Банкомат ақша бермей қалса



2 күн бұрын шұғыл ақша керек боп қалып, карточкамды басқа банктың банкоматына салып едім 10 мың алайын деп. Ақша бермей қалды. Сосын ерінбей сол банктың банкоматына барсам, баланстан 10 мың шегеріліпті.

Ертеңіне банктың карт-сервисіне телефон соқтым. Олар тексеріп қарады, иә 10.000 + 350 комиссиясы блокта тұр екен деді. Блоктан шешіп, қайтадан өз есебіме түсіру үшін банктың кез келген бөлімшесіне барып өтініш жазуым керек екен.
Бүгін бардым, жаздым. Дәл сол күні сондай авариялық жағдай болып қалды деді менеджер, оны маған телефондағылар да айтты. Бірақ банктегілер де, телефондағы оператор да кешірім сұраған жоқ мұндай жағдай үшін. Ақша енді 10 күн ішінде түседі екен. Мен сияқтылар көп екен, менімен бірге бір жігіт өтініш жазды, әскери форма киген офицер екен. 73 мың ала алмай қалдым, ал сол күні пәтерақымды төлеуім керек еді деді. 10 күн ішінде қайтарылады дегенді естіген кезде банктың шешесімен жыныстық қатынасқа түскісі келгенін мәлімдеді.

Бұл мысалдың моралі: мүмкіндігінше басқа банкт банкоматына салмаңыз, осындай жағдай бола қалған жағдайда паника жасамай банкке барып өтініш жазыңыз.

P.S Есебімді сайт арқылы да қарап, басқарып отырамын. Телефон арқылы да бірнеше сұраққа жауап беріп, мен екенімді дәлелдедім. Сонда неге өтінішті де электронды түрде қабылдай салмайды екен деймін. Соншама уақыт құртқызбай. Сонда электронды қызмет деген не үшін керек?
Бөлісу:

72 пікір

patick
Сол баяғы ескі стеоротип: Электронға сенуге болмайды, қолмен дрочить еткен әлдеқайда сенімді :)
sammita
тура осы жағдай болды інімде де! Бірақ ол өз банкінің банкоматынан ақшасын ала алмай қалды. «Банкоматтан квартплата төлейін деп 32 мың алайын десем, 22 мың шықты да қалғанын бермейді, қайта тексерсем ақшам жоқ» дейді. Вокзалдан. Содан жұмыстан шыға алмай, 3 күннен соң барса, нешетүрлі сұрақтар қояды дейді: "Қай жерден, нешеде алдың? (чек те бермеген ғой банкомат)қандай купюрамен алдың т.б. 10 күн ішінде тексереміз депті оған да. Халық банкі.
sammita
масқара, жаңа осы есіме түсіп хабарлассам былай жазып жіберді: "Қайта қайта тексергеним ушин 1000 т. алып қойыпты".
patick
Банкттердің өзім байқаған ерекшеліктерімен бөлісе кетейін:

Халықбанкінің қызметтеріне көп жүгінбеуге тырысыңдар. Біріншіден, сервистері малдық деңгейде, екіншіден, банкоматтан әр операцияға жөн-жосықсыз ақша ұстай береді, үшіншіден, картаны жұтып қою деген сияқты ақаулары көп болады.

