Қандай мейрам?

Блог - botakoz: Қандай мейрам?
Бүгін бір қызық болды. Осыдан бірнеше күн бұрын құрбым: «21 қараша — дүниежүзілік әжетхана күні екен» деді. Содан барлығымыз күлдік. Ендігі кезекте, әжетханаға да бір күнді беретін болған ба деп ойладық. Сол құрбым бүгін таңертең көрген уақытта қалжыңдап мейрамыңмен дейді. Содан ол сөз өз арамызда қағытпа қалжыңға айналып кетті. "Әжетхананы құттықтап, сыйлық апаратын екен" деп әзілдегендер де болды. Бұлар ештеңе емес қой, ғаламторға, әлеуметтік желілерге кірсем құттықтау сөздер, мейрамдарыңызбен деген сөздер толып жүр. Ең соңында инстаграмға кірсем бір қолданушының суретінің астындағы сөзге көзім түсті. «мейрамдарыңмен!» деп сурет жүктепті. Басында мынауысы несі әжетхана күні де кәдімгідей аталып өтетін болған ба деп қоям ғо. Содан сурет жүктелді, қарасам теледидар. Ең қызығы, бүгін телевизия күні екен ғой!
Мемлекетіміздің телевизия саласындағы қызметкерлері мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қыстай қатты денсаулық, көктемдей жайнаған өмір, жаздай ыстық махаббат, күзгі жапырақтардай көөөп идеялар мен тың ойлар тілеймін!!! Барлықтарыңызға Алланың нұры жаусын!
Әрі қарай

Мүшейра! Жүлде - қолма-қол 10 000 теңге!

«Көзден кеттім» ©monti
"Құлақтан қайтып келдім" ©СаянҮш



Жер-мақанды басып жүргелі неше түрлі әнек естіп жүрміз. Бірақ айтушылар әдетте күлдіреміз деп алып, жылатып қояды. Немесе күлдіруге уәде беріп, өзі күледі. Бірақ "қазір күлесің нақ!" деп алып
Әрі қарай

Хахаха!!Хехехе!Хихихи!


***
Бір жігіт қызға сүйетіндігін білдіріпті.
— Мен сені Ләйлі мен Жібектен бетер сүйем.
— О, арам-ай. Менен де бұрын қыздарың болған екен ғой.
***
Жұмыстан мас болып оралған күйеуіне әйелі айғайлай бастайды.
Күйеуі:
— Маша, сен айтатыныңның бәрін қағазға жаза салшы, мен оны таңертең тұрғанда оқып аламын.
***
Қыз жігіттен:
— Менің туылған күніме қандай сыйлық жасайсың?
— Үлпілдеген бетіңнен сүйемін.
— Ал, мен рұқсат бермесем ше?
— Онда жүре бер сыйлықсыз…
***
Екі еркектің әңгімесі:
— Сен көшеден әдемі келіншек көрсең, ең бірінші қай жағыңа қарайсың?
— Жақын маңда әйелім жоқ па екен деп жан-жағыма қараймын.
***
Әйелі күйеуін жерден алып, жерге салып жатыр. – Оңбаған, ит, қасиетсіз… Кетемін бұл үйден. Билетке ақша бер. Шешеме барамын…
Күйеуі ақша ұсынады.
— Оңбаған, ал қайтар жолға ше?..
***
Қызы үйіне телефон шалып: — Әке, мен күйеуге шықтым, — дейді.
— Ештеңе білмеймін, кешке үйде болатын бол.
Әрі қарай

Актриса Фаина Раневская


«Кто бы знал мое одиночество? Будь он проклят, этот самый талант, сделавший меня несчастной...» Ф.Раневская

Қазір анекдотқа айналып кеткен біраз әзілдер орыстың мықты актрисасы Фаина Раневскаяға тиесілі. 88 жасқа дейін өмір сүрген ол ойындағысын бүкпесіз айтатын, мінезді адам болған. Жақында оның өмір жолы туралы әдемі кітапты оқыдым. Мынау содан аударылған бірнеше әзіл
Әрі қарай

Әлем хуйлық хертегілері: Гүржі хертегісі

Сігейнвали ауылында хуйгілі Шопақ Дұрыстабөли көшесінде бір гүрзін шал қарағайдың бұтағына асылып өліп қапты. Айқыш-ағашты мұсылманша қағып, намазын христианша оқып жатқан Молда, ой тойыс Асаба, өлікке жиналған қауымға былай деп жепТ:

— Солай
Әрі қарай

Тоны айналған өлең

Қарағандылық ақын Бағдат Мүбәрәк әріптесі ақын Серік Сағынтайға өз өлеңін оқып тұр дейді:
Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың
Қыз мұңайса басады, ұлды уайым
Шашеке*, шақшамыз бос, ақшамыз жоқ
Жарытпай-ақ қойды ғой бұл Құдайым.

Сол жерде осы өлеңді Секең былай өзгертіпті:
Ақ қайың, қызыл қайың, сырлы қайың
Қыз мұңайса басады, ұлды уайым
Шашеке*, шақшамыз бос, ақшамыз жоқ
Бізді де оңдырмады бұл Гүләйім*.

Шашеке-Шашубай. Аққайың әнінің авторы
Гүләйім-Серік ақынның жұбайы
Әрі қарай

Кішкентай елдің "ҮЛКЕН АДАМДАРЫ"

Ютюбті ақтарып жүріп, КВН-нің Премьер-лигасында ойнаған ҚБТУ командасының құрамында Бішкектің КВН-шілері де ойнағанын біліп едім. Опшым, ҚБТУ командасының жартысы өз елдерінде «Большие люди» деген әзіл-қалжың бағдарламасын ашып алыпты. Солардың ютюбке шығарылған әзілдерін көріп, риза болып, соны Интернетке салған Шиваалтықолыменарқасынамассажжасапбергірлерге респект айтып отыратыным бар :)

Әрі қарай