Орта статистикалық азаматтың экономика туралы ойы немесе Қазақстан жасаған қадамдарға деген алаңдаушылық.

Блог - Kydyr-taudyn_balasy: Орта статистикалық азаматтың экономика туралы ойы немесе Қазақстан жасаған қадамдарға деген алаңдаушылық.
Бір-екі күнде төл Теңгеміз тағыда құнын жоғалта бастады. Қарапайым ел азаматы ретінде алаңдау сезімдері туындайтыны сөзсіз. Жалпы сөз қозғайын деп тұрғаным бұл жайлы емес негізі. Осы тектес жаңалықтар тізбегін ашып отырып Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктер арқылы алтын құймалар сатылымға шығарып жатқаны туралы ақпаратқа көзім түсті. Алғашқы ойым шынымды айтайын жақсылықтан хабар бермеді. Экономика саласынан хабарым жоқ болсада неге екенін білмейм бұл әрекет маған қатты ұнамады. Кезінде естігенім оқығандарымды еске түсірігенімде бірнеше ой миыма түсе кетті. Алтын қоры қаншалықты көп болса соншалықты мемлекеттің экономикасы қауқарлы болады, әлемнің ірі мемлекеттері барынша алтын қорын ұлғайтуға тырысып бағуда, АҚШ-тың құдыреттілігі, Доллардың үстемдігі, кәзіргі Қытайдың алпауыт болуы осы алтын қорының көлеміне байланысты деп те есуім бар еді. Бір ойым алтын қоры мен құйма алтындардың сатылуында байланыс жоқ шығар депте ойладым. Дегенмен мемлекет қордағы алтынды сатпағанда басқа қайдағы алтын сатылуы мүмкін. Бұ әрекет түсіндірілген шығар деп бірнеше сайттар мен мақалаларды оқып бағуға тырыстым дегенмен бұл әрекеттің ұтымдылығы немесе тиімділігі жайлы толық түсіндірілген ешқандай ақпарат таппадым өкінішке орай. Тек қалай іске асатындығы немесе ол пайдалы дегені жалпылай жазылыпты. Онсызда екі ойлы болып, мемлекетке деген сенімі азайып жүрген, кез-келген заңға үлкен күмәнмен қарайтын біздің мемлекеттің халқы үшін бұл ақпарат қандай сезім тудырды екен. Ішінде мен секілді алтын қорының ерекше маңызы жайлы оқып алғандар болса тағыда әлеуметтік желілерде айғай шу наразылық болатыны сөзсіз. Мен мемлекеттің бұл әрекеті дұрыс шығар деп ойлаймын, себебі ол жеде білікті мамандар, мықты экономистар отырғаны сөзсіз. Дегенмен басты кемшілік дұрыс түсіндірілуде деп ойлаймын. Дұрыс түсіндіру жұмыстары жүретін болса халық күмәннан айырылып қана қоймай сонымен қоса сол құймаларды сатып алып немесе басқада шаралар арқылы белсене қатысар ма еді. Осындай жағдайда халық сенімі мемлекетке жоғарылар ма еді.

