Windows XP операциялық жүйесіне 10 жыл толды дейді ғой

Бүгін, 24 тамызда, Windows XP операциялық жүйесіне 10 жыл толды, деп хабарлайды Сybersecurity.ru.

2001 жылы 24 тамыздан бастап Microsoft Windows XP операциялық жүйесінің алғашқы көшірмесін корпоративті пайдаланушыларға бере бастады. Алайда жүйенің бөлшек негізі сол жылдың 21 қазанынан берілген.

Бұның алдындағы серверлік және клиенттік нұсқада беріле бастаған Windows 2000 жүйесінен айырмашылығы Windows XP тек қана клиенттік жүйеде жұмыс істейді.
Дереккөз: www.inform.kz/kaz/article/2400532
Әрі қарай

91-лердің вешіріне бармауыңызға (бармауымызға) не кедергі?

Баяғыда вешір дегендер болатын. Қазірде бар шығар ауылдарда. Бірақ баяғыдай емес. Біз вешір жасағанда бізге келіп тілек айтады деп 1974-ші жылғылардан бастап әр қайсысына «Пщеничный» мен «Агдамнан» дайындап қоятын едік. Біздің (84тердің) вешірге 74-терден бастап 86-ларға дейін кіріп шығар еді. Біз де сол кездерде біразына кіріп шығатынбыз. Қазір олай емес. 89 отыр ма, басқа ешкім бармайды ол жерге. Сіздерде білмеймін, бізде қазір осылай жағдай.
Әрі қарай

Вешірге дайындық...вешір...

Мереке қарсаңында әр жылғылар әр үйде жиналып вешір жасайды. Сондай оқиғалар біздің ауылда былай өрбитін. Әуелі, ептеп тиын-тебеннің басын құраймыз. Содан кейін барып жаңағы ақшаға не келетінін есептейміз. Тәтті-пәттілерді үлкендер жағы арқылы ауданнан алдыртамыз. Ал ішімдік жағын ауылдағы төшкілерден аламыз.Қыс болса ақшаға, жаз аяғы болса екі қап бидайға бір вино (нағыз қанаушылық екен ғой) аламыз.Ақ арақты да ұмытпаймыз. Өзімізден он жас үлкендерден бастап бізге кіріп шығатындарға бір-бір шөлмек дайындап қоямыз.
Вешір басталады. БІреу жүгіріп келеді.
-74-тер келді, кіруге ұялып тұр қыздардан…
Бір шөлмекті құшақтап қораның артына немесе дәлізде ағалардан ақ тілек тыңдаймыз. Осылай кете береді. 78-79дан бастап столға отырып кетеді. Арамыз 5-6 жас қой енді,ұят емес тә…
Арт жағында кластың қыздары үлкендермен кетіп қалады. Қыздарға жынданғаннан не пайда… Жылдар өтеді вешірлерге жастау қыздарды тарта бастайсың. Кластың қыздары бұнымызды жақтырмайды мұндайда. Оларды ешкім вешірге әкетпейтін болғанда бұл күндері…
Әрі қарай