Банкцентркредиттің банкоматтары жап-жаңа банкноттар береді. Қолға ұстағанда күшті, «шытырлатып» рақаттанып қаласың.
sammita
көп жұмыс орны банк, банкомат таңдау мүмкіндігін бермейді, жыным келеді. Сосын амал жоқ ұсынған банкті таңдайсың.
Центркредит ұнайды өзіме, содан алам айлықты.
alisha
Мысалы, маған Центркредит ұнамайды. «Жұтқыншақтың» көкесі осылар.
alisha
әр аймақтағы бөлімшелердің қызметі әр түрлі болуы мүмкін, біздікілер осылай әйтеуір.
alisha
менің күйеуімде де болды. «Карточкаңызды алыңыз» деген… алған. «Ақшаңызды алыңыз» деген де сөніп қалған мүлдем. 10 мың блокта қалды. 10 күнде емес, ай жарымда әзер түсті. Айтпақшы, ақшаны 20 секунд ішінде алып болмаса, ақшаны кері «жұтып» қоятынын ескертетін тек Халық банкі сынды. Былтыр бір жұмыстасымыздың 5 мыңы көзімізше жұтылып кетті. Центркредит.
Abilakim
30 мың алмақ болған жігітке екі жүздіктермен 15 000 берген банкомат. Қалған 15ті қайта алайын десе шотынызда ондай сомма жоқ дейді.Банктегілерден сұрасақ, қалғанын бермей қалуының себебі ірі ақша болмағандықтан көп екі жүздіктер симай қалыпты.
sammita
не дит? Сонда банкоматтан ақша алғанда санап алу керек пе???? Олай жасап көрмеппін. Көп банкоматта лимит болады, жүз мыңнан асса, қалғанын бермейді, келесі жолы не шамалыдан соң аласың. Ал мынаны білмеппін.
alisha
«алған-салғанымыздан» пайда табу үшін ақшаны әдейі қырық бөліп беретін "құйтырқы" банкоматтар да болады
sammita
поштаға хат келмейтіні қиындау болды, кімнің кімге жазғанын ұқпай…
saken
банкоматтан екі жүз теңгелік купюраны өмірі алып көрмеппін (қазір бермейді де, мен білсем). Жоғарыдағы оқиға екі жүз теңгенің құны бар уакытта болған ау, сірә?
alisha
беретіндері бар, бірақ сирек… төбесінде жазылып тұрады 200 сомадан жоғары бере аламыз деп;
satibaldi
Тап сен қоя қойш осы а?
alisha
бақа шықсын деп жатсың ба, Сатекс))) жыламаймын бәрібір, сосын кетпейм, нақ)
satibaldi
Сірә, жалақыңыздың жоғарылығы сонша: Сізге екіжүздікпен берген банкке тиімсіз шығар…
sammita
Құдайға шүкір, төрт бөліп алатындай да ақша аламыз кейде.
satibaldi
Оны әлгі әтірлеріңізден түсіндік енді…
sammita
кімге жазғаныңды білмеймін, поштаға хат келмейді қазір. Бірақ саған деген ниет түзу менде:)
satibaldi
Бұл күні оңудан біржола кеткен адамзатқа ренжуді де қойдық қой осы. Қам жеме, оқасы жоқ.
omarbirat
Басқаларын қайдам, Қазкомның банкоматтары 200 теңгеліктерді қазір де береді. Ол үшін көрсетілгеннен басқа сомаларды таңдап, 200, 400, 600, 800 деп жазу керек.
satibaldi
Зимбабведе банкоматтар жалақың жүз мың болса -жүзмыңдық, бес жүз мың болса — бесжүзмыңдық, очм қанша болса — соншалық бір купюрамен бере салатын көрінеді.
omarbirat
2009-дан бері ол ақшаларды қолданбайтын болыпты. Сірә, инфляцияның қарқындылығы соншалық, бюджеттерінде ақша дизайнын жасап берушілерге төлеп беретін ақшалары қалмаған болса керек :)
satibaldi
[В 2008 году инфляция составила 231 миллион процентов]
Тәлібтер )))))))))))))
satibaldi
«Біз де банкомат қояйықшы!» дегенде, Антуан Шәріп хан:
— Тұра тұрыңдар, әуелі қазақтарды бақылайық! — деп еді.
Жарықтықтың айтқаны келген екен ғой. Кассир Қатын Изольда апайдан сыңғырлатып он бес сестерцийді санап алып, түйіншекке беліңе байлап алып жүргенге не жетсін.
urimtal
Бір ресторанда карточкаммен есеп айырыспақ болып карточкамды ұсынсам, даяшым қайтып келді: "Қабылдамайды" дейді. Басқа карточкамды беріп едім, сонымен төленді. Ертесіне не керек, әлгі банкке барып, карточкамды тексертуге тура келді. (Магнит лентасы бүлініп қалды ма деген қауіп қой)Мәселе, ресторандағы карта оқитын автоматта болып шықты.

мораль: Қазақстанда карточкамен есеп айырысу қауіпті. Себебі карт терминалды көз алдыңа әкелмейді. Алып кетеді де, саған чекті ғана әкеледі. Негізі көзіңше болып, сен өз карточкаңды ешкімнің қолына ұстатпау керексің, әрі пинды өзің енгізу керексің ғой. Біздің қызмет көрсету орындарында пин сұрамайды. Вжть еткізеді де болды!

