Атаңнан артық не айтам?

Өзіңнің емес, өзегенің қателігінен үйрен дейді ғой білгіштер. Дұрыс шығар. Бірақ, бұл өте қиын шаруа екені анық. Басы тасқа тимейінше беті қайтпайтын бекіре балық сияқты, адам да өзінің мұрны қанамайынша өзгенің ақылын тыңдауға пейілсіздеу келеді. Әйтпесе, атадан қалған ақыл қанмаша. Ақша мен байлық туралы мақал-мәтел де жетерлік. Үйренем десең – мархаббат. Тыңда, жатта, түсін.
Әрі қарай

Әлемдегі ең биік ғимарат

Әлемдегі ең биік құрлыс алаңы өз жұмысын бастады
Сауд Арабиясындағы Жидда қаласында Kingdom Tower деген атпен ірі архитектуралық жоба жасалынды. Бұл ғимарат әлемдегі ең биік архитектуралық ғимарат болмақ. Осы жылдың наурызынан бұл ғаламат жобаның ірге тасы қаланды.
Әрі қарай

Біз байлыққа батуымыз керек

Мына сөздерді кейбір қазақтар айта бергенді жақсы көреді /батыста бәрі/: «Мынадай байлықмен біз Арабия сияқты байлыққа батып отыруымыз керек. Әрбіреуіміздің жекке шотымызда мындай мың доллар құюы керек мемлекет.» Сосын мндетті түрде «16-ақ млн қазақты асырай алмай отыр» тағысын тағылар.
Неге сол сөзді былай айтпайды: «Мына байлықпен біз Англия сияқты біліміз дамыған, инфрастурктурасы мықты, санамыз жоғары ел болуымыз керек деп»
Арабияның шіріген понт байлығына, тым асыра сілтенген гламурына қызығады да өздері «жастар еңбек еткісі келмейді, тек бірден топ ете түскісі келеді жылы орынға» деп айтады.
Әрі қарай

Бузескудiң миллионер сығандары

Румын елiнiң елордасы Бухарест қаласының маңында Бузеску деген қалашық бар. Сол жерде тек сығандар және тек миллионерлер тұрады. «Сыған» мен «миллионер» деген екi сөздi бiр сөзтiркесiнде қолдану мүмкiн еместей болғанмен, бұл Еуропаның ең кедей елiнде байлыққа батып жүрген gypsy-лердiң қалайша бұл халге жеткенi туралы, және олардан ғибрат алар не бар екенiн атап өтсем...Қараңдар жараңдар, осындай сыған бар
Әрі қарай

Фляк-фляк бақыт

Кеше әкемнің үлкен апасының (әпкесі) үйіне бардық. Бұрындары өз үйім болмаған кезде сол үйде бір жылдай жатып жұмыс істегенмін. Әр ненің басын шалып отырып көкем (ол кісіні Көке деп атаймыз бала кезімізден) маған бір құттықтау қағазын (открытка) ұстатты. Ішінде мені туған күніммен құттықтаған текст бар екен.«Мына кісі жасына жетпей алжыған ба? Туған күніме әлі 2-3 ай бар ғой» деген арам ой сумаң ете қалды іште. сөйтсем бұны маған 2005-ші жылы ауылдас балалар сыйлаған екен. Ауылдың қыздарының, достарымның басын қосып туған күнімді тойлаған болатынмын.
Тілекте әлемдегі жақсылықтың барлығын, мол денсаулық, фляк-фляк бақыт, адал махаббат бәрін тілепті. Бұның бәрі дұрыс қой, айтқандары келсін!
Астында 50-60 мың теңге айлық, бірдеңе-бірдеңе байлық деген жолдары бар екен.
2005-ші жылы мен көп болса 20 мың алған болармын қолыма әлде 23-25 болар.
Ана тілеген айлықтары қазіргі менің айлығым. Тура 60 мың. Тбаймайттар 150-200 мың тілей салса несі кетеді?! қағазға жаза салу қиын ба?
Суреттің сілтемесі
Әрі қарай

Байығыңыз келе ме?

