Мерекені қалай тойлаудамын?
Күн суық. Қашанда кешігіп жүретін әдетіме басып, Алматыдан келген таныстарды Астананың аязына үсіріп, әйтеуір кездесетін орынға әрең дегенде жеттім. Бұл орын — Астана-Арена еді. Мұнда келуімізге себепкер — «Тәуелсіздік — қазағымның арманы» атты музыкалық дастан. Ғимараттың есігіне жету қандай қиын еді: алдымен күзетшілер билетпен өткізеді, келесі айналмалы есіктен сол билетті тексертесің. Онан қала берді ішке кірген соң... тіпті фотоаппаратымды суретке түсіртіп тұрып тексерді ғой.
Әрі қарай