Атырауша балық асу

Блог - asaubota: Атырауша балық асу

Атыраулық достарымызға қонаққа бардық. Балық асыпты, орташа үлкендіктегі екі сазан. Басы да бөлек беріледі екен. Дәмді болды, сорпасы да керемет. Еттен кейін таза шұбат. Сосын шәй.

Блог - asaubota: Атырауша балық асу
Сазанның бастары

Блог - asaubota: Атырауша балық асу
Ет осылай беріледі екен, тұздығы бөлек кеседе, етті нанына орап, тұздыққа батырып жейсің.
Бөлісу:

66 пікір

omarbirat
Балық асып жеп көру керек екен. Біз қуырылғанын, тұздалғанын, ысталғанын, консервіленгенін ғана көргенбзіз ғой :)
omarbirat
қосып қояйын: тірісін, базардағысын :))
mirss
Бұл дүниенің атын бешбармақ секілді «балбармақ» десе қайтеді...өзім де дәмін татқам кезінде
ken
асылған етті шымкентте "қамыр ауқат" деп те атайды. сонда мынау «балық ауқат» болады ма?
alisha
Аршат, мынау менің Қарлығашымның қолынан шыққан тағам емес пе?
asaubota
жоқ, мұны кеше жедік Астанада. Қарлығаш-Алмастарда кәдімгі ет жедік :)
alisha
атыраулық досым дегесін бізден кеп жеген екен десем?
asaubota
атыраулық дос көп қой менде :)
gerakl
Алмас брат пен Қарлығаш (ханым) Ацсотонода ма еді?
asaubota
жоқ, олар Атырауда ғой. оларға барғанда балық емес ет жедік деймін.
alisha
Қызық? Сіз кім болдыңыз сонда?
gerakl
Айтпаймын :)
alisha
залдан көмек?
sammita
мен де айталамаймын;)
gerakl
Сілекейім өгіздей шұбырды.
asaubota
балықтың уылдырығын жей алмаймын, қуырылғаны жақсы.
alisha
О, маған да ұнайды қуырылған уылдырық!
Nurgisa
Атырауда балықтың басын жесең, сол жақта мәңгіге қазық қағып, қалып қоясың. Атыраулық наным.
asaubota
Ақтөбенің арағын ішсең мәңгі бақи сол жақта қалып қоясың деп мен де өтірік соғып жіберейін ба? :)))
Nurgisa
Атырау балық-жарағымен,
Ақтөбе воткі, арағымен.
«Дабай» даналығы.
gerakl
Wimpex :)
omarbirat
«Вімпех» деген арақ жақсы деген біреудің сөз есте қалыпты :))
sammita
«Журавлик» пен «Дәстүр» де ниче;)
omarbirat
Олар мұнда шыққандары ғой. Ана сөзді естігеніме оншақты жыл болып қалған :)
sammita
уаауу, балық асу деген осындай болады екен ғой. Бірақ, дәмін аузымда «елестетіп» бешбармақтың қамырымен балықтың дәмі қалай үйлесетінін қызық көріп отырмын… Жылқы етінен жасалған бешбармаққа әй жетпейді-ау. Қыста семіз жылқы, күздікке сиыр сойып бешбармақ асуды уот, түсінемін:)
alisha
балықтың «балбармағы» аса ұнамайды маған, қуырып жегенге жетпейді!
ErNur
ия дәмді болады балық еті. Оралға барғанда апамның үйинде асып беріп еді. Оның дәмді болуы сойуына да байланысты екен. Мен сояйын дегенімде апам өзім соямын абайлап соймаса өті жарылса дәмсіз болады деді асқан кезде
gerakl
Өті жарылғанда лезде салқын сумен жуып жіберу керек.
Nurgisa
— Әй, ана балықты қор ғып, шынжырға байлап қойғаның не?
— Қысқа бордақылап жатырмын. Соғым ғып соям.
— … әә, әйтеуір жемін уақтылы сап тұр.
gerakl
Бұрын ата-анам балықты сібежи етіп сату үшін, су құйылған үлкен ыдысқа құтыларды салып қойып жүрді. Олар шыдамды келеді ғой. 1 аптаның үстінде аман-есен өмір сүре береді :)
monti
Атырауда қара/қызыл икраларды тойда қояд дейд не деген байлық ә)))
атыраулық тойларға мені шақыруды ұмтып кетпеңіздер ;)
gerakl
Сенің агентіңнен спам келе береді :)
Nurgisa
Атырауда қара/қызыл икраларды тойда қояд дейд не деген байлық ә)))
деп ойласаң жаңылысасың. Атыраудың өзінде нағыз қызыл балық пен уылдырық тиын-тебен тұрады деп ойлау жаңсақтық. Удай қымбат. Сондықтан Атырауға жолсапарлатып бара жатқандарға «олай» салық салуды доғарыңдар :)
gerakl
соны айтам. сосын біздерді, атыраулықтарды миллионердің баласы деп ойлауды қойыңдарш :). жалаңаяқ кедейдің баласымын.
monti
жоға балдар түснем ғо бәрін :) Былай очм қара икра Атыраулық ұнайд дегенім ғо)))
Abilakim
Алматының Балқаш ауданында да асады екен.Барған туыстарым айтып келген.Өзім Балқаш қаласында оқысам да балықтан жасалған «бесбармақты» жемеппін.Сірә,әзірлемейтін болар.
sammita
пойызбен Балқаштан өткенде балық сатып алатын дәстүріміз бар. Балқаштан кейін вагон іші сырахана иісіне ұқсап кетеді:)
alisha
сенсеңіздер, мен әлі күнге шейіе қызыл уылдырықтың дәмін татып көрген емеспін және мендейлер ӨТЕЕЕЕ көп, тіпті әрбір екінші атыраулық!
saken
балықты тек қана Атырауда ғана емес біздің жақта да асады. Кішкентайымыздан талай жеп өскен тамағымыз ғой.
Қарма дегенде тамақ істейді балықты асып.

