Жүзі жылыдан түңілме?!
Жүзі жылы адам көбіне жақсы адам болады деген пікір бар.
Ал мен ондай диагноздармен келіспеймін. «Жүзі жылыдан түңілмеймін» деп қанша қыздар интеллигентті, бір қарағанда ақкөңіл көрінетін маньяктардың құрбаны болғаны бір Буддаға белгілі.
Психологтар адамның тобырлық инстинктісі мен стереотипке көнгіштігін Совет өкіметінің кезінде-ақ тексеріп, дәлелдеген. Қызықсаңдар интернетте видеосы да бар.
Сондағысы бір кісінің суретін екі бөлек топқа көрсетіп, мінезін баяндап, оны суретпен негіздесін деген.
Бірінші топқа, бұл "ұры-рецидивист" деп таныстырған. Екінші топқа, бұл ғылыми қайраткер деп таныстырған.
Нәтижесінде, бірінші топтың әңгімесі, былайша айтқанда, "Ө-ө-ө-ө сұмпайы, түрін қараш әкеңң, көзінен білініп тұр ғой жылт-жылт етіп шайтан ойнап тұр, бұның ұры екенін бізге айтпай-ақ білуге болар еді, біреудің ала жібін аттап, нәпақа тауып жүргені маңдайында жазылып тұр, мал атаңанә! Қабағынан қар жауып тұр, адам аямайтын аяр екендігін білдіріп тұрған жоқ па? Мұрны қандай ұсқынсыз албастының, ұрламақ түгіл адам өлтіруден шімірікпейтін хайуан неме!" — дегенге саяды.
Екінші топ керісінше, «Түрі сондай қарапайым, бастаған ісін аяғына дейін жеткізетін, азартты адам екені көзінің отынан байқалады, қабағы түйіліп, бір терең жасампаздық ойға батып тұрғандай әсер береді екен, қырлы мұрны айтқанынан қайтпайтын, шыншылдығын дәлелдеп тұрғандай, сәл жымқырылған аузы өмірде ұяңдау, суретке түсуге ыңғайсызданып тұрғандай әсер береді. Былай бір қарағаннан-ақ, көреген адам мына кісінің жүрегі жұмсақ екенін аңғара алады» депті.

— Бауырым — бұл мастерской, аудитория екінші этажда
Тақырапқа оралсақ — жүрейік онда Я деп(басымыз көрінбей) қарнымыз қампайып. Ол кімге абырой әкелгенін естідіңдерме?
Ал сенің жазбаңнан керісінше, Сатыбалдыға деген өкпе ғана байқалады.
Өзіндік «Мен» деген сезімі бар, өзгеден бөлек ойлап, әрекет қылуға ынтасы бар екені бала кездегі бұзықтықтан-ақ білінеді.
Ол баланың талантты ұры немесе талантты ғалым болуы әрине мүлде басқа факторларға (мысалы: Тәрбие, білім, орта) байланысты.
Бұл жерде екшім бөлек ойлау қасиетін жақсы не жаман деп отырған жоқ.
Екеуі де керек. Мәселен, балқыған қорғасынға қолыңды сұғуға болмайтынын білу үшін немесе цианистый калийді ішуге болмайтынын анықтау үшін міндетті түрде өзгеге сенбей дәмін татып көретін әдетіңіз болса, ұзаққа бармасыңыз анық.
Ал, дербес ойлай білу кімге абырой әкелгенін кез-келген (өзіңіз сүйіп оқитын) тарих кітаптарынан, фольклордан, аңыз-әфсаналардан білуге болады.
Ал енді «бас көрінбей, қарын қампаю» жағы өмір салтыңызға, және тұқымыңызға байланысты дер едім.
-тұқым мен нәсіл соншалықты алшақ емес.(Шовинизмді ойыңа алып алпарыспасаң дұрыс болар еді)
Сосын, сақтықта қорлық жоқ.
Заманның түзу кезінде мүмкін жүзі жылыдан түңілмеген де шығар, қазір қайта керісінше, чем түрі жылы, тем больше подозрений, что все неспроста.
Адам аласы — ішінде, мал аласы — сыртында.
Айжанның пікірі дөп түсіпті. Өзім үшін, қайта бір копи+пасте жасжіверем:
адамның аласы ішінде екенін мәңгі есімде сақтайтын болдым… Өмірлік тәжірибе бар дегендей.
Сосын, сақтықта қорлық жоқ.
Заманның түзу кезінде мүмкін жүзі жылыдан түңілмеген де шығар, қазір қайта керісінше, чем түрі жылы, тем больше подозрений, что все неспроста.
Ол енді жүзіне қарап, адамның қандай екенін анықтағысы келетін адамның анализ жасау қабілеті мен интуициясына байланысты.
Менiңше эксперименттiң мақсаты жүзi жылы немесе түсi суық адамның алдамшыл екенiн дәлелдеу емес, басқаларды бағалауда адамдардың манипуляцияға ұшырауында. Яғни басқалардың ойы бiздiң қабылдау/аңғару қасиетiмiзге үлкен әсерiн тигiзетiнiн көрсету. Жарнамада да қолданылатын манипуляция.
Кеңес заманында кiшкентай балалармен өткiзген бiрқатар эксперименттер бар. Үш балақай қатысады, бiреуiне ғана тәжірибе жүргізіледi. Екеуi ащы сусынды тәттi деп, ақ ойыншықты қара деп айтады. Үшiншiсi басында дұрыс айтқанмен, әлгi екеуiнiң пiкiрiнен соң айнып қалады. Соңында ол да ақты қара деп, ащыны тәттi деп айтады. Бұл жерде баланың ақыл-ойы әлi қалыптасып үлгермегендiктен, басқалардың бұрмалауына бейiм келгендiктен және қабылданбаудан қорыққаннан солай жауап бередi. Негiзi тек балаларда емес, көп ересектерде де басқалар тарапынан қабылданбаудан, мойындалмаудан қорқу үстем.