Сенім демекші сенім өте құдыретті ұғым. Халықтың билікке сенімі тұрақты экономика мен әлеуметтік тұрақтылық сияқты мемлекет өркендеуінің басты кепілі екені анық. Дағдарыс уақытындағы халық сенімінің маңыздылығы жайлы бір-екі мысал келтіре кетсем. 1997-1998 жылдардағы Азия елдеріндегі ірі дағдарыс кезіндегі Оңтүстік Корея мемлекетінің халқы көрсеткен сенім күші біраз елге үлгі болуы керек деп ойлаймын. Мемлекет алтын қорын толтыру үшін халыққа өтініш айтқан болатын "Қолдарыңыздағы бар алтын бұйымдарыңызды мемлекетке сатыңыздар" деп артынша Кореяның ақшасы таусылып «Ақшаларыңызды уақытында міндетті түрде қайтарамыз» деген уәде берген болатын. Халық бірден банктер мен ақша айырбастау пунктері алдына ұзақ кезектерге тұрып алтын бұйымдарын тапсыруға ұмтылды, тіпті жұмысына асыққан кейбір Корей азаматтары қолындағы бар бұйымын кезектің алдына қарай лақтырып, ақшаларын алмастан кете берді. Осы әрекеттер нәтижесінде Корея 250 тоннаға жуық алтын жинап алды, кейіннен халыққа қарызын пайыздық үстеммен қайтара алған болатын. Одан кейінгі Кореяның экономикасы өркендеуі тек жақсы бағытта болды. Корей экономистерінің айтуынша дәл сол уақытта халық сенім білдірмегенде Корея экономикасы толық құлдырымға кететін еді. Тағы бір мысал 2015 жылдардағы Биржалық тоқырау сәтінде Германия, Италия және Греция азаматтары Банктерге ағылып ақшаларын талап еткен болатын. Банктегі ақша азайып кетсе не боларын кез келген азамат өте жағсы білуі тиіс, осының алдын алған жоғарыдағы елдер өз азаматтарына екінші деңгейлі Банктер құлдырауға ұшыраса мемлекет ақшаны толықтай қайтарады деп уаде етті, халық сенді және мемлекет бұдан зардап шекпеді.
Менің ойымша халық пен мемлекет арасында сенім әсіресе осындай уақыттарда өте маңызды. Себебі эконоимканың тұрақтылығына халықта мүдделі, себебі өмір сүру сапасы тікелей соған қатысты болып табылады. Осы елдің азаматтары секілді мемлекеттің антикризистік шараларын қолдағын-ақ келеді, әттен біздің билік сенімді емес қой. Қарапайым істеп жатқан «дұрыс» әрекеттерінде түсіндіріп бермейді.
Сонымен достар маған алтын құймаларды сатылымға шығарған қаншалықты тиімді екенің түсіндіріп бере алатын адам табылама. Айтпесе орта статистикалық Қазақстан азаматы үшін бұл өте түсініксіз. Не де болса оңынан болсын дейік басқа не дейміз...
Әрі қарай

Досың қандай болса, сен де сондайсың

Блог - Marco: Досың қандай болса, сен де сондайсың

Көп векторлы саясат деп күпінеміз ғой көп жағдайда. Бірақ шындығында бізден тараған векторлардың ішіндегі аса салмақтысы Ресейге қарай бағытталған. Бұл біреуге ұнар, біреуге ұнамас (демократия, ше), мәселе онда емес. Осыдан екі ай бұрын Ақордада Путинді қабылдаған Назарбаев Ресей Қазақстанның стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін атап өтті. Дегенмен бұл дипломатияда ең көп айтылатын тезис екеніне де дау жоқ. Бірақ жұрттың бәріне бірдей жағу тағы мүмкін емес. Таңдайтын кездің келіп қалғанын түрік-орыс кикілжіңінің өзі-ақ аңғартып отыр. Түріктікі артық болды демедік пе күні кеше. Морт кетпегенмен Анкараның томсырайып қалғаны анық.
Әрі қарай

Медиумнің 12 досы: Девальвацияландырылғандықтарымыздан...

Ашығын айтқанда, сүйкімсіз тақырып. Сіздерге қазнет, тіпті уорлднеттегі осы термин жайлы ақпарат ағымы, жаңалық лентасы аз болып жатыр ма? Білмеймін, менде аздап аллергия бұған…
Маған жоба ұйымдастырушылары пост орнына үлкен әлдененің суретін салуға рұқсат еткен жоқ. Ал мен сұрадым, ескерттім… «Сапалы контент, жауапкершілік», бла-бла… Бірақ қалай түсінбейсіздер, мен не жазсам да, қалай жазсам да, алдыңғы идея секілді дөп, қысқа, көркем жеткізетін дүние таба алмаймын. Жарайды, мен тырысамын.
Әрі қарай

Эльвира Ерғалина. Біз қандай телесериал көреміз?

