Нәуірзек, тырна, қарлығаш


Атам мен апам да, басқалар да Қарлығашты ең жақсы құс деп айтты. Бізге солай сіңірді. Содан ба біз оған ерекше ыстық ықыласпен қарадық, тиіспедік. Әсіресе, көктемде нәуірзек, тырна сосын қарлығаштың келетінін асыға күтіп жүретінмін. Осы үшеуін өзге құстарға қарағанда ерекше жақсы көрдім, бір мен емес ауылдағы барлық балалар жақсы көретін.
Әрі қарай

Қарлығаш адамнан неге қорықпайды?

“Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” деген мультфильмді көбіміз көрдік. Соның да әсері бар, басқасы да бар, осы кішкене бір құсты барша қазақ жақсы көреді. Шыны керек, осы қарлығаштың адамға үйір әрі жақын екендігі мені таң қалдырады. Өзіңіз ойлап қараңызшы, басқа құс атаулы адамдардан қорқып, үркіп қашып жүрсе, қарлығаш керісінше адамдарды паналайды. Үйіңнің ішіне үйін салып, балапандарын қанаттандырып ұшырады. Одан қалса, сарай, қора т.б. дегендей. Адамдар да оған тиіспейді. Мысалы, наурызек, тырна, шымшық, кептер т.б. құстарың адамға жоламайды ғой. Олардың үркіп тұрғанына қарап, адам мен адамзат атаулы соншалықты қатігез, қорқынышты ма екен деп те ойланып қаласың. Сол кезде, адамдардың мейірімді екенін, олардан барлық уақытта жамандық шықпайтынын басқа құстарға осы қарлығаш қана дәлелдеп жүргендей көрінеді де тұрады маған. Астанада кептерлер адамнан онша қорқа бермейді. Қу тамақ не істетпейді дейсің? Кейде саябақта, Минфиннің алдындағы фонтанда шемішке шағып отырсам, кептерлер сенің айналаңнан үйіріліп шықпай, пістенің қалған дәнін таласа-тармаса жеп жүреді. Оларға да “Қойшы, байғұстар, аш жүр ғой” деп шемішкеңмен бөлісесің. Бірақ, олар қарлығаш сияқты сенің жақсы екеніңді дәлелдеу үшін емес, қу тамақ үшін жаныңа жақындап келеді. Білмеймін, осыны не үшін жазып отырғанымды… Ауылымды сағынғам-ау, шамасы. Отпускада барып келем ғой, ауылға… Сол кезде қарлығаштар туралы арнайы репортаж жасап келмесем
Айтпақшы, ауыл деп қоям, біз ауылдан көшіп кеткелі біраз уақыт болды. Кемпір-шалды (атам мен апам ғой) қоярда қоймай қыздары мен күйеу балдары қалаға көшіріп әкелген. Мен Астанада едім. Сол кезде атам кетерінде қара шаңырақпен, оның есігімен, табалдырығымен қимай жылап қоштасыпты. Оны естіген кезде жаман болдым. Атам арқылы дала қазағының тас қалаға амалсыз көшіп келе жатқан рухының азалы үні мен күйін естігендей болдым. Бірақ, амал қанша, жағдай солай болып тұр.
Әрі қарай