Терминал vs Beeline соғысы



2008 жылғы қаңтар айынан бастап осы күнге дейін «Beeline Қазақстан» үстеме ақыны ақырын-ақырын жылына 1-2 есеге азайтып отырды. 2013 жылғы мамыр айында компания кезекті рет әріптестеріне үстеме ақының төмендегенін хабарлап, өзара ынтымақтастыққа тиімді ұсыныстардың жаңа қырларын ұсынды. Бірақ, бұл бастама кейбір төлем терминалдарының иелерінің-кәсіпкерлердің тарапынан елеулі түрде қарсылыққа ұшырады. Олар ұялы байланыс операторының беделін түсіру науқанды бастап, өндірісті өзгертуге кірісті және Beeline абоненттерін басқа ұялы байланыс операторларына ауысуға үндейтін жапсырмаларды таратуға әрекеттенді.

Терминал бизнесі 2006 жылы жаңа бастау алған кезде «Beeline Қазақстан» терминал желісін белсене қолдаған және осы бағытта агенттік үстеме ақыны төлеу арқылы қаржыландыру көрсеткен жалғыз телекоммуникациялық оператор болатын. Содан бергі өткен жылдар ішінде бұл бизнес қарқынды дамып, өз аяғына нық тұрып кетті.
Бүгінгі таңда, барлық жерде орнатылған терминалдардың көмегімен әртүрлі салада көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге болады. Әрбір іске асырылған операция үшін төлем терминалдары абоненттерден төлем сомасынан 12% дейінгі деңгейде өтем ақы ұстап қалады. Айта кетер бір жайт, қазіргі кезде Қазақстанда 18 мың терминал жұмыс істейді, бір алаңқайда бірнеше терминалдың орналасуы да жиі кездесіп тұратын жағдай.
Әрі қарай

Төлем қабылдау терминалдарына жалпы сипаттама

Төлем қабылдау терминалдары — өзгертулер немесе операторлардың есептеуіш жүйелермен өзара әрекетін қамтамасыз ететін құрылғы; компьютер желілерінде — мәліметтерді жіберуші немесе қабылдаушы болып табылатын құрылғы; пернетақта мен дисплейден тұратын және компьютер (немесе есептеу жүйесімен) ақпарат алмастыру арнасының шетінде орналасқан, әдетте, көп пайдаланушылар жүйесінде қолданылатын енгізу-шығару құрылғысы. Мәлімет өңдеу жүйелерінде және автоматтандырылған басқару жүйелерінде мәлімет енгізу және шығару үшін қолданылатын құрылғы. қызметі біріңғай автоматтандырылған жүйе болғандықтан кез келген уақытта төлемдеріңізді қабылдап операцияларды орындауға мүмкіндік береді. бұны кез келген жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлға өзінің сауда нүктесіне орната алады, Терминалдар арқылы төлем қабылдаудың басты артықшылықтары:
кезекте тұрмайсыз уақыт үнемдейсіз, коммисияның аз мөлшері, төлем қас қағым сәтте орындалатыны бар болғаны 7 секунд.
Енді сол терминалдарды орнатып табыс табуға болатыны жайлы жазатын боламын сонымен терминалмен жалпылама танысып алайык:
Жалпы төлем қабылдаудың төр түрлі жолы кең таралған олар мыналар:
терминал
POS терминал
WEB нүктелер
JAVA ұялы байланыс
арқылы жасалатын төлемдер ал бүгінгі жазбада терминалға тоқталатын боламын, ол екі түрлі бірнші түрі қағаз ақшаларды( 200,500,1000,2000,5000,10 000) екінші түрі монеталарды (5,10,20,50,100) қабылдай алатындар, бұлардың айырмашылығы бағасында, біріншісі шамамен 1-2 мың АҚШ доллары ал екіншісі яғни монета қабыладй алатындары 2 мың АҚШ долларынан басталады.
оларды орыналастырудың ең тиімді орыны халық көп жиналатын орындар,(базар, сауда орталықтары, вакзал, әуежай, оқу орындары) монета қабылдай алатындарды оқу орындарының жанына орналастырған өте тиімді. себебі аш құрсақ студентте қайдан көп ақша болсын, біз студент кезімізде 50 теңге сала салып жүре беретін едік.
Айтпақшы Қазақстанда терминалдар жасаумен айналысатындар жоқ тек Рессейден әкеліп сататын делдалдар ғана бар, сонымен, терминал сатып алуға жиналдыңыз ба? ендеше сізде мына құжаттар болсын:
жеке куәлік көшірмесі
Жеке кәсіпкерлік куәліктің көшірмесі,
Патент көшірмесі,
үй кітапшасы көшірмесі
салық органдарына тіркеуге тұрғандығыңыз туралы анықтама (Қосымша құн салығы деген сияқтылар ғой)
банктік реквизиттеріңіз болсын.
Төлем терминалдары мен қамтамасыз ететін жүйелер мыналар:
КиберПлат
ОСМП
М-ПЕЙ
Таулинк
НПС