Блог - kaztube: Эльвира Ерғалина. Біз қандай телесериал көреміз?
Блогер Эльвира Ерғалинаның кезекті видеосы шықты.
Бұл жолы Эльвира елімізде көрсетіліп жатқан телесериалдар туралы видео түсірген екен. Бұл видеода отандық сериалдар мен шет елден сатып алынатын сериалдардың айырмашылығы, еліміздің экономикасына тигізер зияны туралы айтады. Шетелдік сериалдардың арқайсысын нешеге сатып алынады, отандық сериалдардың әрбір сериясы нешеге түсіріледі сол туралы айтылады.
Қымбат ақшаға сатып алған шетелдік сериалдардың елімізде тигізіп жатқан зияны қандай, сол туралы да кішігірім зерттеу жүргізеді.
Видеоның астында «Ескерту! Бұл видеода айтылатын отандық сериалдарды түсіруге кеткен сома нақты емес, қателесуіміз де мүмкін» деген ескертпесі де бар. Көріңіздер
Әрі қарай

Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы

Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Ақпарат әлемді билейді. Ақпаратты таратудың әртүрлі технологияларының дамуы біздің планетамызды үлкен «ауылға» айналдырғандай және бізді ол «ауылда» шынымен не болып жатқаны қызықтырады, дегенмен, сол болып жатқан жағдайлар туралы басқалардың не жазып, не айтатындығы одан сайын қызықтыра түсетіндігі шындық.
Біздің жетістігіміз бен өз өмірімізде қаншалықты алға жылжығанымыз санамызға қандай ақпаратты саралап енгізгенімізге байланысты.
Ақпаратқа ие болғандар әлемді билейді. Осы сөздің дәлелі ретінде австралиялық интернет-журналист, хакер Джулиан Пол Ассанжды (Julian Paul Assange) келтіруге болады. Wikileaks сайтын құрушы Ассанж 1971 жылы шілде айының 3 күні Австралияда дүниеге келген. Үлкен көлемде шпиондық жанжалдар, биліктің жоғары эшелонындағы жемқорлық, әлемдік державалардың дипломатияларының «жасырын» тұстары мен әскери қылмыстары туралы құпия құжаттарды көпшілік назарына жариялаған. 
Мемлекеттік құпия құжаттарды жариялау қылмыспен теңеледі. Және бұл үшін бас бостандығынан айрылатынын, тіпті өміріне де қауіп төнетінін біле тұра Ассанж осы «батырлығын» қалай және не мақсатпен жасады?
Wikileaks сайты өз жұмысын 2006 жылы бастаған екен. Алдағы уақытта қандай деңгейде жұмыс жүргізетінін білген Ассанж негізгі сервердің «үйі» Швеция болады деп шешті. Себебі, бұл ел журналистерге деген түзу ниетімен танымал. Сайттың басты ерекшеліктері: Интерфейс қарапайым және түсінікті, белгілі техникалық білімі жоқ адам да жеңіл қолдана алады; кез-келген адам өзіне белгілі болған құпия құжаттарды еш кедергісіз сайтқа жібере алады; криптографиялық технологияларды қолданудың нәтижесінде ақпарат жіберуші толықтай жасырын түрде қалады (анонимно) және оған ешқандай қауіп-қатер төнбейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары ретінде құжаттар Wikileaks сайтына шықпас бұрын порталдың барлық серверлеріне көшірме жасалып, бір уақытта шығады. Нәтижесінде ақпарат қай жерден жіберілгенін анықтау мүмкін болмайды. 
Джулиан Ассанж Wikileaks сайтымен шектелмей, Ауғанстандағы соғысқа қатысты 100 мың, Ирактағы соғысқа қатысты 10 мыңдай құжаттарды баспасөз беттеріне де жариялауға берген. Олардың қатарында «әл-Жазира», «The Guardian», «Der Spiegel» және «The New York Times» секілді газет редакциялары бар. 
