"Керек" жігіттер, мейрамдарыңмен!

Қымбатты достар, бауырлар, аға-інілер! 7 мамыр мейрамымен шын жүректен құттықтап, бастарыңа бақыт, денсаулық, сәттілік тілейміз. Отбасының қорғаны, ата-ананың үмітін ақтар азаматы болуларыңа тілектеспіз! Құт-тық-тай-мыз, уррраа!

(48.83 Kb, 400x300)

Тағдыр мынау
Әрі қарай

Сәлем

Бәріңе сәлем. Өткен кеткен мейрамдарыңмен.
Отпусктен жұмысқа бүгін шықтым.
Не жаңалық?
Әрі қарай

Қазақ қызы (Жанар Айжанова)



Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.
Әрі қарай

8 наурыз бен ҚазҰУ

Бізге осы апта аралық бақылау жүріп жатыр. 7 апталық біліміңді қорытындылап, балл қояды. Кейбір жомарт та «түсінігі бар» ағайлар 8 наурызға сыйлық ретінде кейбірімізге үстеме балл сыйлады.)) Ал, үнемі тәртіппен жүретін талапшыл Нұржан ағайымызға мерекені пайдаланып балл үстемелетеміз деген қулығымыз іске аспады. «Қайдағы мейрам? Әлі табандай 4күн бар ғой!»деп құтылып кетті. Көрші аудиторияда болып жатқан 8 наурызға арналған көңілді кешке де бармастан, терлеп-тепшіп, бақылау жұмысын жаздық.

Әйтеуір, университет абыр-сабыр. Қай корпусқа кірсеңіз де, гүл немесе жұмсақ ойыншық ортасында айналасына шуақ шаша сыңғырлай күліп кетіп бара жатқан гүл-қыздарды көрер едіңіз.
Сабақтан соң факультеттің бірінші курс ұлдары ұйымдастырған кешке «арнайы шақыртумен» бардық. ))

-1- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Қыздар, қыздар, сұлу қыздар…

-2- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Жанарың оттай жанып, жүрегімді шоқтай қарып…

-3-4- курстың қызы кетіп бара жатыр.

-Асыл әжем, асыл әжем…

Иә, сөйтіп бізді «әже» деп ардақтап төрге отырғызып, концерт берді)

Одан шығып, тағы да Студенттер сарайында ҚазҰУ-дің 8наурызға арнап ұйымдастырған концертіне бардық. Проректорымыздан бастап, университет академиктері, профессор ағайларымыз, студент жігіттер өз өнерлерін көрсетті. Бастысы — шынайы. Көзілдірігінің үстімен қарап дәріс оқитынына ғана үйренген кәрі ағайларымыз баладай жадырап көз алдыңда ән шырқап тұрса қалай болады? Жылдам әуенге ілесіп, қорбаңдап билесе ше? Мен бұрын-соңды залдың мынадай құрметпен қол соққанын көрмеген шығармын. Ағайларымыз да, апайларымыз да, өзіміз де мәз-майрамбыз. Асылы, мереке дегенің адамдарды бір-біріне жақындата түсе ме деймін, «Мейрам» түсінігін ойлап тапқан адамға кім-кімнің де алғысы шексіз болса керек.
Көгілдір көйлегі көлбеңдеген ерке көктеммен ере келген әлемнің сәнін келтірген әйелдер қауымының мейрамы- 8 наурыз құтты болсын!
Әрі қарай