Атырау летом как - Лондон...ведь и Атырау туманный альбион...

«Летнигіннен — подъезім тыныш» Урусланнын магазинге кірердегі әңгімесі…

Қоңыржай белдеуде орналасқасын, жылдын 4 мезгілін толықтай көреміз… Епт бұрында жаз болса керім еді… масасына да уйренгенсін кайф өмір ғой… Ақ жайыққа тусіп батып
Әрі қарай

мирко болсада блог қой айтеуір, содан...

«Бекет, Әй Бекет… тиме! тиме дейм… пульт кайда? сөндір светті» Қарлығаштын айхайынан))))

«Ты сделал круг в сторону Университета, и по МАИ?! и тебе никто не посигналил… значить ты лузер» (Атыраудағы машинасы бар жастардын қаумалайтын
Әрі қарай

Travotah & Skif

Атыраулық Travotah ака Стелс пен ақтаулық Skif бірігіп микстэйп шығарды. Өзіме ұнаған біреуін назарларыңа ұсынамын. Әсіресе, басқа қалада тұрып ауылын сағынып жүрген батыстықтар үшін маңызы болар деп ойлаймын :)



Микстэйпті толығымен жүктеу. 116.25 МБ
Әрі қарай

Сатыбалдымен кездесу

Блог - sigma: Сатыбалдымен кездесу
Осыдан жылжарым- екі жыл шамасы, күнделікті күйбің тіршілік. Малагентім шар ете қалғаны, «кім-ай, бұл!»- деп, қарасам «шешесі ит малрудың» деген адрестен екен.
Әрі қарай

Атырауша балық асу

Блог - asaubota: Атырауша балық асу

Атыраулық достарымызға қонаққа бардық. Балық асыпты, орташа үлкендіктегі екі сазан. Басы да бөлек беріледі екен. Дәмді болды, сорпасы да керемет. Еттен кейін таза шұбат. Сосын шәй.
Әрі қарай

Тойға барсаң...

сурет http://www.photosight.ru сайтынан алынды

Ертең тойға барамын. Жиенім үйленбек. Басқа жақта қалай екендігін қайдам, біздің Атырауда той бақ-дәулетің мен әл-аухатыңды ел — жұртқа мойындатудың бір формасына айналып бара ма деп қаламын. Той иелерінің бұл тұрғыдағы әрекеті ақтап алуға келмесе де, бірдеңе етіп түсіндіріп беруге болады. Ал, сол тойға жиналған қонақтардың әрекеті… Ех, қарным ашады… Біреу қолына микрофон ұстап, "әу" десе болды, ағайын-туған, дос-жолдас қолдарына 1000-2000 мыңдықтарын жалп-жалп еткізіп ортаға жүгіреді кеп… Жо-жоқ, өнерді бағалаудың бұған түк қатысы жоқ… гәп бәсекелестікте. Ел көруі керек!!! Олар тойды көтеріп жатыр!!! Кейбіреулер тіпті осындай оңай олжаға дәнігіп алған, бірі баласын, енді бірі немересін ортаға итергіштеп, ән салдырған, немесе би билеткен болады. Әрине, жоқ дегенде 20 мың жинап кететіне сенеді ол! Әйтпегенде ол Атыраудың тойы бола ма?! Сонда қалай боп кетті өзі?! Шашуға 10 мың салып қойдым, беташарға 2000 беремін...әлгі Гүлсім әжейдің баласы "Қара жорғаны" билемей қоймайды, оған бір 1000 салып қоюым керек. Данияр өлең айтады, нағашылары дым бермеді деп тағы айтып жүрер, оған 1000 тағы керек… Меруерт тағы бар, мәссаған, қалтамда 500 теңге ғана қалады екен, ех, Гүлсімнің немересі мен Даниярға 1000-1000-нан бергенде, біздің қызға 500 беріп деп тағы өкпелейтін болды-ау шешесі..Қой, біреуден қарызға сұрап, 1000-ға жеткізіп беруім керек… Тағы бір 2000 керек! Біздің атыраулық асабалар қонақтарды опыр-топыр ойынға шығарып, ойыннан шығып қалғандардан ақша қалдырып кетуді талап ететінді шығарып жүр… Дүйім жұрттың алдында «Ақшам жоқ!» деп қайдан айтайын(((Менде тіпті жолақыға қалмай бара жатыр ғой, ей!
Әрі қарай