Түскі обед кезі болатын. Анамның дайындап қойған мантысының екеуін жіберіп, үшіншісін шанышқымен шанши бергенде көршіміздің сегіз жасар ұлы Санжар ентігіп кіріп келді. Өрт! Өрт! дейді. Біздің үй өртеніп жатыр! Қолымда шанышқы, ұшында манты, екеуімізде сыртқа ата жөнелдік. Санжардың төрт жарым жасар інісі Нұрісләм үй ішінде қалып қойды ма деген ой бірден тепті басқа.
Сирена ұйқымды бұзды. Барып қарасам, өрт болып жатыр. Өрт сөндіруші машиналар өртенген жерден алысқа тоқтап, ұзын шлангілерін апарыпты: себебі мұрттыбаймайт жүргізушілер көліктерін жолдың шетіне парковкі етіп алған. Тар жолға кішкене көліктер сыймаса, үлкен машина сыймайды. Шіләңгінің ұзын болғаны да жақсы болыты.
Қазіргі тұрып жатқан үйдің батареясы жаңа салынған үйлердегідей контролі жоқ, КСРО кезіндегі Хрущев заманының үйлері дит. Қала күніне орай өлтіріп ремонтын да жасаған, жаңа Астананың кейбір үйлерінен кем емес, қайта оларға қарағанда комфортный мен үшін. Бүгін жаздың шілдесінде отоплениені жіберіп қойғаны түсініксіз. Энергиялары тасып бара жатса, басқа жақа жібермей ме.