Кино көріп үйренуге үш қадам. Киберпанк жанры, «Матрица» кинобаянның үштігі жайлы

Бірінші қадам. Көбінде киножанр әдеби жанрмен анықталады. Кейде киносын көрмей жатып әдеби нұсқасын оқуға кеңес беріледі. Кеңеске жүгініп, киберпанк жанрындағы жазылған әңгімені оқи бастадым. Рецензиясында ең танымалы делінген. Танымалы болса да, маған жақпады ма, аяғына дейін оқып тауыспадым. Қайдағы бір қараңғы, бүлікке толы заман сипатталады. Бас кейіпкер заңға қарама-қайшы немесе заң бұзылатындай шекте қимылдайды. Сонда жанрдың қызығы неде? Аяғына дейін қызығын күтіп оқи түсуім қажет пе еді?
Танымал дегені көпшілік оқырман мазмұнын ұнатқанында болар. Неге жанрды қабылдамадым? Сондықтан жанрды түсінуге екінші рет бел байладым.

Екінші қадам. Осы жанрға қатысы бар-ау деген киноны қарап көрдім. Әдеби және кино нұсқасында жанр өзін қалай ашатынын салыстырмақшымын. Кинода баяндалатын оқиға болашақта орын алады. Технология, соның ішінде ақпараттық технология, кибернетика — дамыған қоғам. Сонымен қатар әлеуметтік құлдырауды және «әлеуметтік құрылымның» айтарлықтай өзгерген құрылымы сипатталады. Технологиялық дамудың шарықтауы және қоғамның құлдырауы бір-біріне қарама-қайшы жағдай, керісінше, технологиялық даму жоғарылаған сайын қоғамның әлеуметтік жағдайы дұрысталуы керек емес пе? Жанрды байқап, түсінгенім осы.
Үшінші рет жанрды түсінуге әрекет жасауымды Википедиядан бастадым.
Үшінші қадам. Киберпанк сөзін жанрдың атауы ретінде Гарднер Дозу алғашқы рет қолданыпты-мыс (1980-ші жылдары). Уильям Гибсонның шығармасына рецензия жазғанда, «High tech. Low life» «жоғарғы технологиялар, төменгі деңгейлі тұрмыс» деп жанрдың критерийін анықтапты.
Содан ой түйдім. Киберпанк жанры ғылымның, техниканың мүмкіншіліктерін көрсетеді. Сондықтан фантастика жанрының бір құрама бөлігіне айналды. Яғни, Дозудың критерийіне сай келген фантастиканың бір түрі. Ұмытып барамын. Түсініксіз болған әдебиет, кино жанры Киберпанк маған өз сырын ашты. Қуанғандықтан, «мен көрген кино» дей бере:
-Ең танымалы, культті кино, яғни, өз қалаушылары және табынушылары бар «The Matrix» (Матрица). Киноны түсірген режиссерлер Лана және Эндрю Вачовски («Вачовски ағайындылары» атымен белгілі жұп).
Кино келесі сюжеттен басталады. Бас кейіпкеріміз — жас жігіт Томас Андерсон екі түрлі өмір кешеді. Күндіз үлкен кәсіпорынның программалаушысы, түнде Нео атты хакер. Бір уақытта дербес компьютеріне түсініксіз, орынсыз, күтпеген жерден:

-The Matrix has you (сен матрицаға тиесілісің), — деген жазуды оқиды. Осы сәттен шым-шытырық оқиға басталып, жалғасын табады.
Кейіпкеріміз жиырмасыншы ғасырдағы адамзаттың дамуының ең шарықтауына жеткен мезеттегі дамыған қалада өмір кешеді. Бірақ, бұл әлем — кейіпкеріміздің нағыз әлемі емес, компьютер жадысындағы, яғни, матрицадағы әлем. Кейіпкеріміз ұйқылы-ояу жағдайда.
Жасанды интеллект, Архитектор атты программа осы виртуальді әлемді матрицада жасап шығарады. Сонда нақты өмір қайда? Виртуальді емес, нақты жер бетіндегі адамзаттың өмірі ше?
Аспанды қараңғы бұлт басқан. Жердің бетіне күн сәулесі нашар өтетін болашақ заман. Машиналар және адамдар соғысында күн батареясы арқылы қуаттанатын машиналардың жұмысын тоқтату үшін адамдар ашық аспанды қолдарымен қара бұлтпен торлайды. Бірақ, бұл амалдары машиналарды тоқтатпады. Адамзаттың кішігірім бір бөлігі жер бетін басқан машиналардан қашып, жердің қойнауына жасырынады. Енді жер беті адамзаттың бесігі емес. Жер бетін машиналар билеген заман. Өзге адамдар бар ма? Бар. Олар инкубаторда ұйқылы-ояу кейіпте өсіріледі. Күн көзінің қуатынан айрылған машиналар адам денесінен қуат алуды меңгеріп, инкубатор жасайды. Инкубатордағы адамдардың миы жүктемеге -«компьютерге» қосылған. Жүктемеге қосылған ми денеге көп қуат бөледі және инкубатордағы дененің дамуына ықпал жасайды.

