Нәуірзек, тырна, қарлығаш


Атам мен апам да, басқалар да Қарлығашты ең жақсы құс деп айтты. Бізге солай сіңірді. Содан ба біз оған ерекше ыстық ықыласпен қарадық, тиіспедік. Әсіресе, көктемде нәуірзек, тырна сосын қарлығаштың келетінін асыға күтіп жүретінмін. Осы үшеуін өзге құстарға қарағанда ерекше жақсы көрдім, бір мен емес ауылдағы барлық балалар жақсы көретін.
Себебі, тәрбие, ұғым солай. Тырнаны пәс ұшса үлкендер “О, биыл арзаншылық болады” деп жорамалдап, биік ұшса, “Биыл қымбатшылық болады” деп айтып жататын. Үлкендердің үрейін көріп тұрғаныммен мен онша саса қоймайтынмын. Бұлар (тырналарды айтып тұрмын) бір оқу орнын бітіріп келген жоқ, не бір жерге жиналып алып зерттеу жүргізген жоқ, жердегі адамдардың саясатында, қырылысып жатқанында, баға нарқында не шаруасы бар бұлардың? Бар бәлені істеп отырған адамдардың өздері ғой, осы апамдар то есть үлкендер қызық” деп таңғалатынмын. Сөйткен, тырналар расымен қиқулаған күйі аулымыздың төбесінен ұшып өтіп кететін. Олардың соңынан неліктен қимай қарап тұратынымды қазір де білмеймін. Мүмкін, балалық сана түкпірінде қуаныштың да, өмірдің де жалт етіп өте шығатынын сезіндіретін көрініс болғаннан кейін бе…

Ауылда ақпанның соңғы қары кете қоймаса да дір-дір еткен күйі ең бірінші болып нәуірзек келеді. Аяғы шидей, өзі кіп-кішкентай болса да сүп-сүйкімді, пысық құс. Үшінші болып қарлығаш келеді. Ол келісімен там салуға (ұя) кіріседі. Бір күні қарлығаштардың үй салу әрекетін ерінбей зерттедім. Мәссаған, не деген еңбекқорлық. Әуелі Қарекең (қарлығаш) біздің мал қорадан орын сайлап алды. Сосын тұмсығымен түйірдей ғана сазбалшықты біртіндеп тасыды. Оны кішкене шөптің қураған қиқымдарымен өріп шықты. Арасында жүн-жіп, қыл-қыбырды да шымды бекітіп ұстап тұру үшін әкеліп байлады. Бейнетқорын-ай. Ұясының балшығы кеуіп дайын болған соң жұмыртқа басып шығады. Сосын бала-шағасын асырайды. Оны ұшуға үйретеді. Үйдің алдында тұрған электрдің, басқа да заттардың ұзын сымдарына балапандарын тізіп отырғызып қояды. Таңертең ерте тұратын да, шырылдап ұйқыңның шырқын қашыратын да осы қарлығаштар. Сонда да сол қарлығашты жек көре алмайсың.

Соның бәрін күніге көріп жүресің, бір күні олар жоқ боп кетеді. Балалары есейіп, екінші периодқа дайындалады екен. Оларды да жетілдірем дегенше күз де келіп жетеді, қарлығаштар жылы жаққа қайтады. Бірақ, дәл қайда баратыны маған әлі күнге дейін жұмбақ. Өзімше ішімнен “ары кетсе Индияға немесе мына тұрған Тәжікстан мен Өзбекстанға баратын шығарсыңдар” деп жорамалдап қоямын. Тырналар да көктемде қалай қиқулап келсе, күзде солай қиқулаған күйі ұзатылған қыздай сыңсып олар кетіп бара жатады. Туу, қандай әдемі көріністер. Бүкіл режиссерлар жабылып жүріп түсіре алмайтын табиғи кадрлар, то есть құдайдың тегін ұсынған өз киносы.Сағынып кеттім, сол кездерді. Енді міне, тырна мен қарлығаш тұрмақ, аспандағы жымыңдаған жұлдызға қарайтын мұрша жоқ қалада тыпыңдап жүрісіміз мынау…
Бөлісу:

