"Керек" жігіттер, мейрамдарыңмен!

Қымбатты достар, бауырлар, аға-інілер! 7 мамыр мейрамымен шын жүректен құттықтап, бастарыңа бақыт, денсаулық, сәттілік тілейміз. Отбасының қорғаны, ата-ананың үмітін ақтар азаматы болуларыңа тілектеспіз! Құт-тық-тай-мыз, уррраа!

(48.83 Kb, 400x300)

Тағдыр мынау бір сүріну, бір құлау,
Өзі-ақ салар мойыныңа қыл бұрау.
Шала берме аяғынан еркектің,
Еркек деген құдірет қой құрбым-ау.

(34.79 Kb, 450x338)

Еркек деген нәзіктікке жақын ел,
Тек оларға бірақ нәрсе ақыл ем.
Банка қойғын тырысса егер арқасы,
Бас тырысса әкеп бергін похмель.

Отбасында болсын десең дұрыс хал,
Ашуланба долданбағын дұрыстал.
Еркек деген қанша мықты десек те,
Бір-ақ рет морт кететін хрусталь.

(46.44 Kb, 400x300)

Еркектерді аялау да, әлпештеу де ерсі емес,
Өйткені ол келіп-кетер құдаң емес, көрші емес.
Еркек деген қара табан, қара жаяу жүрсе де,
Еркек деген шестисотый мерседес.

(23.87 Kb, 450x400)
Мынадай нағыз еркек болыңдар:))

ПыСы: Өлеңнің авторы белгісіз. Суреттерді өзім түсірдім:)))
Бөлісу:

80 пікір

edige
Ой РАХМЕТТТТТ!!! :))))
Abilakim
Өлеңнің аптырлық құқы кімде екен, тойға жаратсақ ренжімес?
sammita
негізі бұл поэма, қысқартып андай жерлерін азайттым құтырып кетпесін деп:))
Abilakim
андай жерлері де барма еді?!
sammita
@asaubota 9 мамырыңмен (ендеше):)))
asaubota
менің жыным келетіні неге әскерилердің мейрамы жалпы еркектер қауымымен ассоциациялануы керек? неге мысалы 25 сәуір демейміз, футбол күні.
neoman
Әскерилер — отан қорғаушылар. Соғыс бастала қалса (құдай бетін аулақ қылсын), мобилизация жарияланып, сіз бірден әскери боп шыға келесіз
Сондықтан бүкіл еркектерге қатысты мейрам, меніңше
Abilakim
Мені шекара жаққа шақырады.Есепте сол жақта тұрмын
patick
алғашқы оқты қабылдайтын сен екен ғой.
Abilakim
Шекара әскері жауға қылыш, елге қалқан!
patick
не дейді шешесс
мен шекара әскері — жауға кабур, елге бронежилет деп жүрсем.
Zilola
мен алғашқы көмек көрсетемін :(((
Abilakim
Тезірек өлуімнің себепкері де табылды
Zilola
армандапсың, қинап өлтіреміз :)
Abilakim
Иод жақпаш ащиды
qisyq
А, Құдай, @sammita-ның қолына түсіре гөр…
sammita
:))))))) адамына қарай амалын қыламыз да:)
qisyq
Шамамен не амал болатынын ойлап едім, 2012 еске түсіп кетті.
Gamk
Медик екеніңді білмеппін.
Gamk
Отан сөзі бас әріппен жазылады.
Gamk
Сендей қызды сендіруге серт еттік,
Тектілерге жарасады тентектік.
Армияға бармадың деп айтасың,
Екі жылмен өлшенбейді еркектік.

Ақынмын ғой, аруақтар жар маған,
Қалың жаумен қағысуға қарманам.
Қобыланды сержант болды дейсіз бе,
Алпамыстар армияға бармаған.

Қыздар, қыздар, қызыл сөзге сенбендер!
Жел сезімнің жетегіне ермеңдер.
Екі жылда ит болады күшіктер,
Бөрік киген бөрілерді бөлмеңдер!

