Керзі етік

Ауылдағы ат үстінде жүретін ағаларымыз қысы-жазы аяқтарынан керзі етігін тастамайды.Ондағылары аяқтарын үзеңгі қажамас үшін болар бәлкім. Бірақ, менің айтпағым басқа еді.
Бала кезімде маған да керзі етік сатып әперді. Өзіміздің елде шыққан. Табанында «ЖАМБЫЛ» деген жазуы бар, жоғарыдан төмен қарай жазылған. Сірә, Жамбыл жақтағы аяқ киім фабрикаларының бірінен шықса керек. Не керек, жап-жаңа етігімді киіп алып сыртқа шықтым. Үлкендер анадай жерде соғымға жылқы сойып жатыр. 6-7 жасар кезім. Қарға түскен ізіме мәзбін. Анықтап қарасам табанымдағы жазу қарға анық түспейді екен. Үлкендер жаққа жүгіріп бардым да «Менің етігімнің астында жазу бар. Сол қарға толық түспейді „АМБЫЛ-Амбыл“ деп қана түседі» дегенімде үлкендердің неге бұттан кете күлгенін кейін түсіндім.
Бөлісу:

17 пікір

ErNur
Бұл етікті мал жайлауга киіп аласың, сабаққа да кие бересің жылтыратып кіремдеп алып. Тебісіп ойнағанда керім болатын еді.
a63a1
Бұл етік етік едіғой, жүн нәскидің сыртынан шұлғау орап алып жыртыласыңғой қораға, бұның тобық тұсы тез қажалып қалатын
direct
Мдаа, қызық болған екен)
Бізде балдармен төбелескенде осы керзіні киіп шықсаң бітті — қарсыласыңның духы отырып қалатын еді, себебі қарсыласыңа тигізген керзінің жарты тепкісінің өзі жеңіске жетуіңе біраз септігін тигізеді)))
Zhan
Менің атамда болатын. Ата үйде ұйықтап жатқан кезде қаладан келген жиен сіңлім бар, сол екеуміз қызық көріп киіп көрдік. Екеуміз де кішкентаймыз, ары кетсе 2 класс па оқимыз. Кисек ауыр, зілмендей екен. «Мә, мынаны атам қалай киіп жүр? Ауыр ғой» деп ойланғам. Кластас балдардың да көбі төменгі сынып кезінде осыны киетін. Қыс кезінде мектептің алдында осы керзі етіктерімен сырғанайтын, бір-бірін шалып құлатып жататын.
direct
Қыс кезінде мектептің алдында осы керзі етіктерімен сырғанайтын, бір-бірін шалып құлатып жататын
Уо уо, керзі етік деген сырғанауға рәсә жақсығой)
Марқұм ағам мектеп оқитын кезінде керзісіне конькиды қағып алып, сонымен біраз көшелерді аралап достарымен сырғанап қайтушы еді.
Aldeken
Мамамның әңгімесінен:
Марқұм әкең, ауылда тұрғанымызда көршінің оқу оқымаған, үй шаруасындағы келіншегін көрсетіп, әзілдейтін. «Ой, Тәке, негізі оқуды босқа оқығансың. қазір қарашы алатын айлығың 80 сом, аяғыңа 120 сомның етігін киюің керек. Ана көршінің әйелі сияқты оқымасаң, жылына бір рет аяғыңа 9 сомның керзі етігін алып берем, жазда көшенің шаңын шығарып, қыста қарын боратып, жүре берер едің» дейтін.
TOTY
Сол етіктерді әкелеріміз жылдап киетін еді ғой, сапасы жақсы болатын
TERISKEY
81 жылғы Секебайдың ләңгі ойындағы жеңімпаздығына өз үлесін қосатын бірден бір осы етік еді
salta
мен папамның керзі етігін киіп алып, ләңгі тебуге талпынғанмын, омақата құлап, керзі етігіңді де, ләңгіңдісссс дегем…
izbasar
Қазір Қытайдың керзілері базарды жауалп алыпты. Сен бақытты екенсін (Ж)амбылдан киіп алған
shimaibek
Қазір Қытайдың керзілері...
Бұл кезіндеее болған оқиға көрінеді ғой…
Abilakim
Қазіргі керзілер картон тәрізді езіліп кетеді
Gastarbaiter
Есімде, жекпе жекке шыққанда, «Керзі етігіңді шешпесең шықпайм» дейтіндер болатын.
omarbirat
Асық ойнағанда пақанының керзі етігін киіп шығатындар да бар еді
Abilakim
табанымен өлшеуге жақсы еді.