, оқып отырмыз.
5 класқа дейін порфель ұстадым. Жарықтық қысты күндері шана қызметін де атқара беретін еді. Сәбеттің сапалы өнімі болар. Кейін жоғарыдағы керемет үрдіс бізге жетпеді. Пакет-сакетке көшіп кеттік. Кітапты тек 10 ай үйде сақтау үшін алатынбыз. 6 дәптер 1 қалам, бүктелген пакет пополам и то ол да ышқырда. Сонымен 11 тамам болды.
Abilakim
«школа» деген жазуы бар қоңыр сөмкем мықты еді. Қыста төбешіктен алдын қайқайтып алып сырғанаймыз ғой. Бір жолы дәптерлерімдегі барлық жазуларым еріп кетіп еді
Marco
Көрдік дипломат ұстағандарды. Бірақ, біздің кездің нағыз модасы противогаздың хаки түстес сумкалары еді.
daniyar
Папка ұстайтынбыз, ал дипломатты мен бастауыш сыныпта жүргенде жоғары сынптағылардың қолынан көретінбіз, бізге жетпеді.
AKY
біздің ұлдар пакет ұстайтын)
aza
Дипломат ұстаған жоқпыз… 82 жылғы ағам ұстады, маған жетпеді. Папка ұстадым. Әдемі былғары қара папкам болған, етжеңді кітаптарды апармайтын ем… Сабаққа оқулықтан дайындалмай, мұғалімнің айтқанын айтып беретін ем… Эхх, Дипломаат… 82 дегі Жалғау, Боранбай, Қасымхан, Әділ, Мақсаттар ұстайтын… Қызығатын едім
Daniar-Alan
пакет 8-сыныпқа дейін… онан соң кейде дәптер апарасың… кейде апармайсың…
Gastarbaiter
Ішқырлыққа қыстырылған «уобщи титраттың» арғы бетінде алгебра, бергі бетінде қазақ тілі, тағы кей жерлерінде физика, тарихтан конспектілер, ал ортасын енді әдейі бақылау/шығармаға керек болады деп жазбай сақтайтынбыз" деп қойсам.
Ниқұя, мен сөмке ұстадым иыққа салатын. Рюкзак екі лямкасының біреуін ғана иыққа салып, типі блатной боп Кітаптың бәрін қалдырмай салатынмын 
Біреумен ерегісе кеткенде, «Не нақ, ұсташ мә» деп сөмкені қасыңдағы біреуге бере қоясың да, парт -та-пұрт — Жо-а. Ойнап айтам, мектепте ешқашан герой болған емеспін, тек алгебрадан бақылау кезінде болмаса)))
asaubota
1993-1994 жылдары ұстадық дипломат. менде қоңыр дипломат болды
alisha
Ал менің портфелімде «Я на солнышке лежу» деп өлең айтатын тасбақаның суреті болатын… Жақсы көретінім соншалық, тұтқасы үзіліп қалып, оның орнына ағам өліп қалған итімнің қарғы бауынан жаңа тұтқа жасап беріп еді… Ех… сағындым
Zhan
Мектепте төменгі класта оқып жүрген кезде 10-11 сыныптың балдары мен мұғалімдер ұстайтын. Біз есейеміз дегенше дипломат келмеске кетті. Бірақ үйдегі дипломатқа күнделіктерімді, керекті газет-журналдарды салып қоятынмын. Сол дипломат әлі күнге дейін ауыл жақтағы үйде тұрған шығар.
alisha
Біздің ауылдағы үйде дипломаттарда документтер, квитанциялар сақталып тұрады
Abilakim
дипломат көбіне кімнің үйінде әскерден келген ағалары бар сол жанұяның балаларының қолында жүретін. Ол кездерде әскерге бармай қалу деген өте сиректін негізі
Gulistan
Менің Айбек деген кластасым осы дипломатты ұстап, ерекше көзге түскен. «Адвокат» деп лақап ат та қойып алдық.
ken
бастауыш класстарда советтік сумкалар ұстадым. сосын рюкзактар шықты. рюкзактан кейін пакетке көштім.
bake
Дипломат устаған ыңғайсыз көрдік, қазіргі кезді айта кетейін. Мүлдем қолына ешнәрсе ұстамай мектепке баратындар туралы. Бірінші категориядағылары дәптерлерін кластассы әкеледі белгілі себептермен, екінші категориясы дәптерлерін мектепке тығып кетеді
torgai
87-н. дипломатты көрмедім. Бірақ 20-ға толсам дәу жігіт боламын деген ой болғаны рас. Қазір 25-н, сол армандағы жігітке жете алмай жүрген сияқтымын…