Өзге емес, өзім айтам өз жайымда

Сәлем достар! КерекИнфоға тіркелгеніме көп болған жоқ. Сондықтан ары-бері ойланып, алғашқы блогымда өзімді таныстыра кетуді жөн көрдім. Ал енді өзім жайлы айтар болсам. Жамбыл облысы Жуалы ауданының жалынды жастарының бірімін. М. Ломоносов атындағы
Әрі қарай

Таныс болайық?

Кеш қайырымен болсын, КИлықтар! Бұрынырақ тіркелгеніммен, пост жазар жерді әрең таптым-ау! Ендеше таныс болайық? Есімім-Құлпынай. Тегім-Жасарал. Сыр өңірінде туылған қызбын, Руым-Әлімнің Қаракесегі. Жасым он жетіде болғанымен, Қарағанды Мемлекеттік Университетінің 2 курс студентімін. Журналиспін болашақ. Өмірлік ұстанымым-шынайылық пен ізденіс. Артынан таяқ жегізетінін біле тұра,үнемі шындықты айтуды жөн көретін жанмын. Өнерден де құр алақан емеспін. Әкемнің қызымын. Біреудің айтқанымен жүрмеймін. Кім не айтса да, бәрін керісінше жасайтын жаман қасиетім бар. Бар болмысым-осы! Сынау да басқасы да өз еркіңізде, оқырман. Дегенмен құшақ жая орталарыңызға қабылдайды деп сенемін!
Блог - KulpynaiZh: Таныс болайық?

Мен кіммін?

Блог - DinaAbdigalieva: Мен кіммін?
Армысыздар, құрметті жақсылар! Негізі неден бастарымды да білмей тұрмын. Айтар ой көп, бірақ танымайтын елде көп. Олай да былай ойлана келе алғашқы жазбамда өзімді таныстыруға бел будым. Ендеше кеттік! Мен кіммін? Мен — пендемін! Мен — Нұралықпын! Отыз сегіздің жартысынан ассам да анамның еркесімін! Қиялимын, ойға көп шомыламын. Неше түрлі армандарды ойлап, «эхх, өмірім осындай болғанда ғой» деген кездерім де баршылық. Бір қызығы ешқашан ешкімге толық ашыла алмайды екенмін. Тұйық емеспін, сақпын! Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіндегі филология факультетінің ІІ курс студентімін. Болашақ мамандығым — Журналист! Руым — Нұрбай. Негізі Орталық Қазақстанда руға аса қатты бөлінбейді. (Мына қыз руға бөлінеді деген ойлардан аулақ болыңыздар) Көбіне адамдардың әп-әдемі сылдыр суынан, істеген істерін бағалаймын. Қазір адамды «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салатын» заман. Сол себепті өзгелерден еш айырмашылығым жоқ, бірақ өзгелердің барлығы Абдигалиева Дина Даулетқызы еместігін ескерейік.
Блог - DinaAbdigalieva: Мен кіммін?
Бір өкініштісі көптеген мадақтама қағаздарымда есімімді не «ДИАНА», не «ДИНАРА» деп жазады. Сондағысы бар жоғы төрт әріпті ешкім елемейді. Бірақ көпшілігі "Қара қыз" деуді жөн көреді. Ал, енді еске сақтайық!
Дина:
1) ежелгі еврей тілінен аударғанда «сот»
2) Араб тілінен аударғанда «дін, сенім, алтын тиын» деген мағынаны білдіреді.
Жазарым көп. Осымен тәмәмдаймын. Уақыты келгенде бір-бірімізді жақын танитын болармыз. Істеріңіз сәтті, күндеріңіз ойдағыдай өтсін. Бәрі «happy end» болсын!

«Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Уа, қыздар-ай, беу, қыздар!
Кәне, бері қарайық!
Абзал атты жұлдыз бар,
Оны ортаға алайық!

Жеті арыстың ішінен,
Алған таңдап Абзалым.
Бес барыстың ішінде,
Қалған бойдақ Абзалым.

Гастарбайтер сияқты
Бодибилдер болмас па?
Жарау аттай қуатты,
Бір сымбатты марқасқа.

«Маралбектей жаңалық
жүргізе алмас бұл әлі»
дерсің, мүмкін, қаралық,
Еркін сөйлеп тұр әні.

Ол Жандостай режиссер
бола алмайды дейсіз бе?
Бекеновтай рецензия
жаза алмайды дейсіз бе?

Бірақ Абзал өз жолы,
Өз міндеті бар жігіт.
Өмірінің өзгеше,
Болуы да заңдылық.