енді бұдан қандай табыс табамын деушілерге кеңес бұл әрине қомақты табыс әкелетін бизнес емес, сондықтан қосымша табыс көзі деп біліңіз, сонымен шамамен терминалдан айына 50-70 мың теңгеге дейін табыс табуға болады, бар болғаны әкеліп қосып қойсаңыз болды ол өзі табыс әкеледі.
сонымен кеттік терминал сатып алуға… келесі тақырпта төлем қабылдаудың басқа жолдарымен танысамыз.
Әрі қарай

КерекИнфоға терминал арқылы ақша салу

Керекинфоның хостингіне көмек ретінде ақша жиналатыны туралы өткенде айтқан едік. Негізінде бір қаладағы қолданушылар бірігіп, жинап банк арқылы салып жібергендері дұрыс. Ал, ондай мүмкіндігі жоқтар терминал арқылы салса болады. @sigma комиссиясы көп екенін айтты. Бірақ, бұл ең тиімді жол сияқты. Мысалы SMS арқылы жинағаннан әлдеқайда арзанға шығады. Өзім кеше салып, сосын оны Webmoney-ге айналдырып көрдім.
Әрі қарай

Qiwi - интернеттегі жаңа онлайн төлем жүйесі


Бір айдай уақыт болды ОСМП терминалдарының орнына QIWI терминалдары келді. Бұл жүйенің комиссиясы аз және төлем түрлері көп. Сосын бір байқағаным бұл жүйеден өзіңе жеке есеп ашуыңа болады және соған ақша салып, кейін интернет арқылы ол ақшаны қолдануға болады. Qiwi кошелек деп аталады бұл. Алдымен qiwi.ru сайтына тіркелесің өз телефон номеріңмен, сосын SMS арқылы құпиясөз беріледі. Кейін терминал арқылы өз есебіңді толтырасың да ол ақшаны интернетте Webmoney-ге ауыстыруға болады, домен/хостинг, телефонға, интернетке аудару сияқты неше түрлі қызмет түрлеріне қолдануыңа болады.
Бұл жүйе сайт басқарушылар үшін де тиімді. Мысалы сайт қолданушыларынан көмек жинағың келсе, Qiwi-дегі номеріңді бересің, сосын қолданушылар терминал арқылы сол номерге сала қояды.
Әрі қарай

Терминал арқылы электронды әмиянға ақша салу



Интернет арқылы сауда жасайсыз ба? Зат немесе қызмет сатып аласыз ба? Немесе осындай операцияларды жоспарлап, бірақ қалай істеріңізді білмей жүрсіз бе?

Сізге бір вариант айтайын.

Қазір саны аз болса да Quickpay деген терминал шықты. Іздесеңіз табасыз, біраз жерде бар негізі. Сол терминал арқылы Webmoney, Яндекс.Деньги әмияндарыңызға ақша салуға болады.
Әрі қарай