Мэлс Қосымбаев
Abilakim
ақталу ғой, ол замандарда армияға бармаған адамға мүгедекке қарағандай қарайтын қыздар
satibaldi
Ммуах-ха-ха-ха-ха))))))))))))))))
AKY
Мынадай достойный құттықтаудан кейін ішіп кету де айып емес))
Zilola
@edige естімесін (оқымасын да) :)))
sammita
азанда сол аяғымен тұрған ба, келе сала у ішкізді ғо:)))
VKM

Мейрамға табақ)
edige
ана әлгі нені де алып кешиш?
sammita
салат, шарап, тортты басқа қыздардан күтейік:))
Aizhantabyn
Ештен кеш жақсы дейтін, бізде ештен ерте жақсы деп мерекемен құттықтап кетейін)))

Қуаныштарың ортаймасын.
edige
:)))) Риза боп қалдық
Aikona
Құрметті керектің жігіттері бәрлеріңізді мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Қорғаныш болып жүре беріңіздер біздерге!
alisha
Стандартты тілегімнен алып қойыңыздар)))
satibaldi
Соңғысы — @KILYZAMAN -ның BLOGCAMP-ке келгендегі фотосы ма?
sammita
:)))))))))))))))
Көлсайды іздеп жүр:))
Abilakim
Көлсайді іздеп Кеңсайға кетпесін…
KILYZAMAN
Асықпасаң сенде жетесің, оны іздеп әуре болма :-)
KILYZAMAN
Дәл өзімін, уысымдағы цианобактерия түзуге азқалған асқабақтардың дәндерін егетін құнарлы жер іздеп жүрген кезім… Мұншалықты мазамды алатыныңды білгенде барғой "..."
patick
бірдемелерің бар ма, қыздар?
alisha
мынаған + қойған Сатекс екеніне бәс тігемін десем;)
Erkekyz
Құрметті ағалар, інілер осыған дейінгі айтылған, осындан кейінгі айтылатын тілектерге қосыла отырып, мейрамдарыңызбен құттықтаймын! Аман жүріңіздер! :)
edige
Рахмет Еркеару! үлкен үлкен!!!
darabala
Рахмеет! )
Соңғы суретті де өзіңіз түсірдіңіз бе? ))
qisyq
Рахмет, Сэмми:))))
Соңғы суретті сен түсірдің десек және ол жабайы адамның фотосы бұдан 1,5-2 миллиондай жыл бұрын жасалғанын ескерсек, сені Олдувай мәдениетімен құрдас қылып қойсам, Шындық шешейді тырдай жалаңаш қалдырмас па екем…
sammita
Дәл өзімін, уысымдағы цианобактерия түзуге азқалған асқабақтардың дәндерін егетін құнарлы жер іздеп жүрген кезім…
@KILYZAMAN
qisyq
@KILYZAMAN-мен жастарың шамалас болды ғой…
Economist
Мерекелеріңізбен, жігіттер!
bazuka
Мерекелеріңізбен жігіттер!
a63a1
Үлкен рахмет @~~)~~
Dinara
Merekeleriniz quttı bolsın arqa süyer azamattar ^_^
boztorgai
нарқыз,әлия мен мәншүк секілді елі мен жерін қорғаған батырларымызды ұмытып жатқанымыз үшін қысылам осы күні
sammita
@boztorgai шырылдайсың жерге қонбай. Құттықта пажалыста.
boztorgai
жоға дим да, осы мерекеге 23-ақпанды аналог етіп алдық па деп қалам
Beytanis
Рақымет, ізгі ниет-тілектеріңе, үлкен рақымет!
Beytanis
Мерекенің басталуына жарты сағаттан аз қалды! )))))
meirzhan
фейерверк болып жатыр!!!
sammita
Мейрам құтты болсын, жігіттер
Abilakim
рахмет! Сен болмасаң бұл жалған…
Tarazkyzy
Мерекелеріңіз құтты болсыншы!!!
satibaldi
құтты болсыншы!!!
Запы болыпсыз ғой?
aikarakoz
Әй, айналайындар-ай! Жарықтықтарым-ай! Мерекелеріңізбен! Құтттықтайтмын!
Abilakim
сотталған адамдар құсап недаволні айттыңыз ғой
Tarazkyzy
Интонацияны дұрыс қойып оқысаңыз, басқаша ойлар едіңіз
Delhi
Жігіттер отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңдар. Жүректерің оттай лаулап, жандарың әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңдар. Еңбекте табыс тілеймін.
Жігіттер, жүректерің таза болсын,
Жолдарың биік-шыңға ашық болсын.
Егіз бір қозыдай боп бақ-дәулетің,
Өмірің толысқан бір бақыт болсын. Құттықтаймын!
asaubota
тек әскерге барғандардың құттықталғаны дұрыс па деймін
Abilakim
әскерге барып «комисовать» етіліп кеткендер ше?
Tyulpan
тек әскер болғанда, басымызға күн туса бетін ары, бізді қорғайтын сіздер — жігіттер ғой. сол үшін бөліп-жармай, барлығын құттықтау керек.
araika
Ал, жігіттер, мерекелеріңізбен! Ел тыныштығы бұзылмасын, сіздер аман болыңыздар!
Abilakim
Қайда сол күндер...Қайда сол қыздар…