Советтік балғын шақтан қалған комплекстер...

Блог - Gastarbaiter: Советтік балғын шақтан қалған комплекстер...
Мен сабақты 6 сыныпқа дейін орташа оқыдым. Қазақтар бас ал десе шаш алады. Баяғы Сәбет Өкіметі орыстардың билігінде болса да, қазақтар орыстардан бетер асырып тұрып бағынатын соның ережелеріне.
Орыс мектебінде ең басты назар білімге бөлініп жатқанда, бізде ең басты назар балаларды «авторитарлы Сталиндік режиммен басып» ұстауға бағытталған болатын.
Бәрімізді үшінші сыныпқа дейін тақырбас қып қоятын. Әкем хат жазып, «баламның басындағы биттерге дәрігер ретінде өзім жауап берем» — деп индивидуалдығыма сәл де болса үлес қосты. Бесінші сыныпқа дейін шеренгамен шагайттап, жақсы оқитындарды алдына отырғызып, үшке оқитындарды кемсітіп, қатты алалайтын.
Әрі қарай

Бұл не деген бітпейтін қағаз немесе мұғалімнің жанайқайы


осы мұғалім болып мектепке кірген кезден бастап, қағаздан бас ала алмай кеттім. Ана қағаз, мына қағаз. Бітпейтін А4!!! Мұғалімнің басты міндеті — оқушыларға дәріс беру емес пе? Ал, бізде керісінше, қағаз толтыру, жинау, шимайлау. Мұғалімдерге осының бәрі ауыр тиеді. Біз үшін ең бастысы тұщымды әрі түсінікті етіп, оқушылардың көзін ашу, санасын ояту. Қағазға белшене батып, өзіңнің басың қатып тұрғанда, оқушыларға нені түсіндіресің?!
Әрі қарай

Менің әпкем

Бұрынырақта жазып жеке блогыма ілген жазбам екен.Сіздермен бөліссем деп едім.

Бұны әңгіме дейсіз бе, әлде шағын естелік дейсіз бе оны өзіңіз біліңіз. Анық білетінім, қолыма қалам алғызып отырған сағыныш. Балалық шаққа деген, қазіргі уақытта Балқаш қаласында ұстаздық қызмет атқаратын әпкеме деген сағыныш. Біздің Қарағанды төңірегнінде өзінен үлкен қыз баланы апа деп те айта береді. Жалпыға түсінікті болу үшін жазып жатқаным ғой. Әпкем екеуміздің қызығымыз көп.
Алғаш әріп үйретіп, есеп амалдарын шығару жолдарын үйреткенінде мен 5 жастамын. Газеттерді судыратып оқитын дәрежеге жеткізді. Үйге келген қонақтарға көлдей «Лениншіл жасты» оқып берем. Не жазылғанын түсініп жатқан мен жоқ, мақтауға марқайып жүре беремін. Әріп үйренгенім өзіме сор болды. Әпкем енді «Жарты сағатта қыс туралы өлең шығар, жаз туралы өлең шығар»деп қинайтын болды. Аңда-санда қалам алып, қағазға өлең жолдарын түсіріп жататынымыз да сол әпкеміздің арқасы.
Әпкем бала кезінен ұйымдастырушылық қырынан таныла білді. Біздің шағын Талдыбұлақ ауылының шеткері үш үйінің балаларын жиып, мереке сайын концерттік бағдарлама дайындайтын. Үй арасындағы бағаналарға жарнама ілгенді мен сол кезде әпкемнен көргем.
Таудың бауырын жанамалап тас жол өтетін. Сол тас жолға қызық үшін әпкем біздерге тас төсеткізеді. Жүргізушілердің тоқтап, тасты тазартқаны, ашуланып боқтағаны өзіне қызық шығар. Бірақ маған қорқынышты еді.Ши арасында жасырынып жатқан біздер, боқтықтан соң қашпақ болсақ әпкем жұдырығын көрсететін. Әпкемнің жұдырығы өзіме мәлім, одан да жүргізушіге ұсталған жеңілірек.
Жаз келді дегенше поход басталды дей бер. Походымыз тауға шығып, үйден дайындап алып шыққан тамақтарды жеп қайту. Көрші Ербол деген бала екеуміздің міндетіміз жол жиегіндегі белгілерді алып (дорожный знак), тау басына стол дайындау. Қанша жол белгі апарғанымызды бір Алла білер.
Әпкем әйтеуір жаңалық тапқыш. Кімнен естігенін қайдам, бір күні жатарда басына домбыра және нан қойып жатты. Себебін сұрасақ түсіне нан кірсе нан соғар болады-мыс, домбыра кірсе теңдессіз домбырашы болмақ. Анығы әпкеміздің түсіне екеуіде кірмегені.
Әпкемнің ұйқысы қатты. Кеңестік ұйқыдан оятқыш сағаттарға ояна қоймайтын. Адамнан айла артылған ба, оның да емі табылды.Өзінің аяғына жіп байлап, бір ұшын менің аяғыма байлады. Ондағысы әпкем аунағанда мен ұйқыдан оянып сағатты қарауым керек. Құдайға тәуба сабақтан қалып көрмедік.
Әпкемнің жатарда айтатын тақпағы да өзгеше:

