Astra plat электронды жолақы төлеу жүйесі

Бүгінгі таңда еліміздің мегаполстерінде қоғамдық көлікте жүру ақсы электронды жүйеге көшті. Естеріңізде болса осыдан екі жыл бұрын Алматы қаласында «Оңай» жүйесі іске қосылған болатын. Бірақ, менің айтпағым бұл емес ;)
Наурыз меркесіне орай «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесі арнайы киіз үй тігіп, қала тұрғындарына дастархан жайған болатын. Аталған дастарханнан біз де дәм-ауыз тидік. Отырыс барысында Басқарма басшысы Бекмырза Егембердиновпен әгіме дүкен құрдық.
Блог - azoakpar: Astra plat электронды жолақы төлеу жүйесі
Оның айтуынша «Электронды жолақысын төлеу жүйесі елордамыздың интеллектуалды көлік жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, ол OMNIA – Астана қаласының ITS әмбебап плафтормасы аясында өзге жүйелермен біріктірілген». Жобаның негізгі мақсаты – қоғамдық көліктің тартымдылығын арттыру. Электронды жолақысын төлеу жүйесін және елорданың қоғамдық көлігінің диспетчерлеу жүйесін енгізу мына негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
• елорданың автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау қызметтері бойынша сапаны арттыру;
• жолаушылар тасымалдау саласында қаржылық айналымның ашықтылығын қамтамасыз ету;
• тегін жол жүру құқығын пайдаланатын санатқа жататын азаматтардың тасымалын қамтамасыз етуші тасымалдаушы кәсіпорындардың шығындарын өтеу көлеміне дұрыс есеп жүргізуге мүмкіндік беретін механизмді енгізу;
• елорданың үдемелі өсіп келе жатқандығын ескеріп, тәулік уақытына байланысты жолаушылар ағынын өзгертуге шұғыл талдау жасау есебінен жолаушылар көлігін сапалы басқаруды қамтамасыз ету;
• елорданың қоғамдық бағдарларына қызмет көрсететін әр көлік құралы жұмысының келесі өлшемдері бойынша жедел талдау: қоғамдық көліктің жүру аралықтарын (кестесін), жылдамдығын (жылдамдық режимін арттыру), аялдау ұзақтығын ұстану.
Блог - azoakpar: Astra plat электронды жолақы төлеу жүйесі
Сондай-ақ төлем картасында бірнеше жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен сіз қоғамдық көлікке мінгенде сіздің төлем картаңыздан арнайы құрылғы 90 теңге ұстап қалады. Алайда сіз бір сағат уақыт өтпей келесі көлікке мінсеңіз тегін жүресіз. Яғни бір сағатқа дейін сіздің картаңыздан ақша ұстамайды.
Блог - azoakpar: Astra plat электронды жолақы төлеу жүйесі
Сонымен қатар қоғамдық көліктерді бұрынғыдай сағаттап тоспайсыз. Қазіргі таңда елорданың әрбір аялдамасында арнайы монитор қойылған. Сол арқылы көліктердің неше уақытта аялдамаға жететінін қарап тұруға болады. Я болмаса Смартфоныңызға «astrabus» бағдарламасын жүктеп алыңыз. Ол тіпті ыңғайлы. Бағдарлама арқылы үйден шықпай-ақ көліктердің қозғалысын бақылап отыруға болады.
Блог - azoakpar: Astra plat электронды жолақы төлеу жүйесіБлог - azoakpar: Astra plat электронды жолақы төлеу жүйесіБлог - azoakpar: Astra plat электронды жолақы төлеу жүйесі
Сөз соңында хабарландыру: «Астана қаласының Жолаушылар көлігі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қоғамдық көлікке жүргізушілер қабылдайды. Жынысқа шектеу жоқ. Тек жас ерекшелік 25 пен 63 аралығында болуы тиіс. Жалақысы 200.000 тг. Орын саны шектеулі. Так что асығыңыздар ;)
Әрі қарай

Азаматтардың жеңілдікті санаттарына арналған атаулы көлік карталарын тарату мерзімі ұзартылды

Жеңілдікті санаттарына жатқызылған азаматтар атаулы көлік карталарын 3-15 маусым аралығында Республика даңғылы, 31 мекен жайы бойынша «Жастар» сарайында орналасқан пункттен алуына болады.

