Сатыбалдымен кездесу

Блог - sigma: Сатыбалдымен кездесу
Осыдан жылжарым- екі жыл шамасы, күнделікті күйбің тіршілік. Малагентім шар ете қалғаны, «кім-ай, бұл!»- деп, қарасам «шешесі ит малрудың» деген адрестен екен. Әккіміз ғо, пропиліне зу ете қалдым, лібә, Саттың өзі екен. Содан сол кезде дбоинік дей ма, лжеСатыбалдылар көб ед. Ені бұны қалай тексерем деп, анаған-мынаған хабарласа бастадым. Құдай өлтірсін бе? Сатыбалдыға өлердей ғашық болып, сөйлесем деп өлердей таяқ жеп, түңіліп кетсе де жазбаларын жібермей оқып жүрген қызды тауып, анығын содан білгем.
Ия, не жазғанын айтпаппын ғой, «мен Атырауға барамын, қабылдайсыңдар ма?»- дейт. Келем деп тұрса келме деп не сорың, құлақтан нетіп кетпесін деген оймен пелентің кәне дегендей ишарат білдірдім.
Содан не керек, келді ғой. Пері періні алыстан танид ди ма? Қасында бойы метржарымнан екі елі биік, түрі қап-қара бала бар, баласы ма деп қалғам алғашында сөйтсек өзіміздің Нақұрыс екен. Сатекең енді сайтындағы (мал руды айтам)суреттегідей бір қарағанда, бір қарағанда өзі суреттегендей. Обшым танымай қалу мүмкіндігі қарастырылмаған екен. Күніге неше түрлі блог-сайттарға ( өзінікін есепке алмағанда) мақала пікір жазумен айналысатындықтан ба бүкірлігі орындыққа отырған қалпында тұрады екен, саусақтары ұзын, бетінің қақ ортасында жұдырықтай мұырыны бар қарапайым адам екен. Жай адам әлгінің әңгімесін тыңдай алмайды екен, оны өзі де біледі, сондықтан алдын ала бір мақаламды және жиырма комментімді оқып келіңдер деп рекемендейді екен. Атыраудағы Сатыбалдышылдар біраз екен, үлкен жиын болып жақсы отырдық. Таң біліне үйге кетейін деп машинемді іздесем, шопыр бала сатекеңнің аңгімесіне шыдай алмай іші өтіп кетіпті.
Келесі күні біздің үйде қонақта болып кетті…
Бөлісу:

16 пікір

sammita
мынадай билет бір сайтта ма блогта ма жарияланғаны есте. Ақыры немен біткенін білмедім. Ол кезде Алматы сапарына алынған билет деп еді.
sammita
әлі күліп отырмын:))) (сигма деген қыз деп жүрсем:)
alisha
Ойбай, ол екі баланың әкесі! Кеше баласы соткама соғып, біраз әңгіме айттық;))) Айтпақшы, Сигма, анықтадың ба?
sammita
жоқ, мен жынысын ғана айттым. Басқасында шаруам жоқ.
sigma
Пропилімді қарай салмадың ба
sammita
сол енді қарап жатырмын ғой:))
alisha
басқа бір ниетіңіздің бар немесе жоқ болуына қатысты қандай да бір ымыра білдірмеген сындымын…
sammita
баласын неге жазасың деймін, а? настрымды құртып:)))
alisha
еркек болғанда да екі бала тудырған еркек дегенді айтқым келген… шанс жоқ дегенді емес… соңында зілді ноқта /нүкте/ қойылған сөйлемдер де менің настр-мды құртады…
sigma
мәссаған, к...і ашып тастад
alisha
ее, қойшы, жараспайды саған…
Makhabbat
саусақтары ұзын, бетінің қақ ортасында жұдырықтай мұырыны бар қарапайым адам екен.

жаксы суреттепсің…
«мен о дүниедемін, менің бұл өмірде тек елесім жүр»-дейтін ед…
қарапайым адам екен гой:)))
VKM
интрижка:)))
Сатыпалдыны пиарить етіватр)))
nurbergen_makym
Е, сол дәуренді бір қайталасақ…