Терминал vs Beeline соғысы



2008 жылғы қаңтар айынан бастап осы күнге дейін «Beeline Қазақстан» үстеме ақыны ақырын-ақырын жылына 1-2 есеге азайтып отырды. 2013 жылғы мамыр айында компания кезекті рет әріптестеріне үстеме ақының төмендегенін хабарлап, өзара ынтымақтастыққа тиімді ұсыныстардың жаңа қырларын ұсынды. Бірақ, бұл бастама кейбір төлем терминалдарының иелерінің-кәсіпкерлердің тарапынан елеулі түрде қарсылыққа ұшырады. Олар ұялы байланыс операторының беделін түсіру науқанды бастап, өндірісті өзгертуге кірісті және Beeline абоненттерін басқа ұялы байланыс операторларына ауысуға үндейтін жапсырмаларды таратуға әрекеттенді.

Терминал бизнесі 2006 жылы жаңа бастау алған кезде «Beeline Қазақстан» терминал желісін белсене қолдаған және осы бағытта агенттік үстеме ақыны төлеу арқылы қаржыландыру көрсеткен жалғыз телекоммуникациялық оператор болатын. Содан бергі өткен жылдар ішінде бұл бизнес қарқынды дамып, өз аяғына нық тұрып кетті.
Бүгінгі таңда, барлық жерде орнатылған терминалдардың көмегімен әртүрлі салада көрсетілетін қызметтердің ақысын төлеуге болады. Әрбір іске асырылған операция үшін төлем терминалдары абоненттерден төлем сомасынан 12% дейінгі деңгейде өтем ақы ұстап қалады. Айта кетер бір жайт, қазіргі кезде Қазақстанда 18 мың терминал жұмыс істейді, бір алаңқайда бірнеше терминалдың орналасуы да жиі кездесіп тұратын жағдай.
Бөлісу:

6 пікір

Ereimen
Дереккөзі қайдан мына суретті қайдан тауып алдыңыз, сонда барлық терминладар билайн үшін төлем қабылдамай ма?
baypaq
Жоқ, барлығы емес, 2-3 терминал ұстайтын компаниялар ғана
Marco
Интернеттен ешбір шығынсыз төлеймін өз басым.
Adiletshu
Қалай?
neoaskar
каспи банктің счет арқылы
temir1986
ойбай Каспиге жолама