Елордалық студенттерге есірткінің зияны туралы айтылды

Бүгін жоғарғы медицина колледжінің студенттері үшін «Химиялық заттарға тәуелділік» тақырыбында тренинг-дәріс өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Дәріс өмірлік қиын жағдайға тап болған әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастарды қолдауға бағытталған профилактикалық іс-шаралардың әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.


Астана полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі есірткі қолданудың салдары және нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы айтып берді.


«Қазір жастар арасында интернетте жарнамаланатын есірткенің синтетикалық түрлері және шегуге арналған түрлі қоспалар туралы айтылады. Есірткі қолданудың алдын алу мақсатында біз үздіксіз жұмыс жүргіземіз. Осындай кездесулерде біз есірткі мен түрлі белсенді қоспаларды қолданудың зардабы туралы айтамыз. Дәріс барысында бейне роликтер мен слайдшоулар көрсетеміз. Менің ойымша мұндай іс-шаралар студенттерге есірткіден алшақ болуды үйретеді. Дәріс соңында олардың бізге ұсынылған  ақпаратымыз үшін алғысын білдіретіні осыған дәлел болса керек», — дейді Әлия Қибатқызы.


Айта кетейік, осындай тренинг-дәрістер Астанадағы барлық орта оқу орындары мен ЖОО-да жүргізіледі. Қорытынды шара ретінде нашақорлықтың алдын алуға арналған дөңгелек үстел өтеді. Аталмыш іс-шаралардың барлығын «Астана жастары» мен Полиция департаменті ұйымдастырады.


Түзу жолдан тайған жанның әңгімесі немесе көзге емес көңілге әсер ететін кино жайлы жазба

Киностан: Түзу жолдан тайған жанның әңгімесі немесе көзге емес көңілге әсер ететін кино жайлы жазба
Есть только один грех – глупость.

Оскар Уайльд

Елдің бәрі екі жыл бұрын емешектері езіліп көріп алғанда, құр қалған мен, осы олқылықтың орнын толтырайын деген ниетпен бүгін жынданып тұрып дискісін сатып алдым. Қазақша “Адасқандар” деп аударылған (осы аударманы кішкене түсінбедім, себебі орысша нұсқасында жекеше түрде тұр ғой. Одан да “Түзу жолдан тайған жан” деп пе аударса да болар еді деп ойлаймын да. Мақұл, артық әңгімемен миларыңызды ашытпайын), “Так и передай ему, к…н айырам” /Рекетир/ деп Русланның аузына сөз тастап, кино түсірген және онысы жалпы жамағаттың жүрегіне жаққан Ақан Сатаевтың фильмі “Заблудившийся” туралы айтып тұрмын. Енді, міне, “ел жатса да енекем жатпайды” деген жұмбақтың визуалды мысалы болып, түн ортасында Сіздерге арнап ревью жазып отырмын (Алда, айналайын-ай, деп көзіңізді бір шылап аласыз осы жерде).
Әрі қарай