Бас кейіпкеріміз -инкубаторда өсіп жатқан адамның бірі. Инкубатордағы әр адамның миы матрицаға қосылған. Олардың әрқайсысы матрицада өзін жеке тұлға деп қабылдап, кәдімгі өмірдегідей бір-бірімен қатынасады. Үйленеді, үй-ішін бала-шағаға толтырады және қартайып өледі.
Инкубаторда өсіп жатқан әр адамның миы матрицамен тығыз байланысқаны соншалықты, мысалы, матрицаға қатысты біреу-міреудің өмірі тоқтаса, онда оның инкубатордағы денесі жансызданады.
Нақты әлемде машиналарға қарсы адамдар партизан шайқасын жүргізуде. Сырттан жасырын келіп, матрицаға (компьютер жадысына) қосылу мүмкіншілігі адамдардың жеңісіне үміт береді. Адамзаттың азаттыққа деген күресі матрица ішінде виртуальді әлемде басталады.

Кинода бір-бірімен оңай түйіспейтін күрделі сәттер бір-бірімен сәтті тұтасқан.
«Матрица» (1999) киноэкрандарға шығып «Матрица қайта жүктеу» (2003, мамыр), «Матрица революция» (2003, қараша) деген атаулармен жалғасып, кинобаянның үштігін құрады.
Өкінішке орай, фантастиканы жанр ретінде қабылдамаймын дегендер де табылды. Жұмсағын да, қаттысын да. Киберпанк жанр ретінде қабылдамаймын деп асығыс шешім қабылдағандардың арасында өзім де болдым. Киберпанк сөзі екі сөзден тұрады, осы сөздерді дәлме-дәл аударсаңыз, кибер-қоқыс деген сөз шығады. Жанрдан жиіркену үшін осы да жеткілікті шығар. Киноны үстіртін, алғаш көргенімде, атыс-шабыстарды жаңаша көрсетіп, арзан көрермен жинайтын кино деп қабылдағанмын. Қателесіппін. Әрине. Матрица киносында атыс-шабыс баршылық, атыс-шабыс тек негізгі сюжеттің әрлеуі, негізгі мазмұны «технократиялық коллапс және адам».
Әрі қарай

Мен көрген екі кино. Экшн. Фантастика, психология, драма

Совет киносын көріп өскен жасөспірімге жаңашылығы мол АҚШ кинолары қатты әсер қалдырды. Ең алғаш көрген кином фэнтези немесе фантастикаға сай болғанмен, өрбитін оқиғасы атысқа толы. Оқиға оңтүстік Америка джунглиінде орын алады. Бас кейіпкері джунглиге түскен десант, супер-кейіпкер АҚШ-тың әскерінің арнайы дайындықтағы жауынгері. Қарсыласы фантастикадан, атыс-шабысдан және үрей тудыратын кино жанрларынан жинастырылған бас-аяғына дейін қаруланған дене бітімі адамдай, басы құбыжықтың өзі шошырлықтай тіршілік иесі. Азаматтылығы бөгде ғаламшарлық. Қосымша мүмкіншілігі: қоршаған ортаның түстерімен тұтасып көрінбейді. Сондықтан джунглиде көзге түспей қозғалады.
Блог - bake: Мен көрген екі кино. Экшн. Фантастика, психология, драма
Супер-кейіпкер онымен тіке күрес жүргізуге шамасы жоқ, көпке жетпей жеңілетіні анық. Күреспеу де мүмкін емес. Өзі тиіседі, тиеді. Аңшы орнында бөгде ғаламшарлық. Аңшының жемтігі адам. Жеңіс — өмір, жеңіліс — өлім. Бас кейіпкер тапқырлыққа, күшке, қолындағы қаруға, бойындағы мінезіне сүйенеді. Қарсыласымен бірнеше рет шайқасқан соң оны байқап, танып-біліп, түбінде жеңіске жетеді.
Кинодағы костюмдер, арнаулы эффектілер — жеке әңгіме. Бас кейіпкерді Арнольд Шварценеггер сомдайды. Қазір 67 жастағы шал, 7 жыл Калифорния штатының губернаторы болған. 1987 жылы Predator/Жыртқыш киносы экранға шыққанда, 40 жастағы актер. Дене бітімі актерлер арасында кувалда балғасындай, культурист.
Блог - bake: Мен көрген екі кино. Экшн. Фантастика, психология, драма
Атыс-шабыстан жалықтырады. Екінші рет экшэн жанрындағы киноны көрсең, көбінде алғашқы көргендей әсер бермейді.

