Америкалық режиссер Джеймс Кәмеронның «Аватар» фильміндегі на'ви аталатын Пандора ғаламшарының ойдан алынған тұрғындары Кіндік Азияның көшпелі түркілері көрінеді.
Өзімде «Ойбай, көшпенділік дегенді біреу кемсіту үшін айтты» деген паранойям жоқ.
Бұндай паранойясы бар адамдар, көбіне «Ойбай, қазақтар көк көзді, еуропа пішіндес болған, бізді моңғолдар құртқан» дейтіндерден шығады. Құртса, онда сенде моңғолдың қаны басым ғой, демек сен еуропалыққа қатысың шамалы ғой!" -десең кәдімгідей намыстанады.
Көшпенділерді көрдіңіз ба.Мен сияқты мән бермей көрген болсаңыз, тағы бір анықтап қарауға кеңес берем. Фильмде Абылай ханды тәрбиелейтін ұстазын қалмақтардың ұстап келіп, ат таңдап бер дейтін жері бар.Тура сол кадрға мән беріп қарасаңыз, арт жағында сонау қырда 2 джип тұрады арқандалып.Общм сол кездегі қазақтар джиптерді арқандап қойып, атпен жүрген екен ғо.
Жұмыста бірге істейтін шопыр көкем айтқанда қое деп едім.Сөйтсем шын екен. Жылт еткен кадрдан байқасаң қасқиып джип тұр.Әлемге көрсетіп, беделімізді арттырамыз деп, ат арылтып АҚШ-тан актер алдырып түсірген фильмде сондай қателіктер бар екенін білгенде ұяттан жарылып кете жаздадым. «Әлемдік кино» үшін кешірілмес күнә.
Көктемнің алғашқы күндері де басталып кетті. «Маслиница-фышт» деп орекеңдер де мәз. Жалпы, біздің бабаларымыз қыстың қатты болуын қораға аузына шөп тістей кірген қойдан болжаса, көктемнің қашан шығатынын да болжай білген. Жалпы жан-жануарға қарап болжау әр халықта бар.Негізгі айтпағым мынау.
Ескіше наурызда яғни, 13-ші наурыз күні қойдың құмалағын қардың бетіне қойып қоятын болған. Кешке қарай құмалақ қарға кіріп көрінбей кетсе көктемнің ерте шығатынының белгісі. Бала кезімізде үлкендер "Құмалақ түсті ме?-деп жатушы еді. Сол сөздің мәнісі осында жатыр екен.
Жоңғарларға қарсы соғысты Ұлы Отан Соғысы деп атасақ — қате айтқандық болмас. Өйткені, бірнеше жүз жылға созылған жоңғарларға қарсы күрес ақырынды біздің жеңіспен аяқталып еді ғой. Қаншама адам мерт болды, қаншама мал-жан қырылды — бұл тек Құдайға ғана мәлім. Экономика мен нарықтың заманы болса, кеткен шығындардың мөлшері бірнеше «алты нөлдің» долларымен көрсетілер еді :)