Жаяу жүргіншілерді машинамен қағып өтуден Әлем чемпионаты өтеді



Ресейдің Пенза қаласында жаяу жүргіншілерді машинамен қағып өтуден Әлем чемпионаты өтеді. Жарыс ережесі бойынша мейлінше алыс қашықтыққа ұшырғандар жоғары ұпайларды еншілейді. Чемпионат алдағы сенбі күні таңғы похмельден кейін басталмақшы.

Сондай-ақ машина астына түсу бойынша экстремалдардың конкурстан тыс жарысы да өтеді. Мамандар осы конкурс барысында тиын істеудің амалдарын көрсетіп, мастер-класс бермекші.

Еліміздің қаққыштары бұл сайыстарға сақадай сай отыр.
Әрі қарай

Ақтөбеде...

Мұғалжар ауданында 57 разьезде Ембі қаласының қасында Ақтөбе-Алматы жолаушылар пойызын тепловоз келіп соққан. Соның салдарынан 3 адам жарақаттанып, 1 адам ауыр халде жатыр. 30 адамдай ауруханаға түсіпті.
кімнің кесірінен....?

1. жолаушылар
Әрі қарай

Банкомат ақша бермей қалса



2 күн бұрын шұғыл ақша керек боп қалып, карточкамды басқа банктың банкоматына салып едім 10 мың алайын деп. Ақша бермей қалды. Сосын ерінбей сол банктың банкоматына барсам, баланстан 10 мың шегеріліпті.

Ертеңіне банктың карт-сервисіне телефон соқтым. Олар тексеріп қарады, иә 10.000 + 350 комиссиясы блокта тұр екен деді. Блоктан шешіп, қайтадан өз есебіме түсіру үшін банктың кез келген бөлімшесіне барып өтініш жазуым керек екен.
Әрі қарай

Автомобиль жылдымдығын жақсы көрушілерге

Мына видеоны көрген соң көлікті жылдам айдау былай тұрсын, көлік айдағым да келмей қалды.

Автомобиль апатынан жылына Қытайда-98470, Үндістанда-94970, АҚШта-43440, Бразилия мен Россияда-34000нан адам көз жұмады екен.

Осыдан біршама уақыт бұрын өз нағашым көлік апатына ұшырады. Үлкен жолдың бойында 160км/сағ жылдамдықпен келе жатып астындағы көлігі қотырдан секірген. Сол кезде нағашым көліктің есігін өзін-өзі ашып сыртқа лақтырған. Машина жол жағасына тұмсығымен түсіп, рөлде отырған досы сол мезетте қайтыс болды.



Ойлан! Біреудің обалына қалып жүрме!
Әрі қарай