Таныстырсам еркені,
Жиырма алтыда жасы бар,
Қоңыраттың «көтені»,
Әжептәуір басы бар.

Туған жері ерімнің — Оңтүстігі елімнің.
Мақтаарал ауданы
Құрбан-ата жерінің.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Сәби кезде манежден,
Қолын сермеп тұратын.
«Хатшы бол» деп «Обкомда»
Әкесі үміт қылатын.

Өзі балабақшада,
Әнші ұл атаныпты.
Ән байқауда қаншама,
Бас жүлдені алыпты

Сонау бала күндегі
Мектебі де лайықты —
(Жиырма жеті түлегі
Алтын белгі тағыпты
)

«Заңгерлікті қалаймын»,
Деген-дағы, таңдаған
атындағы Абайдың
ҚазҰПУға самғаған.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Арасында Қытайда,
Бір жыл пәтер жалдаған:
«Han Shan Shi Fan Da Xue»-да
Магистрлік жалғаған.

Демеңіздер «жәй заңгер»,
Демеңіздер «қиблоггер»,
Тағы бір плюс айтайын —
Абзал –жеке кәсіпкер!

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Жұмыстан соң ол бірден,
Дүкеніне асығар.
Беу қыздар-ай, құр жүрмең,
Өлтірмейді ол, асырар!

Сөзім тағы салмақты,
Болу үшін айғақты,
Достарына жүгіндім,
Сұрау салып жан-жақты.

«Абзалжанның сырын айт,
Бес жағымды қырын айт,
Бес жағымсыз сипатын
ашып, елден бұрын айт!»

Деп ем, Нұржол Табиғат,
Дария, Абай, Азамат,
Айымзада, Мейірбек
Тізіп берді саралап:

«Ең алдымен достарға,
Адалдығы тым ерек.
Жақсылыққа құштар да,
Жамандықтан шын бөлек.

Бауырмалдық — ол да сын,
Алалауды білмейді,
Қандай шара болмасын,
«Бәрің бірге жүр» дейді.

Қандай жағдай болса да,
Сабырынан таймаған,
Позитивтен шаршамай,
Көзінде ұшқын ойнаған.

Жомарттығы бөтен ер,
Жақсылыққа жетелер.
Қарның ашса «KFC»
Абзал сатып әперер.

Дайын тұрар көмегі,
Жоқ еш сылтау-себебі.
Бұл да оның бір жағы,
Елгезектік – ер ебі.

Бес жағымсыз қыры ма?
Ақкөңіл де аңқау тым.
Шыдамсыздау, шынына
келер болсақ, Абзалдың.

Білгішсініп кей-кейде,
Сөйлеп кетер сәл енді.
Сосын қызға келгенде,
«Тормоздығы» бар енді...»

Құрбым, егер байқасаң,
Мұндай «минус» түк емес.
Идеалды аңсасаң,
Жеткізбейтін құр елес.

Достарына сенбесең,
Ағалардан сұралық.
Әділдігін ендеше,
Солар айтсын бір ауық.

Кей ағаның жауабы,
Аздап «нелеу» болса да
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Тиген екен сауабы —
Мақтаушылар қаншама!

Нұрғиса ағам тосылмай:
«Абзал – сайдың тасындай,
Ісі мірдің оғындай,
Жазбалары осындай »

Аршат ағам: «Түсінік,
Сыйластығы бар жігіт,
Іні көрем кіші ғып,
Күлімдеген нар жігіт.»

Алдан ағам: «Ыңғайшыл.
Ол бір жігіт өсетін.
Бір орында тұрмайтын,
Ізденімпаз еще тым.»

Былай дейді Данияр:
«Ол шекпейді, ішпейді»
(Сөздерінің жаны бар —
Көзіме бір түспейді).

Ол аз болса, Абзалдың,
Жұмысына барайық,
«Қандай екен ұжымда?»
Бастығынан сұрайық.

Жұмыс орны, жаным-ай,
Міне, мына құжатта:
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру

Еш ұйқасқа жарымай,
Болып қалдым ұятты.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Осы жерде Абзалжан,
Заңгер болып істейді.
Ақ халатсыз абзал жан,
Қолдан қағаз түспейді.

Бастығы да мақтады,
Жамандауға батпады.
Осылайша жазбада,
Бірізділік сақтады.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
«Маманы өз ісінің,
Уақытымен жүреді,
Ішке сыйлы, кісілік
мінезін ел біледі»



Жетегінде үміттің
кетіп әбден ұмыттым,
Өз талабы бар шығар,
Қоятын бұл жігіттің?

