Эстафета: Сыйлығымның сықпыты

Дәл қазір «сыйлықтар сезоны» болғандықтан, актуалдылығы бар тақырып деген ойдамын. Бұл эстафетада қабылданған/қабылданбаған, бірақ кейіннен өзіңнің күлкіңді келтіретін, мүмкін болса өз қолыңмен жасалған сыйлықтарыңыз һақында қалам тербесеңіздер деген өтінішім бар. Мүмкін жаңа жылға бір жақын адамына ерекше сый дайындағысы келіп жүрген біреу-міреу осы жерден идея тауып қалар…
Сонымен… ал кеттік..


Сүгірет

6-сынып болуы керек. 8-наурыз. Ол кезде мамамнан басқа әйел затын мойындамайтын кезім. Сыйлық жасағым келді. Жасымнан ақша жинай алмаймын. Сондықтан да қалтам бос. Қолдан сыйлық жасамасам…
Қолда бар заттардан тек қалам мен ақ қағаз ғана бар. Өлең шығарам деп біраз әурелендім. Алайда, тіпті 6-сынып оқушысының өзі ырза болмайтын өлең-сымақ шадыр-шұтпақ шықты. Қоя салдым сол жерден. Сәл ойланып, мамамның студент кезде түскен әдемі бір суретін алып, соны сала бастадым. Ұқсамады. Сосын, мына ойына келгенін істей салатын (көбіне кейіннен опық жейтін) басқа бір ой сап ете қалды ғой… Суреттің астына қағазды қойып суреттің бетіне қаламмен сызып шықтым. Із қалдыру үшін. Із түскеніне түсті ау… Бірақ… Мына бас суреттің құртылуын ойламапты.
Кешке мама келгенде бердім енді суретін. Әрине қуанды. Анау сурет қоқыс жәшігіне кетті амалсыз

Кактус

2 курс. Тағы сол 8-наурыз. Бұл жолы қызыма сыйлық жасау керек болды. Оған көөп ойланып жүріп не сыйлады деп ойлайсыздар?!.. Дұрыс! Кактус. Кактус болғанда да жәй кактус емес, ақ кактус, бетінде қызыл гүлдері бар. Ал, 2003-жылдары ондай кактусты Шымкентте табу қиын болатын.
Алды. Рахметін айтты. Бірақ кейіін, 2-3 айдан кейін айтады: — Ана құрбымның жігіті алтын жүзік сыйлады, ана құрбымның жігіті телефон сыйлады… Ал менің жігітім… Кактус…
Айттым енді… былай… типі өлмейтін гүл, өлмейтін махаббат деп келтіріп ))))))

Қобдиша

2007-08 жылдар ау деймін… Тағы сол 8-наурыз. Әлі студентпін. Сырттай оқимын. Жұмыс істеймін. Ақша бар енді… Бірақ өз қолыммен бірнәрсе жасағым келді. Жұмысым жарнама агенттігінде тұғын. Құрал сайманның, қажетті материалдың бәрі бар. ПВХ-дан қосылған екі жүрек формасындағы қобдиша істеп, қызылмен боядым. Жүрегім жүрек емес, жел шығаратын жерге ұқсап кетті енді былай )) Бірақ, түсінеді деп ойладым.
Кешке алып барып бердім. Ол рахметін айтты. Со «күчтііі» деген сөздер. Бірақ…
Құрбысымен жақсы араласатынмын. Сол абайсызда айтып қалды, қобдишам қоқыс жәшігіне тоғытылыпты ))
Ол қыз да алдыңғы посттағы қыздың кебін киді амал жоқ. Тойыс, ляхтырылды… Менім қобдишам секілді ))
Содан бері өз қолыммен сыйлық жасамаймын, және сыйлықты көбінесе қаржылай ғана беремін. Тіпті гүл де сыйламаймын ешкімге. Уоотт…

Эстафета басталды Ханымдар мен оның жанында жататындар! Бұтақ omarbirat -та!
Әрі қарай

Жүзі жылыдан түңілме?!

Жүзі жылы адам көбіне жақсы адам болады деген пікір бар.
Ал мен ондай диагноздармен келіспеймін. «Жүзі жылыдан түңілмеймін» деп қанша қыздар интеллигентті, бір қарағанда ақкөңіл көрінетін маньяктардың құрбаны болғаны бір Буддаға белгілі.
Психологтар адамның тобырлық инстинктісі мен стереотипке көнгіштігін Совет өкіметінің кезінде-ақ тексеріп, дәлелдеген. Қызықсаңдар интернетте видеосы да бар.
Сондағысы бір кісінің суретін екі бөлек топқа көрсетіп, мінезін баяндап, оны суретпен негіздесін деген.
Бірінші топқа, бұл "ұры-рецидивист" деп таныстырған. Екінші топқа, бұл ғылыми қайраткер деп таныстырған.

Нәтижесінде, бірінші топтың әңгімесі, былайша айтқанда, "Ө-ө-ө-ө сұмпайы, түрін қараш әкеңң, көзінен білініп тұр ғой жылт-жылт етіп шайтан ойнап тұр, бұның ұры екенін бізге айтпай-ақ білуге болар еді, біреудің ала жібін аттап, нәпақа тауып жүргені маңдайында жазылып тұр, мал атаңанә! Қабағынан қар жауып тұр, адам аямайтын аяр екендігін білдіріп тұрған жоқ па? Мұрны қандай ұсқынсыз албастының, ұрламақ түгіл адам өлтіруден шімірікпейтін хайуан неме!" — дегенге саяды.
Екінші топ керісінше, «Түрі сондай қарапайым, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін, азартты адам екені көзінің отынан байқалады, қабағы түйіліп, бір терең жасампаздық ойға батып тұрғандай әсер береді екен, қырлы мұрны айтқанынан қайтпайтын, шыншылдығын дәлелдеп тұрғандай, сәл жымқырылған аузы өмірде ұяңдау, суретке түсуге ыңғайсызданып тұрғандай әсер береді. Былай бір қарағаннан-ақ, көреген адам мына кісінің жүрегі жұмсақ екенін аңғара алады» депті.
Әрі қарай