Амстердам әуежайының екінші қабатындағы кофейна да қатырған. Даяшының жұмысқа алғаш шыққан күні деп қалдым. Басында басқа сумма енгізіп, сосын қателесіпппін деп басқа сумма енгізді. Артық ақша төленгенін елге келген соң бірақ білдім. Қожанасырлығым алдағы уақытқа сабақ болатын болды ғой :)

Оффтоп болып кетсе, ғафу етіңіздер
patick
Бір официантты танитын едім. Ол картамен төлейтін клиенттер келсе құдайлары беретіндігін жасырмады. Қалағаныңша шай-пұлдық алып қаламыз дейді.
asaubota
жалпы бір сөзбен айтсақ: Қазақстанда қызмет деген нәрсе жоқ. Қызмет деп тек Ф.Гүлен шәкірттерінің Аллаһ рызашылығы үшін істеп жүрген тірліктерін айтуға болады.
AKY
Шотыңда сонша ақша болмаса да, минусқа кіргізіп жіберу мүмкін бе? Өткенде шотымда небәрі 5000 тг. болған, 4000-ға зат алып, карточкаммен есеп айырысқам. Енді кеше жалақы түсті дегенге тексерсем, тура 40000 тг. жетіспейді((( Бухгалтериядан түбіртек алатын, демалысқа тап болып тұрмын((
AKY
Шынымен жеп қойған болса, әлгі бутикке барып дәлелдеп, ақшаны қайтып алу мүмкін бе? Берген чектерінде 4000 деп тұр.
urimtal
карточкаңызды тіркеткен банкке барып, карточкамен төлем жасағанда қанша ақша ұсталғанын көруге болады. Егер интернет банкингіңіз болса, сол жерден де көре аласыз. Мен әдетте sms құлақтандыру қызметін қостырамын. Карточкамнан ақша алынса, 5 секунда sms келіп, қай банкоматтан, қанша сома алынғанын хабарлайды. Менікі — kazcom
AKY
Менің ақшамды «MOTIVI» жемепТ, бухгалтерия қателесіп, аз түсіріпті. Шу шығардым ғо. Ақшамды түгендеп алдым, ля-ля-ля!
Khan
мини-выписка дегенді алып тексеру керек қой.
omarbirat
Азық-түліктерді S'MALL дүкенінен аламын. Көбінесе Қазкомның карточкасымен есеп айырысамын. Бұрын АТФ терминалдары тұрғанда пин енгізуімді сұрамаушы еді. Қазір онда Қазкомның терминалдары қойылғалы бері пин кодын енгізуімді сұрайтын боп жүр. Жалпы, Қазкомның терминалдары тұрған жердің бәрінде солай. Өз карточкаларынан пин-код сұрайды. Осындай түсініксіз жайттар боп тұрады менде :)
urimtal
казком-ның технология жағынан қызмет көрсетуге жақсы көңіл бөледі. Альянс Банкте де солай деп естідім. Айтпақшы, егер Темірбанкте инетте шот болса, соткаға бірліктерді комиссиясыз салуға болады. Сондай акциялары жүріп жатыр екен. Соны естіпп алған соң ғой Алматыда «Единицы загружаемдар» көбейіп кетті. :)
patick
Абибас — Киген адам пибібас.
19852407
біздін компания казкоммен жумыс істейді тек. Жуықта Қызметті жазба келді…
«Грантум» (казкомнің «дочкасы»)зейнетакы қорына ауысуға «кеңес» берген ) ))
Khan
БТА Банк карточкаларының иесі болғаннан ұтарың көп. Көптеген төлемдерді (коммуналдық, салық т.б.) жасауға болады, комиссиясы да аз.
asaubota
осыны жазғаныма 1,5 ай уақыттан асты. ақшам әлі қайтарылған жоқ. бүгін хабар келді, 15 мамырда карточкаңызға түседі деген. ал ол кезге дейін менің карточкамның мерзімі бітеді. жеке есебіме аударылатын болды. обшым БТА өз клиенттерінің құқығын қорғай алмайды екен, ертең асықпай пост жазамын бұл туралы.
konvict
Шет елдік біреу маған еліміз туралы мынадай жауап берді:
[12.04.2011 23:42:43] Chris Merriman:

Seriously, off the top of my head, incedibly bad driving habits, red tape (bureaucracy), lack of understanding the basics of customer service (though this is slowly improving in some sectors), perceived rudeness to strangers (though this is balanced out by real warmth and feeling once you become a friend), a complete lack of ability to queue for anything, complete lethargy when it comes to complaining about something to shops/the authorities to get things done correctly when problems occur.
edige
Боқтаватыр ол
konvict
Меніңше шындық
serjan
Мыналарды оқып отырып жалақысы ең азы мен бе деп қалдым.
satibaldi
Мен қазір жылайм.
serjan
Мен қазір жылайм
оған сенімдімін.
sammita
Мұғалімдер ақшаны кассирден алатын шығар ия.
edige
Карточкамен, счет кітапшамен алатындары да бар гой…
sammita
ауылда деймін.
edige
— Пенсионный фондқа, газет-журналға, басқа банкке ауысқанға услугаға, өткендегі комиссияға жинағанымыз, Нұротанға взосқа, суға, светка, газға, осы айдағы 2 мерекелік дастарханға, білім бөліміне силыққа, концтоварға, олимпиадаға, ҰБТ тестке, вуфетші қарызын алып кетті, директор категория алғаның ұстады...қалғаны міне — деп «армандап келген» айлығыңның қолыңа титімдейі тиіп, кассирге налып шығып келе жатқанда каридорда тізіліп отырған "-қарызды қайтар" лар… :(((
Тойлар бар екен ғой әле
AKY
Сіздің есіңізге-ақ бірдеңелер түсе береді екен)
edige
Бұл жерде ақ пейіл, шын көңіліңмен ШЕШЕСССС деп айтасың
edige
Бастан өткен құрғырлар ғой
edige
«Осылар жинап байып жатыр» деп айтылатын ұлағатты нәлетін естімеу үшін ремонтқан краскіге де алып қала алсаң жақсы
sammita
айлықты бұзбай алған жақсы әрине. Дегенмен аса қат болмаса жұмысқа әкеп сататын дүниелерге қызықпаған жөн. Тегін алғандай боласың да дәл сол кезде. Ауылда зейнетақы, айлықты толық қолына алатындар аз ғой, қарыз қайтару керек… жетпейді оның өзі…
serjan
Мұғалімдер ақшаны кассирден алатын шығар ия.
ЙӘ йә банкомат деген сөзді бірінші рет естіп отырмыз. ол не жейтін нәрсе ме?
sammita
оқушыларыңды аяп отырмын:(
edige
Ал ол аямайт :)
serjan
Аясаң өзің келші мұнда, олар банкоматты жейміз деп жатыр.
edige
Платеж терминалдың алдында қырғын «айлыққа өшірет»…
sammita
сенің нервіңе қатысты айттым. Әліппені ежіктеп түсіндіргендей болдым-ау.
serjan
Оқушыларым саған салем айтып жатыр.
serjan
Әліппені ежіктеп түсіндіргендей болдым-ау.
Апай мен түсінбедім тағы бір рет түсіндіріп беріңізші.
Janasil
Шешессі… Бүгін кешке жұмыстан соң үйге шәйға анау-мынау алайын десем ақшам аз боп қалды да, сол дүкеннің ішіндегі жалғыз Альянс банктің (сол маңайдағы жалғыз) банкаматына картамды салып 500 бере қой десем кешіріңіз орындай алмаймын дейді. Енді не істем деп тұрсам смс келіп тұр «сізден 500 тг алынды деген». Қайта салып тексерсем ЖОҚ 500 теңгем!!!
satibaldi
serjan
Қойшы ей сен де, көрсететін басқа бірдеме іздеші.
Erlan
Берсең қолыңнан, бермесең жолыңнан деп)) маңдайынан ұрып, таңдайынан түсірмеген, сабырлы екенсіз ))
sammita
өкінішті:(
(шеше туралы жазбай-ақ қойсаң да болатын еді)
Жанасыл, кеше қарыз шәйімді ішу үшін барсам, жоқсың ғой…
Janasil
Келесі жолы! Кеше қырсыққанда сағат 6 дан бастап жұмыс көбейіп кеткені.
asaubota
БТАның сайтында қанша email адресі бар соның бәріне жалоба хат жазып едім, жарты күн ішінде ақшамды қайтарып берді. енді істес болмаспын бұл банкпен.