Нұрмахан МҰҚАНҰЛЫ: Шығармашылық адамы креативті болуға міндетті

НурмаханБылтыр интернетте «WiFi 25» атты шоу пайда болған-ды. Тұңғыш рет ҚазНетте жарық көрген интернет-шоу жастардың қызығып көретін бағдарламасына айналып үлгерді. «WiFi 25»-тің құрамы небәрі төрт адам ғана: Нұрмахан Мұқанұлы, Нұржан Еркінұлы, Әбіл Есентай, Махамбет Бейбітшілік. Солардың бірі, бұрынғы «Сөз тимесін» КВН командасының мүшесі Нұрмақанды әңгімеге тартқан едік. 


–Нұрмахан, сенің  шымкенттік екеніңді білгеніміз-бен, нақты туған жеріңнен хабарымыз аздау екен...
– Туған ауылым – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Тұрбат ауылы.  Шымкенттік, қазығұрттықпын дегеннен гөрі Тұрбаттанмын деген ұнайды. Өйткені, Тұрбат атауы құлаққа өзгеше естіледі. Көпшілік қыстыгүні әлеуметтік желідегі «статусына» «Дубайда, Гоадамын» деп жазып қояды ғой. Мен «Тұрбаттамын» деймін. Көбісі «Ол қай жақта? Пәкістанда ма?» деп қызығады.
– Мамандығың аудармашы екен. Медиа саласына қалай келдің?
–Ясауи атындағы халықаралық университетке түсуіме КВН әсер етті. Ол кезде «Көз тимесін» командасы премьер-лигада дүрілдеп тұрған еді. Сол жігіттермен бір университетте оқысам,
Әрі қарай

ВайФай 25 жігіттерінің сайты ашылды



Кім айтты интернет галстукты болуы керек деп? Кім айтты интернетте тек әдеби тілде болуы керек деп? Кім айтты интернет тек ұлтшыл ойлар, порно және Моймир деп? Міне мына жігіттер интернетте қазақ тілінде бірінші рет шоу бағдарлама жасап жүр. Бүгін сайттары да ашылды.

www.wifi25.kz
Әрі қарай

Жаңа интернет жоба: Wi-fi 25

  • KazNET


Жаңа жоба басталды интернетте, аты Wi-fi 25

Жігіттердің идеясы ұнады. Жалпы осындай стеб ұнайды маған. Біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Бірақ, ең болмаса интернетте мұндай жобалар болуы тиіс. Болашақта бұдан да жақсы болып кетер деген оймен жігіттерге сәттілік тілеймін.
Әрі қарай