Фанаттар баннері қалай жасалады?



2012 жылғы Еуромаусымда қазақстандық клубтардың ішінде алысқа шапқаны әдеттегідей «Ақтөбе ФК» еді. Соңғы бельгиялық Генкке қарсы матчта Ақтөбе Орталық стадионының «13-сектор» фанаттар бірлігі орналасқан секторында үлкен баннер ашылды. Баннерде Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт, Әбілхайыр хан ескерткіші және шаңырақ бейнеленген. Астындағы жазу: «ЕЛ ҮМІТІ КІШІ ЖҮЗ». Бұл сөздер шовинистік мақсатта емес, Кіші жүздің жауынгерлігі қасиеті туралы, Ақтөбенің Еуропада қалған соңғы команда, соңғы үміт екені турасында жазылған.

Ал енді осындай 2 минут қана ашылып тұратын баннердің қалай жасалатынын қарап көрейік.
Әрі қарай

Фанаттық өмірімде 20 "выезд" жасаппын


13-sector фанаттар тобы құрылғандарына 5 жыл толуын баннер және фаермен атап өтуде. 25 тамыз 2011. Ақтөбе — Жетісу матчы.

Жақында Қарағандыға «Шахтер» — «Ақтөбе» матчына барып қайттым. Бұл фанаттық өмірімдегі жиырмасыншы выездым екен. Выезд сөзін түсіндіре кетейін: выезд деп фанаттар өз командасының басқа қаладағы ойынына сапарын айтады. Яғни, мен жиырма рет басқа қалаларға барыппын 5 жылда.
Әрі қарай