Бәлкім мына себептердің арасынан өзіңіздің не үшін байығыңыз келетінін табарсыз:
— Сіз кедей болудан әбден шаршағансыз, қалай тартсаңыз да жетпейді, қалаған тұрмақ, қажеттіні алуға да кейде ақша түскір жетпей жатады.
— Ай сайын коммуналдық төлемдердің қағазын көріп, жүйкеңіз жұқарып жүрген шығар. Әсіресе олардың соңғы кездері тоқтаусыз көтеріліп жатқаны жанды жейді.
— Өзіңізді жағдайы нашар адам ретінде сезінуден жалықтыңыз, себебі жақсы көретін адамдарыңызға лайықты сыйлық жасай алмай жүрсіз.
— Жақын адамдарыңыздың (ата-анаңыз, балаларыңыз) ақшаның жетіспегенінен қамығып жүргенін көргенде жүрегіңіз сыздайды.
— Жөндеу, үй жинау, бау-бақша күту, кешке үйге жұмыстан қайтар жолда дүкенге соғу, балаларды киіндіру, қыс, көктем, жаз, күз… жалғасып жатқан уақыт, денсаулығыңыз сыр бере бастады. Бірақ мұның бәріне қызметші жалдауға ақшаңыз болмаған соң, өзіңіз істеуге мәжбүрсіз.
— Көзге көрінбейтін, мүмкіндігі шектеулі, қалағанына қол жеткізуге тұрмыс тапшылығы жібермейтін, біреулердің қол астында ғана жұмыс істейтін адам болудан шаршадыңыз.
— Таңнан кешке дейін жұмыс істейсіз, одан тапқан табысыңыз жылына ең болмағанда бір рет комфортты жерге барып демалуға жетпейді.
— Қанша тырыссаңыз да материалдық жағдайыңыз еш өзгерер емес, бірақ уақыт болса өтіп жатыр, әлемді аралап, ел-жер көргіңіз келеді.

Ендеше осыны оқыған уақытыңыздың орнына баюдың жолын іздеңіз!
Әрі қарай

Бірінші байлық - денсаулық

Бір жарлы жігіт жас күнінде оқыған ұстазымен жолығып, өзінің бұл күнде кедей болғандығын шақты. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткенде, өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін сөйледі. «Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің?» — деді ұстазы. «Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың» және шәкіртінің қолын көрсетіп сұрады: «Сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің?».
«Құдай сақтасын! Он мың сомға да кестірмеспін» деді жігіт. «Қаншаға берер едің жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты аяқтарыңды?» — деді ұстаз. «Мен бұларды дүниенің малына да айырбастамас едім», — деді шәкірт. Сонда ұстаз шәкіртке: «Қалайша енді осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің?» — деді ұстазы.
Әрі қарай

Сидни Шелдон


АҚШ жазушысы Сидни Шелдон 11 ақпан 1917 жылы Чикагода дүниеге келген. 30 қаңтар 2007 жылы 89 жасында қайтыс болған. Шын аты-жөні – Сидней Шехтель. Прозаик, сценарист. 1937-2007 жылдар аралығында үздіксіз шығармашылықпен айналысқан. Криминалдық драмалар, детективтер, махаббат туралы романдар жазған. 1947 жылы «Оскар» жүлдесін алған.
Екінші дүниежүзілік соғыста авиацияда қызмет етіпті. 1941 жылы азаматтық өмірге оралып, мюзиклдар жаза бастапты. MGM пен Paramount Pictures студиясына сценарийлер жазған. 1970 жылғы романы Эдгар По атындағы премияны ұтып алады. Романдары 56 тілге аударылып, 300 миллионнан астам таралыммен жүздеген елдерге тараған. Оның сценарийлері бойынша 25 шақты фильм түсірілген. Жазушыны «бестселлер» деп атайды екен.
Былтыр осы жазушының «Таңертең, күндіз, түн» атты 1996 жылы жазған романы қолыма кездейсоқ түскен. Шыны керек, Агата Кристидің бір ғана кітабынан басқа детектив оқымаған басым, Шелдонның аталмыш романынан бас ала алмай қалдым. Қысқасы, романды бір темппен үзбей оқып шықтым.
Бүгін «Керекке» кіріп қалсам Нұржанбай америкалық Теодор Драйзерді ұсынған екен. Осы моментті пайдаланып, мен де Сидни Шелдонның қай шығармасын оқысаңыз да өкінбейсіз дегім келеді. «Утро, день, ночь...» романында Гарри Стэнфорд атты мультимиллионердің өз балаларынан аяған байлығы өзіне де, өзгеге де бұйырмай, ақыры ит өліммен өлгені, өлгенде де кімнің қолынан ажал құшатыны туралы жазылған. Тағы не болатыны туралы айтсам қызық болмай қалар. Одан да өзіңіз оқып алсаңыз, күшті болар еді.
Айтпақшы, Сидни супер жазушы ма, классик па оны білмейді екем. Так что, қоқысқа кете ме, кетпей ме, оны да білмеймін. Бірақ, жазғандары шытырман, тілі орамды, оқырманды өзінен кетірмейтін қасиеті бар.

himanshublogging.blogspot.com/2009/04/sidney-sheldon-tribute.html — сурет мына бір үндіс баланың блогынан алынды.
Әрі қарай