Әскери шендер

Әскери адамдардң бір біріне бағыныштылығы шен арқылы, лауазым арқылы анықталады. ол жерде жасқа қарап силау деген жүре қоймайды.

Әскерилер сержанттар құрамы, офицерлер құрамы болып бөлінеді. Өз кезегінде офицерлер құрамы кіші офицерлер құрамы, аға офицерлер құрамы болып бөлінеді.

Сонымен, қатардағы жауынгер болып басталатын әскерилер ефрейтор атты сатыдан өтеді(бұл өзі бұрынырақта әскерде «позорный» шен болып саналатын.«Лучше иметь дочку проститутку чем сына ефрейтора» деген қанатты сөз болушы еді). Қысқасы ефролар «аузы ұрылған солдат, болмай қалған сержант».
Кіші сержанттан басталатын сержанттық құрам, сержант, аға сержант, старшина болып кете береді. Бұрынырақта прапорщик деген шен бар еді ҚР ҚК қатарынан ол шен сызылды қазір оларда сержанттық құрамның ішінде аға сержанттан кейін рота сержанты, батальон сержанты, бригада сержанты деп кете беретін лауазымдар бар, осы лауазымына қарай погонындағы сызықтары да көбейе береді.
Қатардағы жауынгердің пагоны таза болады(чистый погон-чистый совесть).
Ефрейторда бір сызық-

кіші сержантта екеу, сержантта үш сызық.
Аға сержант- жуан жалпақ бір сызық.
Старшинаның сызығы көлденеңінен жалпақ бір сызық болушы еді,қазір жалпақ бір сызық оның жанына жіңішке сызықтар қосу арқылы рота сержанты, бригада сержанты дегендей лауазымдармен шендерін өзгертті. Сәйкесінше старшина деген атауда өзгерді. Жалпы сержанттар құрамына шолуымыз осымен аяқталсын.

Кіші офицерлер құрамы лейтенанттан басталып капитанмен аяқталады. Кіші лейтенант деген де бар, бірақ ол көбіне ІІҚ кездеседі. Әскерилердің арасында лейтенантқа сөгіс беру арқылы пайда болмаса бола қоймайды ондай шен.
сонымен, лейтенант иығында екі кішкене жұлдыз және сол жұлдыздардың астында жіңішке бір сызық

Аға лейтенант үш жұлдыз, капитан төрт жұлдыз(звездный мальчик, ең жұлдызы көп шен).
Майорда үлкен бір жұлдыз және жұлдыздың астында сәл жуандау екі сызық.
Подполковник-көлденең орналасқан екі жұлдыз, полковник аға лейтенанттың жұлдыздары тәрізді орналасқан үлкендеу үш жұлдыз.

Генерал деген кімдер. Әскерде «Генерал -это не звание а счастья» деген ұғым бар.Екінің бірі жетпейтін бақ әскерилер үшін. Бұлардың жұлдыздары үлкенен де үлкен дәу жұлдыздар.Соқырлардың өзі көреді десек әсірелеген болармыз негізі. Генералдар да генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-полковник болып кете береді.
Қызығы жәй офицерлерде майор лейтенанттан үлкен болса, генералдар арасында генерал-майор генерал-лейтенанттан кішілеу болып келеді.Бұл жерде жұлдыздар саны рөл ойнайды. Маршал деген болады оның шенінде елтаңба тұруы тиіс. Бұл біздің Бас қолбасшымыз іспеттес.
Бөлісу:

17 пікір

patick
лібәдтің, жаттап алу керек деп жүргем өзім, жақсы болғанын қарашы, сауболғыр
sammita
Барып қайт балам, әскерге биыл барып қайт,
Көзіңмен көріп, қолыңмен ұстап біліп қайт:))
edige
«Подполковникті» қазақша атауымен атаса болмас па екен
Abilakim
Погонның шетін айналдырған сызықтың түсі де өзіндік мәнге ие.Оны кант деп атайды.Ол кант әскерилердің шалбарында да болады. погон канты қызыл болса ҚР ҚМ қарасты әскер яғни жаяу әскер, механикаландырылған бригада да болуы мүмкін, жасыл болса ҚР ҰҚК Шекара әскері(мен осы шекара саласында атқардым екі жылдық міндетті әскерді), көк болса(аспан түсті)әуе қорғаныс күштері.
qisyq
Рахмет, осыны бір тауып, қарау керек еді деп жүр едім.
omarbirat
Бұрын естіген бір әңгіме:
Подполковник шенін жаңадан алған бір офицерден жолдастары «Как тебе под полковником?» деп сұраған екен дейді :)))
a63a1
Қанымды ішіп жіберді бір фото қоямын деп! Ақыры қойылмады
aues
paidaly info jaraisin Abil aka
Dinara
Әбіләкім, рахмет.
Тура маған керек екен, көшіріп алайын ;) Келесі айда Отанымыздан әскерилер келе жатыр екен осында, алдын ала ақпарым болу үшін өте өте жақсы болды. Әйтпесе іздеп отыратын едім бір күн қалғанда осыларды :)
sigma
Генералский составты жазбаған екенсін.
Генерл-мойор, генерал-лейтенант, генерал-полковник тсс
генерал-лейтенанттан генерл-мойор үлкен деп бәстесетін де жігіттер бар осы
Abilakim
/Генерал деген кімдер. Әскерде «Генерал -это не звание а счастья» деген ұғым бар.Екінің бірі жетпейтін бақ әскерилер үшін. Бұлардың жұлдыздары үлкенен де үлкен дәу жұлдыздар.Соқырлардың өзі көреді десек әсірелеген болармыз негізі. Генералдар да генерал-майор, генерал-лейтенант, генерал-полковник болып кете береді.
Қызығы жәй офицерлерде майор лейтенанттан үлкен болса, генералдар арасында генерал-майор генерал-лейтенанттан кішілеу болып келеді.Бұл жерде жұлдыздар саны рөл ойнайды. Маршал деген болады оның шенінде елтаңба тұруы тиіс. Бұл біздің Бас қолбасшымыз іспеттес./

Осы соңғы абзацта жазған секілді едім.Оны неге офицерлер құрамына кіргізбегенімді әскери тілмен түсіндірдім-ау деймін
sigma
погондарын суретін айтам,
VKM
офицеры, офицеры, ваше сердце под прицелом....
Мен генералға дейін ғана біледі екенмін.
ademi_alem
Рет-ретімен жүйелеп жақсы жазыпсыз!
Abilakim
аңда-санда солай жазатын едім бұрындары
ademi_alem
Қазір де солай жазасыз. )))))) Бірақ осы тақырып нағыз керек инфо.