21 пікір

a63a1
ауылда жарысатынбыз кімнің қорасында қарлығаштың ұясы көп деп
Aldeken
Фром Инфинити ту вокзал қайда?????
Zhan
Өлә, күтіп жүр ме едіңіз…  Шытырман оқиға керек қо, бірдеңе жазу үшін. Вампир, зомби или атыс-патыс, төбелес дегендей. Фантастикалық бір шимай жазсам ба екен а әлде
Aldeken
ия, сондай бірдеңе құрастыра салыңыз, әйтпесе, шынымен не болғанын жазсаңыз, Марко тошно ушівөліп кетер… сезімүшбұрышынссс
Marco
кети, Жан мені секссимвол деп қойған уже!)))
Aldeken
кейде ондайды аяушылық сезіммен де айтады, если шо…
salta
біз мақтанатынбыз біздің үйге қарлығаш ұя салды деп… Жансая, рахмет
Zhan
Саған да рахмет. Если че осы жазбаны қосуға сенің Your text to link... жазбаң түрткі болды
KILYZAMAN
Тырнаны пәс ұшса үлкендер “О, биыл арзаншылық болады” деп жорамалдап, биік ұшса, “Биыл қымбатшылық болады” деп айтып жататын. Үлкендердің үрейін көріп тұрғаныммен мен онша саса қоймайтынмын. Бұлар (тырналарды айтып тұрмын) бір оқу орнын бітіріп келген жоқ, не бір жерге жиналып алып зерттеу жүргізген жоқ, жердегі адамдардың саясатында, қырылысып жатқанында, баға нарқында не шаруасы бар бұлардың? Бар бәлені істеп отырған адамдардың өздері ғой, осы апамдар то есть үлкендер қызық”
… Егін еккен ауылдың(аймақтың) өздеріне НАН, өзгеге сатса пұл — ұны болады, екпегендердің еккендерге қараған күні боладыны меңзегендері ғой…
KILYZAMAN
Мынаны
екпегендердің еккендерге қараған күні боладыны меңзегендері ғой…
ашыңқырасақ, дәні жоқ ауылдың Тырна үшінде дәмі жоқ
Zhan
Біздің ауыл бір жылы бидай ексе, бір жылы жоңышқа егеді. Қырман, егістік жерлер көп.
дәні жоқ ауылдың Тырна үшінде дәмі жоқ
болуы да әбден мүмкін.
Marco
Күшті!) Шынымен, жүректен шыққан әңгіме екені көрініп тұр. Жазу үшін жазылған шығарма емес.
Құстарды қатты жақсы көрсең Жак Перрен деген француздың «Птицы» деген деректі фильмін көруді ұсынамын.
Zhan
О, рахмет, жақсы инфо.  Уже іздестіріп жатырмын.
KILYZAMAN
Халық арасында Тоқтыбалақ кейінірек Дуадақ аталып кеткен құс жайлы қазақша дерек аз
Marco
Дуадақты Тоқтыбалақ деп атайтынын бірінші рет естіп отырмын. Мүмкін, бұл құс біздің жақта мекен етпейтіндіктен шығар…
KILYZAMAN
Ол енді сол бір ашашылық замандағы халықтың қойған аты болса керек...(Жеке ойым)
Abilakim
біздің жақтарда кездесіп қалады бірен-саран
KILYZAMAN
Әбекесі — тақырып!!!
Abilakim
Көктемде былтырғыдан қалған қарлығаштың ұясын күнде тұра салып қараушы едім.«Келді ме екен ?» деп…
araika
тырна мен қарлығаш тұрмақ, аспандағы жымыңдаған жұлдызға қарайтын мұрша жоқ қалада тыпыңдап жүрісіміз мынау…
Иә, аспанға емес, жерге көп қарайды екенбіз