Бұл құжаттарды жариялау бұқара халыққа осы елдерде ғана емес, әлемде не болып жатырғанын жақсы түсінуге көмектеседі деген болатын Джулиан және ол қолында Пентагонның 15 мыңға жуық құпия құжаттары бар екенін де мәлімдеді. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Бүгінгі таңда Ассанж Лондондағы Эквадордың елшілігінен саяси баспана алып, сонда отыр. 2013 жылдың тамыз айында Wikileaks сайтында 400 гигабайттық құпия материалдарға сілтеме салынған. Бірақ, құжаттар құпия кодпен сақталған. Құпия код  Джулиан Ассанжға немесе Wikileaks сайтының негізгі өкілдеріне қауіп төнген жағдайда жарияланады делінген.
Жасаған істерінен сөз бостандығын қалыптастырып, әлемде әділдік орнату, адам құқығын қорғау, құпияларды жариялау арқылы басқарушы элитаны «аяғын аңдап басуға» итермелегендей көрінеді. Алайда, бір емес, бірнеше әлемдік «айдаһарлардың» құйрығын басқан бір адамға барлығы жүріп қарсы тұра алмағаны қалай деген заңды сұрақ туады. 
Интернет-журналистің АҚШ-тан бастап, көптеген батыс елдерінің мемлекеттік «құпия» құжаттарын жариялап, қылмыс жасағанына қарамастан, оны халықаралық арнайы қызмет органдары іздеу салып, ұстай алмай жүргендігіне сену қиын. Wikileaks сайтында жарық көрген құжаттардың көпшілігінің АҚШ-қа қатысы бар. Америка Құрама Штаттары бәріне белгілі көп мөлшердегі ақшалай ғана емес, адами ресурстарымен, хакерлерімен, ұлттық қауіпсіздік агенттіктерімен қалайша бір сайтты жауып, жұмысын тоқтатуға күші жетпей отыр?
Джулиан Ассанж Остинда өткен технологияны дамытуға арналған South by Southwest халықаралық конференциясында Skype арқылы сөз сөйлеп, «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік агенттігі мен Ұлыбританияның мемлекеттік байланыс орталығы біздің планетамызға «тыңшылық» жүргізетін болады, себебі, бұл бағыттағы олардың мүмкіндіктері 1,5 жыл сайын екі есе өсу үстінде» екенін мәлімдеді. 
«Әрбір адамды бақылау мүмкіндігі көп ұзамай шындыққа айналады, бұл алдағы бірнеше жылда шешілетін мәселе» деді Ассанж. Сонымен қатар өз сөзіне «біз жаңа тоталитарлық әлемге аяқ басып келеміз, Сталин немесе Пол Пот кезіндегідей емес, әрине,  тоталитарлық-тұрақты бақылау жүргізу мағынасында» дегенді сенімді түрде қосып айтты [1]. 
Америкалық лингвист, философ, саяси аналитик – Ноам Хомский өзінің зерттеулерінде «БАҚ көмегімен адамдарды басқарудың 10 әдісін» келтірген болатын [2]. Солардың ішінде «бірте-бірте енгізу» мен «адамдар туралы олардың өздерінен де көп білу» әдістері бар. Америка Құрама Штаттарының арнайы бақылау агенттіктері адамдарға бақылауды күшейтпесе, әлсіретпейтіні анық. Дүние жүзі бойынша көптеген мемлекеттер мен адамдар арасындағы ақпараттық-коммуникациялық байланыстарды, интернет желісіндегі процестерді, смс-хаттамаларды, пошта жәшігі арқылы хат алмасуларды, ұялы телефондармен сөйлесулердің барлығын бақылап отыратындығын, жазылып, сақталатындығын 2013 жылы Американың арнайы агенттіктерінде жұмыс жасаған Эдуард Сноуден мәлімдеген болатын. Онымен қоса «PRISM», «X-Keycore», «Tempora» сынды жобалар туралы да құпия құжаттарды жариялауға берген. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Әскери адамдарға «бұрынғы» деген сөз қолданылмайтыны белгілі. Ал Сноуден сынды арнайы қызмет өкілдерін «бұрынғы» деп айтуға тіптен келмейді. Қандай «қылмыс» жасаса да оның бір себебі, анық «миссиясы» бар. Сноуденнің «миссиясы» Американың әлемге бақылау орнататындығы туралы «құлаққағыс» ретінде тұспалдап көрсету, аудиторияны соған дайындау немесе осы арқылы алдын ала қоғамның реакциясын біліп, саналарына судай сіңіргісі келген шығар. Бұл ақпарат интернет арқылы бұқараға тез жетіп, таралып, уақыт өте келе қалыпты жағдай ретінде қабылданатын болады. Осылайша Ноам Хомскийдің БАҚ арқылы басқарудың бірінші әдісін байқауға болады.