Көлік картасын алмаған азаматтар жеңілдікпен жүру құқығын растайтын құжаттарды көрсетіп, қоғамдық көліктермен (қала маңына қатынайтындардан басқа) тегін жүре алады. Ал мамыр айында фототіркеуден өткен азаматтар көлік карталарын аталған пунктен алып кете алады, фототіркеуден өтпеген азаматтар жақын арада ашылатын арнайы кассаларға жүгінуі керек.

Жалпы, азаматтардың жеңілдікті санатына арналған 54 мың атаулы көлік картасын беру жоспарланған. Қазіргі кезде 42 мың карта таратылды.

Астана жаңалықтары: Азаматтардың жеңілдікті санаттарына арналған атаулы көлік карталарын тарату мерзімі ұзартылды

Естеріңізге саламыз, карталар тегін, сондай-ақ, елордалық бағдарлар — қалалық және экспресс маршруттармен (қала маңына қатынайтын маршруттармен жүру оқушылар мен жеңілдікпен жүретін азаматтар үшін ақылы болып қалады) жүру үшін толтыру қажеттілігінсіз таратылады.

Еске салайық, 4 мамырда Astra Plat электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында азаматтардың жеңілдікті санаттарына көлік карталары беріле бастады. Ережелерге сәйкес, Астана қаласының тұрғындары және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының қалалық филиалынан әлеуметтік төлемдер алатын азаматтардың төменде көрсетілген санаттары қоғамдық көлікпен тегін жол жүреді:

— жасына қарай және еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер;

— жасына қарай зейнетке шыққандар және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындар;

— көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар;

— мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

— ҰОС қатысқандар мен мүгедектері, оларға теңестірілген тұлғалар;

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

ASTRA PLAT көлік карталарын беру автоматтандырылады

Қоғамдық көлікте қатынау карталарын беру процессін автоматтандыруға байланысты жеңілдікті көлік карталарын беру пункті техникалық себептер бойынша жабық болады деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

«Астана LRT» ЖШС Төлем жүйелері орталығының мәліметіне сәйкес, техникалық үзіліс карточкалардың жалпы санының жартысы берілген уақытқа алдын ала жоспарланған болатын. Қазіргі кезде мамандармен 54 мың картаның 26 мыңға жуығы берілген.

«Процедура автоматтандырылған, оператор арнайы қосымшаға азаматтың мәліметтерін енгізеді, сонда қажетті картаның қай секторда, қай қорапта жатқанын көреді. Бұл бір адамға 2-3 минуттың ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Осы күнге дейін карталардың жартысы таратылды. Сәйкесінше, кейбір қорапта карта көп, кейбірінде аз. Сондықтан, біз қалған карточкаларды реттеу үшін техникалық үзілісті алдын ала жоспарлаған болатынбыз, — деді Төлем жүйелері орталығының директоры Сергей Попов.

Астана жаңалықтары: ASTRA PLAT көлік карталарын беру автоматтандырылады

Еске салайық, 2016 жылғы 4 мамырда қоғамдық көлікте «ASTRA PLAT» электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында «Жастар» сарайында азаматтардың жеңілдетілген санатына атаулы көлік карталары таратыла бастады. Жобаның бірінші кезеңін 31 мамырға дейін іске қосу және экспресс пен қала маңына қатынайтын маршруттарды қамту көзделген. Бұл жүйе тасымалдау қызметтері үшін қаржы түсімінің айқындылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Әрі қарай