«Ақылына көркі сай
қыз болса екен, тәнті қып,
дайындаса, шіркін-ай,
Ет, машпалау, мәнтіні»

Қалжыңдайды алайда,
Сүйіп тұрса қарай ма?
Анасынан сұрайын,
«Қандай келін қалайды?»

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Шамшат апай тәтті мен,
Қою шайға қандырды.
Содан кейін баппенен,
Әңгімені жандырды:

«Үйлендірем баламды,
Мен биылдан қалдырмай,
Өміріне алаңмын,
Жүр ғой құрық салдырмай.

Оған себеп жуырда,
Елші болып ел асып
кеткелі жүр, қиырда
жалғыз жүру не машық?

Қонақ келсе сыр бермей,
Күтіп, көңілін таба алар,
Шақырылса бір жерге,
Ханымдай боп бара алар.

Мықты келін тіледім,
Дейді ана-жүрегім:
«Шымкент жақтан болса екен»
Бірақ өзі біледі.

Әлбетте, өзі таңдайды,
Маған қарап қалмайды.
Дұрыс келін тап келсін,
Айдай ашық маңдайлы.»

Осылай деп анасы,
Сөзін қысқа қайырды,
Тыңдап тұрған баласы.
Көзін төмен тайдырды.

Сүйген екен алаңсыз,
Жүрек қатты жаралы.
Өткен сезім баянсыз,
Жанын өртеп барады…

Шет-жағасын маған да,
Жеткізген-ді шамалы.
Дегенмен де әманда,
Айтылмауын қалады.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...: «Таныстырсам Абзалды» немесе бойдақ қыздарға хабарландыру
Міне, осындай жыр-бейне,
Ішке бүккен сыр-бейне.
Портреттен соң осындай,
Абзал түске кірмей ме?

Қыздар, қапы қалмаңдар!
Әрі қарай

Жан дос: Жандос Құсайын

Блог - abzalsariyev: Жан дос: Жандос Құсайын

Белгілі режиссер, дарынды блоггер, студенттік жылдарымда жатақханада бірге тұрған «старшагым», Құдай қосқан жарымен бірге тәрбиелеп отырған 2 ұлдың әкесі, қысқасы бәрімізге таныс Жандос Құсайынов деген жігіт осы.

Әрі қарай

Таныстырсам өзімді...

Таныстырсам өзімді… Астаналық Керекшілер арасында мем болып келе кеткен тақпақбасы. Осыны енгізген aza бауырымыз жалғасын айтпай жүр. Келіңдер көмектесейік. 4 жол өлеңдер жазайық, үздікті aza өзі таңдасын.

Блог - asaubota: Таныстырсам өзімді...

Үлгі керек болса мыналарды бір шолып шығыңыз:

Таныстырсам өзімді Нұртлеуова Жаңыл деген.
Математика пәнінен дәріс берем.
Қиынын мамандықтың таңдап алдым.
Болғасын қыр-сырына тереңдеген.
Әрі қарай

Алғашқы жазбам

Ассалаумағалейкүм Керекшіл қауым! Мой мирді айналақтап, микроблокта шимайлақтап жүрген қазақтың қара домалағының бірі мен боламын. Ең алғаш 18 сәуірде тіркеліп, құнттамай, аса қызығушылық болмағандықтың салдарынан кірмей кетіп едім. Осы кіргенім ұзағынан болатын түрі бар. Мен бұл әлемде балмұздақпын, білгенім бір тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз. Дәу ағамның айту бойынша келіп, қызықтың қазаны қайнап жатқан қазақ қауымының ортасын түскеніме қуаныштымын. Біреуіңе аға біреуіңе іні болсамда білмегенімді үйреніп білгенімді айтып отырсам екен деген ниетпен келдім. Таныса отыралық.
Әрі қарай

Қыздардың әуресі

1. «Таныстырш», «Қызы бар ма?», «Қызы болған ба?», «Бұрынғы қызымен неге жүрмей кеткен?», гав, гав, гав, гав, гав…
2. Әбілдің, түрік барлау қызметінің Найробидегі арнайы операциясындай, аса күрделі әрі астыртын оперативті-тактикалық шаралар нәтижесінде таныстыруға қол жетеді. Екеуінің танысуы сооондай сәтті әрі табиғи шығып кетеді. Сосын: a) досыңа потенциалды қатын тауып бергеніңе; ә) қатын досыңның мылжың да ұзақ, пәлсапалық-этикалық трактаттарынан құтылғаныңа тоқ ішегіңе дейін қуанасың. Өзіңді біреудің тағдырын шешкен құдай сезініп
Әрі қарай