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Екіншісі, «адамдар туралы олардың өздерінен де көп білу». Жоғарғы «система» адамдардың физиологиясымен қатар психикасы туралы да өте көп мөлшерде ақпарат жинап, басымдыққа ие болды. Ақпараттық технологияның дамыған заманында интернет, әлеуметтік желілер арқылы бұқара халық туралы әр түрлі бағытта деректер жинақталады. Олар Facebook, Twitter, Instagram т.б. тіркелу кезінде (аты-жөніңіз, суретіңіз, телефон нөміріңіз, айналысатын кәсібіңіз), қолдану кезінде (күнделікті суреттеріңіз, немен айналысатыныңыз, қызығушылықтарыңыз, GPS арқылы әрдайым жүрген жеріңіз, ой-пікіріңіз) тағы да басқа әркімнің өзі жазған ақпараттары арқылы қолданушының психикасын толықтай зерттеп біледі. Ал адамның психикасын білу дегеніміз – сол адамның қоршаған ортадағы болған оқиғаны түсінуін, елестетуін, қабылдауын, ерік, сезімін білу деген сөз. Психиканың жоғары нысаны – адам санасы. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адам санасы басқарылады деген сөз. Адам санасын басқару – күштеп емес, адамдарды «саналы» түрде өзіне тиімді жаққа бұру, керек іс-қимылдарға итермелеу. 
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы
Байқап қарасақ, тарихы тереңде жатқан АҚШ-қа Wikileaks сайтында жарияланған «құпия» құжаттар ешбір кесірін тигізбейтіндей. Құжаттар қатысты болған мемлекеттік өкілдер не жазаға тартылып, не өз орнынан түсті дегенді естімедік. Сноуденнің мәлімдемесінен кейін АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттіктері мен барлау орталықтары «бақылауын» тоқтатты деп ешкім айта алмайды. Тарихта бірнеше рет кездесетін «ақпараттың жайылып кетулері» Американы басқалардың алдында одан сайын күшті қылып көрсететіндей. Әлемді мысымызбен басып отырмыз дегендей пиғылдарын үсті-үстіне дәлелдей түсетіндей.
Ресейлік жазушы, журналист, саяси сарапшы Д.Ю.Лысков pravda.ru сайтындағы жарияланымында былай дейді: «Wikileaks жеке мақсаттармен жасалған дүние ме, әлде АҚШ мемлекеттік департаментінің қаруы ма?» деген пікірталаста басы ашық тұрған нәрсені назардан шығарып аламыз, ол – Wikileaks-тың АҚШ тапсырысымен жасалғандығы.
Алайда, Wikileaks-ты кім жасағаны маңызды емес. Джулиан Ассанж бен оның ең басты ақпарат берушісі Бредли Меннингтің оқиғалары шынайы ма, әлде ойдан шығарылған «аңыз ба», оған ешкім ешқашан нақты жауап бере алмайды. Себебі, қандай жағдай болмасын күмән болуы заңдылық» [3]. 
Ең бастысы бірнеше жыл ішінде ғаламторда әлемнің назарын өзіне аудартқан ақпараттық ресурс таралды. Бұл ақпараттық ресурс ғаламшарымыздың көптеген мемлекеттерімен қатар, экономикалық аймақтарының да саясатына айтулы өзгерістер әкелді. 
«Тек бір ғана нәрсеге сенімді бола аламыз, яғни, ештеңеге ақи-тақи сенімді болмау керек» — деп Үлкен Плиний айтқандай [4], бұл ақпараттық ресурсты кім шығарғанын нақты айта алмаймыз. Оның мұндай жұмбақтығы оған тағы да күш қоса түсетіндей. Қалай болғанда да Wikileaks ақпараттық қоғамда әлемдік деңгейде көрініс берген ең ықпалды ақпараттық қару ретінде тарихқа енгені анық.
Блог - RaimbekRamazanov: Wikileaks немесе БАҚ арқылы басқару мысалы