Жаттым, жаттым жан Алла

Тұрғыза көр Иншалла

Тұрғызбасаң Иншалла

Лә илләһа Иллалла.

Жел тұрса күзге салым ауылдық жерде қаңбақ домалайды. Қораның артында үлкен қазан шұңқыр бар болатын. Сол жылы шұңқырды қаңбаққа толтырдық. Әпкем жиналған қаңбақтармен аспанға ұшпақ болған еді. Алыстан қаңбақ көрінсе, түлкіге ит қосқандай қосып жіберед. әкелген қаңбағың бүтін болмаса еңбегіңнің еш кеткені. Әйтеуір аспан әлеміне сапар шектіретіндей қатты жел тұрмай жанымыз қалды ғой.
Ауылдық жерде тірлік жермен тікелей байланысты. Жауын жаумаса шөп, егін шықпайды. Әпкем оның да оңай жолын тапты. Жаңбыр жаудыру үшін бақа өлтірсеңіз болды, кешке я болмаса ертеңіне жауын жауып береді-ай бір. Әлде бұл жай ғана сәйкестік пе екен? Әйтеуір сол жылы жаз жаңбырлы болды.
Кесіртке атты бауырымен жорғалаушылар класына жататын жәндік бар. Менің білетінім олардың түсі қара-қоңыр және жасыл (шөп түстес) болады. Сол кесірткелер де екіге бөлінеді екен. Оны әпкем болмаса мен сорлы білмей өтер ме едім.Олардың да мұсылманы мен кәпірі болады екен. Анықтау да онша қатты қиын шаруа емес. Көзіңізге көрінген кесірткеге «Мұсылмансың ба, кәпірсің бе?» деп айқайлайсыз, қаша жөнелсе кәпір болғаны. Оған жер бетінде орын жоқ. Әпкем айтты бітті, өлтіру парыз және сауапты іс. Кеңестік-атеисттік жүйенің әсері ме екен, сол кездерде мұсылман кесірткелер көп кездесе бермеуші еді.Қазір ойлап қарасам қашпай қалғандарының аяғы біздің айғайымыздан қарысып қалған болар.
Әрі қарай

Е-ақындар мектебі

Алғашқы екі қатарды айтайын. Ар жағын іліп әкетіңіз (а, а, б, а)

Омар бырат дегенде, Омар бырат,
Ол туралы не ойда қоғам бірақ?

Іліп әкетуші кезекті екі қатарды ұсынуы керек.
Әрі қарай

Қыздар неге сондай?

Осы жерде жиналып отырған бәріміз мектеп қабырғасын көрген болармыз))Сол мектептік жылдарда көптеген қызықты оқиғалар болып жататыны бар. Кейін кластастар кездескенде еске алып отыруға жақсы соның бәрі. Қыз-ұлымыз жиналатын осындай кездерде қыздар неге өткенді еске алмайды?
Мектепте жүргендегі тәртіпсіздіктер мен шамалы бұзақылықты неге ұстаздарға жеткізуге құмар?
Сабақ үстінде жел шығарып алып «Кім осырды ?» деп не үшін өтірік сұрайды?
Қыздар неге сондайсыңдар?
Әрі қарай

Хамит бандыны әлі қуып жүр екен (Төл оқулық туралы толғау)

Тәуелсіздік шежіресі – 20 жыл
Білім министрінің назарына!


Блог - Zhukel: Хамит бандыны әлі қуып жүр екен (Төл оқулық туралы толғау)
Ел тәуелсіздік алғалы бері халқымыздың санасындағы таптық ойлар жойылып, жас ұрпақтарымыз төл оқулықтармен тәрбиеленіп, білім алып келеді. Мұндағы басты мақсат – жас ұрпақтарға заманауи саналы білім берумен қатар, ең бастысы – олардың санасына тәуелсіздік идеясын қалыптастыру, отан сүйгіштікке, ұлтын сүйгіштікке, елін, жерін сүйгіштікке тәрбиелеу екені белгілі.
Әрі қарай