пысы: бірақ балықтан кейін шұбат ішкендеріңіз қызық екен. Себебі балықтан кейін ағарған ішуге болмайды деп айтылушы еді.
asaubota
ешкімнің іші өткен жоқ :)
saken
одан емес. Басқа жағдайға байланысты. Аралдықтар жақсы біледі.
omarbirat
Қарма дегенде тамақ істейді балықты асып.

Балық асатын кезде "Қарма" деп айта ма? Түсінбей қалдым :)
saken
балықты ет сияқты қылып асқан бір бөлек (жоғарыдағы суреттегідей).

Қарма деген тамақ бір бөлек. Балықты бір қайнатып алғаннан кейін, тікенін тазалап, сорпасына қайта салады. Содан кейін оған қамырдан кеспе дайындап қосып қайнатады. Опшым жындыыы тамақ.
mirss
отқа қарыған балықты айтатын шығар
alisha
о, ысталған балық та күшті ғой...өзім балық десе, есім кетеді. Бүгін балық қуырмасам, араным апан боп отыр;))))))))))))
alisha
Айтпақшы, осы балық бесбармағының нанын тұздыққа батырып жейтіні қызық, тұздығы — тұздық, удддай!
Bekjan
Мдааа, бұл балық жеу мәресімі туралы әңгіме болғанда мен де болған сияқты едім… Дәметіп қалып едік сол кезде..:)))
asaubota
ол «елдің» президенті айтқанымен «премьері» сендерді тізімнен сызып тастаған ғой. :)
Aikona
Көру керек екен дәмін татып. Бала күнімде папам ухо жасап беруші еді. Қазір тек қуырылған мен ысталғанын жақсы көрем. Балқаштың балығы сұмдық тәтті ғой. Атыраудың балығын бір-екі рет ғана жегем.
alisha
Онша емес пе?:((
Aikona
Жоға, тәтті. :)))
Abilakim
Ерболат Құдайбергенов «Балқаштың балықтары балдай екен, Атыраудың балықтары қандай екен?» деп әндетіп жүр деп қойсай
Aikona
:)))))))) Ой Әбіләкім-ай таппайтының жоқ осы сенің
Abilakim
иә, кеше ақтарып отырып бірінші курста ақша төлеген түбіртегімді тауып алдым. Ол дегеніңіз 2001ші жыл ғой
Erkekyz
Мен Шардараның балығын жегенмін, майлы, тәтті. :)
Айтпақшы, осы балық бесбармағының нанын тұздыққа батырып жейтіні қызық, тұздығы — тұздық, удддай!
Наны деген қамыры ма?
alisha
иә, біздер оны еттің наны деп айтамыз;)
ErNur
Орал жақтан еттің нанын іңкәл деп айтатынын естідім.
alisha
іңкәл-диалект сөз, бұлай деп те айтылады, бірақ сирек… дұрысы — қамыр ғой.
NurbekLukpanov
Қамыр шикі күйі, іңкәл сол оқтаумен жайылқан қамырдың піскен күйі
sammita
Шардараның балығын мен де жегем ысталғанын, күшті.
bazuka
Балық бесбармағының дәмін оралдықтардың қолынан татып көргем. балық жеуге болмайтын мен үшін аздап қиындау болды)))) бірақ өте дәмді болды. Жайықтың балығы қолдарыңызға тисе міндетті түрде асып жеңіздер.
Huan
Ya tuzdikka malip. zhesen kaif. kizil balikti askan unaidi. sorpasi baz jazarga taptirmaidi!
Djina
Өз басым балықты айтпағанда уылдырықтың бағалы екі (қара,қызыл)түрініңде дәмін татып көріппін. Қызыл түрі көп кезіге бермейді, тек кеденшілерде болады. Ал қара түрі базарда сатылады.Былтыр 1 килосы 60 мын болган.Тұрақты тұтынушы ретінде апалар кейде 5000 тг.болсада жеңілдік жасайтын…
psiholog
Арал мен Қазалы жақта да балықты осылай асып жейді.
ArturGabbasov
Жанбайлык рыбабарондардын созiне сенсек! Заманында бекipeнiн iшiн жара салып тек уылдырыгын алушы едiк дейдi.Жанбай-Атыpay облысы, исатай ауданындагы нагыз балыкшылaрдын мекенi.