(Суреттер интернет желісінен алынған)

Мені
twitter: twitter.com/Raiymbek94
Facebook: www.facebook.com/raimbek.ramazanov?ref=tn_tnmn
желілерінде оқыңыз. Рахмет!
Әрі қарай

Биылғы жылы 130 петропавлдық отбасы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы бойынша пәтер алды.

Блог - ramakitaec: Биылғы жылы 130 петропавлдық отбасы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы бойынша пәтер алды.
23 желтоқсанда «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Қадырхан Баймұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Владимир Балахонцевпен кездесті. Әңгіме «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасын іске асыру жайында өрбіді.
Әзірге Петропавлда 130 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды (55 адам Бағдарламаның «Азаматтардың барлық санаттарына арналған» бағыты бойынша, 75 қоныстанушы «Жас отбасы» бағыты бойынша).
Дегенмен, жергілікті атқару органдары, — жыл соңына дейін Бағдарламаның тағы 90 қатысушысы өздерінің меншікті баспанасының иесі атанады, — деп сендіріп отыр. «Петропавлда ҚТҚЖБ қызметтеріне сұраныс үлкен», — деді Балахонцев, сондықтан біз қазір қазақстандықтар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысын арттыру мәселесін белсенді қарастырып жатырмыз.
2014 жылы ҚТҚЖБ петропавл филиалы және жергілікті атқару органдары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 357 салымшысын пәтермен қамтамасыз етеміз деп ниеттеніп отыр (138 адам Бағдарламаның «Азаматтардың барлық санаттарына арналған» бағыты бойынша, 219 салымшы «Жас отбасы» бағыты бойынша). Ол үйлердің құрылысы қазір басталып та кетті.

Бүгінгі таңда ҚТҚЖБ «Қолжетімді тұрғын үй-2020» Бағдарламасы аясында өз салымшыларына 25 жылға дейінгі мерзімге төмен пайыздық мөлшерлемемен (5%) тиімді талаптар ұсынуды әрі қарай жалғастыруда.
Әрі қарай

Қазақша саяси полемикалардың бейшаралығы

Саясатпен айналысып, қандай да бір объективті шешімге келе алатын халықтардың тізімі:
Англосаксондық елдерден: АҚШ, Ұлыбритания, Германия.
Латындардан: Бразилия.
Қысықкөздерден: Қытай.
Түркі әлемі: Түркия.
Араб әлемі: Катар.
Ерекше жағдай: Иран.

Әрине қаззақтар, бірден өкпелерің қара кастрюльдей бов шыға келдіңдер. Типінақ, «немене, мен
Әрі қарай

Экономика негіздері. Адамдар қалай бір-біріне әсер етеді.

Экономиканың келесі үш қағидасын бірге «адамдар бір-біріне қалай әсер етеді» (how people interact, жақсы варианттар болса қабылданады) деп аталады.
  • Нарық әркімге пайда әкеледі. Нарықта сауда-саттық жасау адамдар үшін өте пайдалы. Керекке байланыстыратын болсақ пікір жазу мен пост жазуды негізгі алуға болады. Егер қолданушылар тек пікір жазумен немесе тек пост жазумен айналысып кетер болса сайт дым қызықсыз болар еді. Алғашқысында маса.кз секілді өсек орнына айналса, келесісінде энциклопедияға айналып шыға келеді. Демек пікір жазып, әрі пост жазып отырсақ біз үшін қызығырақ болып шығады.

    Немесе біз күнделікті дүкеннен керекті заттарымызды сатып аламыз. Сол керекті заттарымызды өзіміз өндірсек не болар еді? Біріншіден оған біздің мүмкіндіктеріміз шектеулі болатын еді және оны істеуге уақытымыз да тапшы. Екіншіден бұлай жасау бізге тиімсіз. Өз қажеттіліктерімізді толық қанағаттаныдыра алмаймыз. Сондықтан өзімізге ыңғайлы әрі тиімді жұмысты орындай отырып өзгелермен сауда жасауымыз керек.