Атыс-шабыссыз джунглиде, Вьетнамда, Ауғанстанда, Египетте, космоста, мың жыл бұрын немесе болашақта емес, қазіргі кездегі қалада орын алған фантастикалық, психологиялық, драма K-PAX/К-ПЭКС 2001 жылы түсірілген кино бар. Араларына бір-екі жыл салып, бірнеше рет қайталап көрдім. Киноның атауымен аттас Джин Брюэрдің, кинодан бір жыл бұрын жарық көрген романы бойынша түсірілген.
Блог - bake: Мен көрген екі кино. Экшн. Фантастика, психология, драма
K-PAX планетаның атауы. Ондағы жан иелері адамзаттан озық дамыған. Капэксиан, яғни K-PAX ғаламшарының тұрғыны жерге қонаққа келген бөгде ғаламшарлықпын деп өзін таныстырған жүйке ауруханасының науқасының маңында оқиға өрбиді. Оның жердегі есімі — Прот.
Прот шынымен капэксиан ба? Әлде жүйкесі ауыратын адам ба? Өз мамандығының алғы қатардағы психолог Марк Пауэлл осы құпияны шешуді қолына алады.
Фантастика, психология, драма сөздерінің араларына үтір қойдым. Әр құрама әр мезетте бір-бірінен басым түседі немесе сабақтасады. Фантастика. Прот K-PAX ғаламшарының барына астроном ғылымдарға дәлелмен жеткізе біледі. Психология. Прот жүйкесі ауыратын науқасқа ұқсамайды, ол бөгде ғаламшарлық та емес, жер бетінде туылған адам баласы. Бірақ өзін неге бөгде ғаламшарлықпын деп сендіреді? Драма. Проттың құпия жолдасы кім? Неге оның атын Прот жасырады? Неге жолдасы туралы әңгіме оның жанын қинайды?
Кино келесі сюжетпен басталады. Вокзалда азаматша тоналады, қылмыскер сумкасын тартып алып қашады. Полиция қылмыс куәгері болған Протты қолға түсіреді. Оқиға осылайша бастауын алады. Кино қалай аяқталады? Егер киноны көрмеген болсаңыз, бәлкім, оны көруге қызығушылыңыз оянатын шығар.
Әрі қарай

Проекция жетістігі, яки қайдасың Прохоров амиго!

Си пи аш! Он екі де бірінші пункттен қате кетіп, адамның жартысы ғана трансформалациянып қалыпты! Уваххахахаха!!!

Корпорацияның әсем екі жүз қабаттық ғимаратының басында орналасқан сервис орталығының мамандары. Түгел корпорация осылардың бөлмесіндегі қара жасыл жәшіктегі ОН*пико белокпроцессорлы сервердің үздіксіз жұмысына бағынады. Тиісінше, ол суперкомпьютер бұйрабас Мұраттың басқаруындағы команда иелігінде. «Кибертранс» әлеуметтік желісі бұлардың өмірлерінің екінші жартысын қамтитыны кім біліпті! Әлбетте…
Әлбетте… Бірде физика, бірде философияны шұқылайтын амиго үшін, материяны трансформациялау әрқашан қызықты еді. Қызықты болғанда, бірден сонысына көшейік. Еден жуушы Ләтипаның айтуынша, бұ пенделер гравитация заңдылығын пайдаланып, лазерлік проекция көмегімен, кәдімгі айнаға ұқсас құрылғысы бар бөлмеде ретрансляция жасау арқылы, материя құраушы бөлшектерді толығымен көшіріп, сандық шифраторға салып, заттарды электронды почтамен жібере салатын көрінеді! Неткен сұмдық!
Шошып оянды! Оянса, түсі екен. Және бір оянса, түсіндегі түс екен!
Әрі қарай

Поколение "П" немесе "Ауызкөттер Теориясы"



Кеше «Поколение „П“» фильмін көрдім.
Мақтаулы кітаппен айырмашылығы жер мен көктей болса да, былай түсінікті, айналасын жұмыр етіп шығарған.
Боғауыз көптігінен кинотеатрларда көрсетпеген сияқты. Өз басым экранизацияның прокатқа шыққанын екі ай бұрын ғана естіп, оны жазып алатын уақыт болмай жүрді.
Әрі қарай