Ислам — дін. Бірақ дінді уағыздау мен дінді өлшем құралы ретінде пайдаланудың айырмашылығы көп сияқты.
Қазір бір журнал туралы мәлімет іздеп отырып, Намыс.кз сайтындағы мына мақалаға тап болдым: «Жұлдыз» деген кім?
Бұл мақалада жұлдыз сөзіне былайша түсініктеме беріпті:
Жұлдыз деген Аллаһ Тағаланың жаратқан бір кереметі. Сондай қара аспанды нұрландырған кереметке не жетеді. Ал сондай кереметке кей адамдар өздерін теңеп әуре.
Қой болсын олармен. Үнемі негативтерді айтумен, зар илеумен келе жатқан Намыс.кз бірде "Қазірге жастардың өздерін өлтірулеріне Памперс кінәлі" деген мақала да жазды. Ешқандай дәлел, дерек жоқ. Содан кейін ол сайтқа қол қойып, виртуалды түрде «Сұрықсыз сайт» деп мөр басқанмын.
Тақырыпқа оралсам, қазақ тілінде бір сөздің бірнеше (тура, ауыспалы) мағыналары болады. Мысалы: қол сөзінің мен білетін мынадай мағыналары бар:
1) адамның қолы,
2) әскер;
3) көмекші,
4) автограф.
Сол сияқты жұлдыз сөзінің де мынадай мағыналарын біледі екен:
1) аспан денесі,
2) адамның есімі
3) танымал тұлға (көбіне өнер саласында).
Ал енді Намыс.кзге (дәлірек Нұрқанат НҰРДӘУЛЕТҰЛЫна) сенсек, менің осы сөз туралы түсінігімнің үшіншісі Ислам діні бойынша жақсы понятие емес екен. Өйткені жұлдыздарға тек сахабалар жатады екен. Ал әнші-бишілерді жұлдыз деуіміз, жұмсартып айтсақ, адасушылықтың жеңіл түріне жатады екен. Өй, құсқырбайлар епті.
Бүгін Жұмыс біткен соң, жаттығуларыма өзгеріс енгізбек болғанмын. Алдында Жоғары Интенсивті Тренинг Стероидсыз Бодибилдинг — деген бір кітапты түсіріп алып, ішіндегі жаттығу жүйелерін сынап көрмек болдым.
Сол кітапты оқып бастағаннан, «сен жаттығудан құсқың келетіндей күйге түсіп көрмесең, сен нағыз тренингтің не екенін білмейсің» деген екен.