Фляк-фляк бақыт

Кеше әкемнің үлкен апасының (әпкесі) үйіне бардық. Бұрындары өз үйім болмаған кезде сол үйде бір жылдай жатып жұмыс істегенмін. Әр ненің басын шалып отырып көкем (ол кісіні Көке деп атаймыз бала кезімізден) маған бір құттықтау қағазын (открытка) ұстатты. Ішінде мені туған күніммен құттықтаған текст бар екен.«Мына кісі жасына жетпей алжыған ба? Туған күніме әлі 2-3 ай бар ғой» деген арам ой сумаң ете қалды іште. сөйтсем бұны маған 2005-ші жылы ауылдас балалар сыйлаған екен. Ауылдың қыздарының, достарымның басын қосып туған күнімді тойлаған болатынмын.
Тілекте әлемдегі жақсылықтың барлығын, мол денсаулық, фляк-фляк бақыт, адал махаббат бәрін тілепті. Бұның бәрі дұрыс қой, айтқандары келсін!
Астында 50-60 мың теңге айлық, бірдеңе-бірдеңе байлық деген жолдары бар екен.
2005-ші жылы мен көп болса 20 мың алған болармын қолыма әлде 23-25 болар.
Ана тілеген айлықтары қазіргі менің айлығым. Тура 60 мың. Тбаймайттар 150-200 мың тілей салса несі кетеді?! қағазға жаза салу қиын ба?
Суреттің сілтемесі
Бөлісу:

22 пікір

kaspi_meruerti
Фляк-фляк бақыт деген қызық естіледі екен. Бізге де бір шелегін форточкадан жбере салсаңызшы
salta
мен де бүгін Апитогымның 2010 жылы жазған открыткасын тауып алдым. Жылағым келіп кетті… қатыгез екенмін
know_how88
Тбаймайттар 150-200 мың тілей салса несі кетеді?!
Енді біраз жылдардан кейін сол 150-200 мыңның құнының өзі сол 50-60-тай болып қалып жатса, неге бірден млн асырып жібермеген екен дерсіз әлі)
ken
хехехе, Обләкім, қатырасың))
Gastarbaiter
Қағазға емес осы жерге жазайық, Шиваның құлағына шалына берсін.
Әбіл, айлыққа қарамайтын, өзің жұртқа айлық беретін күнге жеткізсін! Және фляк-фляк бақыт та ешқашан артық болмайды
dark_nazgul
Цистерна цистерна бақыт тілеймін)))
Abilakim
ол бақытты артықсынып тұрғаным жоқ)))
laura-west
Айлығың шайлыққа жетсе болдығоо,байлыққа жетпейд «полюбому»…
Adiletshu
200 мың айлық алсаң да жетпейді
Gastarbaiter
Неменеге жетпейтінін нақтыласаң?
Abilakim
ақшаң көбейген сайын қажеттілігің артатыны белгілі. Мысалы 60 мың айлықпен 7 мың төңірегіндегі туфли кисек, 200 мыңға 20ның аяқ киімін алғымыз келеді. Бірақ, қанағат деген бар емес пе? Қазіргі нарықпен есептесем біздің қалада 150-200 мыңмен норма өмір сүруге болады.
Gastarbaiter
мен сол 150-200 мыңмен 30 мың айлық алатын адамның аяқкиімін кием бүгінгі күні, еш өзімді кем сезінбеймін(1,5 мың теңгелік кроссовки, 2 мың теңгелік футболкадан бір екі пар) бітті сонымен жаздан шықтым бұрын бойдақ кезде айлықтың жартысынан көбі киімге кететін, журналдар қарап, өзімді «успешный» сезіну үшін түрлі сән трендтерін бақылап, стиль туралы мақала тауысатынмын
Қазір орталыққа жыртық көйлек, жыртық джинсымен шығып кете берем. Поқи. Подлецу все к лицу деп жүре берем. Бастысы таза болса болды Өзім өзіме стильмін, өзім өзіме законодатель моды нақ, ұрмайды, раххат)))
Marationok
Просты, сен ондай пижондық жастан шығып кеттің. Мал жанды болдың дегендей, жанұя қажеттілігі бар, бірақ, тағы күт, орта жастын дағдарысы алда..
Gastarbaiter
Мужиковать етіп кеттің деш)) Шақырылған тойға енді шорты-шлепкамен бармаймын енді әлі де
Zilola
Мен де ажаптауыр айлык алсам да, арзан киiм аламын, кейде кымбатын. Бастысы жалакым кобейген сайын iрi зат алуга мумкiндiк артады, 2-3 айлыктын басын кураса миллион болады, одан жамандык корiп турганым жок, керiсiнше кредит алгызбайтын керемет жагдай.
Marationok
Айлықты қайтесің, Әбеке? Бір жылқының басындай алтын десең…  немесе лауазымды қызмет десең… құлдарың болғанға
Armanjan
Әбеке жалғыз ғана жол тұрған сияқты. Жоғары лауазымға қол жеткізуге талпына бер. Сосын сыбайласып-жемқорласып өзің-ақ аз ғана уақытта шалқып шыға келесің (сосын жеңгеміздің де құлақ етін жей бастайсың тоқал мәселесін көтеріп. Мұны енді өзің айтқансың тоқал алайын десем жағдайым көтермей тұр деп )
Abilakim
Сыбайлас жемқорлық ))) «Керектегі» жалғыз әскерге барған адам деген атағыма, «керектегі» түрмеге отырып келген деген лауазым жетпей тұр еді)))
boztorgai
фляк-фляк бақыт
цистерна десе тілінің бір жеріне ұшық шыға ма екен тегі