  • Нарық көбіне экономикалық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың жақсы жолы. Кеңес үкімет кезінде жұмысшылар тек мемлекеттің тапсырмасын ғана орындады. Үкімет оларға нені қай көлемде өндіру керек екенін белгілеп беріп отырды. бұндай жабық экономика көп ел үшін тиімсіз екендігін көптеген экономистер айтып кеткен.
    Қазіргі экономикада нарығында кім нені өндіретінін, фирманың қай нарыққа кіретіндігін өздері шешеді. Осы жерде @balzaminka айтқан Адам Смиттің «көрінбейтін қол» теориясы туралы айта кетсек. Фирмалар және хаусхолдтар нарықтың «көрінбейтін қолы» арқылы бір-бірінің сұраныстарын қанағаттандырады.

  • Мемлекет кей кезде нарыққа әсер етеді. Экономикалық әрекеттерді орындауда нарық жақсы жол болғанымен кей кездері бұл теория жүзеге аспай қалады. Мемлекеттің нарыққа әсер теуіне негізгі екі нәрсе — сан және сапаға байланысты. Көрінбейтін қол өнім өндірудің санын артырады. Бірақ кей кезде бұл да өз қызметінен жаңылып қалады екен. Экономистер бұны «нарықтың құлдырауы» деп атайды. Бұған себеп жеке тұлғаның әрекетінің өзгеге әсер етуі. Мысалы, химия зауыты өздері шығаратын шығынның ақысын өтемейтін болса мемлекет шектеулер қоя алады. Нарықтың құлдырауына себеп болар келесі бір нәрсе ол «нарық күші». Нарық күші — бір немесе бірнеше адамның нарық құнына әсер ете алуы. Осы жерде монополия деген ұғымға кезек береміз. Монополяның кесірінен көрінбейтін қол қызметінен жаңылып, мемлекет нарыққа араласуына тура келеді.
Әрі қарай

Экономика негіздері. Кіріспе

Экономика — гректің «oikonomos» — «жеке шаруашылықты/үй шаруашылығын басқаратын тұлға» деген сөзінен шыққан(«one who manages a household» дегенді аударған түрім). Бір қарағанда экономика мен хаусхолд екеуі байланысты секілді көрінбеуі мүмкін. Дегенмен күнделікті нанды кім пісіреді, отты кім жағады деген нәрселер үй иесінің назарында болуы секілді қоғам әрбір нәрсе үшін шешім қабылдауы керек.
Әрі қарай

Мода терминдер туралы

Тәуелсіздік алғалы бері жаманы бар жақсысы бар жиырма жылдық тарихты жазып тастаған екенбіз… Тәуелсіздік алған жылдан бұрынғы бір жиырма жылды алып қарасақ (яғни 1970 жылдар, бұл жиырма жылдық қазақтың халық ретінде алған белесі орасан зор, бұл туралы кейін тағы жазармын — автор), қырық жылдың ішіндегі қазақ халқының өзгерісін көруге болады..180 градусқа бір бұрылыс болғаны анық… Кеңестік үлкен идиологияның орнын, үлкен капиталистік идиология басты… Бір өкініштісі бұл жаңа дәуірдің идиологиясында, қазақтың құндылықтарына көңіл бөлетін, қазақтың басын біріктіріп, бір халық, жұмылған жұдырық ететін бір бастамаға орын берілмеген екен…

Баршамыз, Қазақстанда екі түрлі халықтың өмір сүріп келе жатқанын білеміз… Бұған етіміз үйреніп кетті..Өкініштісі, атқа мінер азаматтардың негізгі бөлігі, үкіметтік биліктің құрамын құраушылар, қазақтық құндылықтарға біраз алыс қалғандар болып шықты… Себебі қазақтың ең негізі құндылығы болып келетін – қазақ тілінде сөйлеуге, қазақ тілін үйренгу талпынып көрмеді… Көргендерде бар шығар… Олар бірең-сарңдардың қатарын құрайды…

Бұл мәселенің бір жағы…
Әрі қарай