Құтқарушылар «Донор күні» акциясын өткізді

Астаналық ТЖ департаменті мен Өрт сөндіру қызметінде «Донор күні» акциясы өтті. Акция қан тапсырып, өзгелердің сауығып кетуіне көмек бергісі келгендерді жинады, деп хабарлайды елорда әкімідігінің ресми сайты қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы  қызметкерлері ТЖД және Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерінен донорлық қан алды. Акцияға барлығы 50-ге жуық адам қатысты.


Қан тапсырып, көмек беруге Департаменттің және Өрт сөндіру қызметінің басшылығы мен жеке құрамы келді.


«Азаматтық міндеттерін орындауға тәжірибелі құтқарушылардан басқа Өрт сөндіру қызметінің жас қызметкерлері де келді. Олардың басым бөлігі алғаш рет қан тапсырса да, бұл іске жауапкершілікпен келген. Барлығы медицина қызметкерлерінің ұйғарымына сәйкес қан тапсыруға дайындықпен келіп отыр» – делінген хабарламада.


Қаламыз жаңалықтары

Керекинфоның баяғыдан келе жатқан тұрақты-тұрақсыз оқырмандары мен жаңадан қосылып жатқан «новичоктарына» сәлем! Аяулы Алматымызың қызықты жаңалықтарымен таныс бола отырып, қаладағы болып жатқан әдемі іс-шаралардын қалып қоймаңыз.

Әрі қарай

Эфтаназия "Иә" мен "Жоқ"...

Мен өз басым 70-80ге келгенше өмір сүргім келмейді. Сары тісті, ақ шашты ана болу кез-келгеннің арманы екені рас, мені де кейде «здоровый» ойлар мазалайды, бірақ қалтырап дірілдеп, етті талмап жеп, балаларыма масыл болғым келмейді (балаларым олай ойламайды деп үміттенетіп, тірі жүрсем). 60тан сәл асқаннан кейін, бақилық болуды бұйыртса деймін Құдай…
Әрі қарай

Қан тапсырушылар мерекесі


Бүгін халықаралық донор күні. 1930 жылы /Карл Ланштейн //қан құрамын анықтап, /оның 4 топтан тұратынын анықтаған. Соның құрметіне, /ғалымдар /14-інші маусымды /халықаралық донор күні деп жариялаған. Бүгін донорлардың төл мерекесімен барлық еліміздегі ерікті қан тапсырушыларды шын жүректен құттықтаймыз. Сол кісілердің арқасында мыңдаған адамдардың өмірлеріне араша түсуде.   Дерек мына жерден

Сурет мына жерден.
Әрі қарай