Шымкентте "Бекжан" базары өртенді


Бүгін таңда Шымкенттің ірі базарларының бірі «Бекжан» базары өртенді. Өрт себептері анықталуда.

«Базар өртеу мода болып барады. Былтыр „Самал“ базары өртеніп еді» дейді шымкенттіктер.



Сурет және видео авторы: М.Д
Бөлісу:

27 пікір

edige
21 шілде сол жерде жаксы жиын болган еді сыныптастардың…
asaubota
04-45те басталған дейді, әдейі өртеген ғой біреулер
aikarakoz
Базардың төрт жағынан от қойылып, өшіруге еш мұрша бермейтін жалынға ұласыпты… Жетіскеннен базар жағалап, саудаға шығып жүрмеген қарапайым халықтың қанша наны кетті… Обал-ақ.
saginish
Құдай сақтасын! Арты жақсылықпен аяқталсын!
rymbek
Не ғо, бәсекені жеңудің оңай жолы
Zilola
Шымкенттегі ең жақсы білетін жерім осы Бекжан базары еді.
Қаланың сыртында жақсы орналасқан базар еді, әр барған сайын қалаға кірместен базарлап алатынбыз. Туыстарымызға хабарластық, өздері аман, тауарларының барлығы кетіпті сол өртте. Өздері аман болсын, ал Рамазанда өрт қойғандардың жазасы Алладан!
Onlasyn
Екі жыл тұрып бір бармаппын осы базарға
bazuka
Обал болған екен, әдейі істегендер жазаларын алсын!
GulL
 несі бар екен халықтың тамағын асырап отырған жерден айырып. Обал
gauxar9595
саудагерлерге Аллаһ сабыр берсін…
Onlasyn
Қай жылы Самал базары өртенген еді
ruben
ол да Рамазанда болған. шамасы, ағзадағы дегридатация жарымдарды бастан тепкен-ау!
Zilola
өткен жылы, былтыр
Onlasyn
алдыңғы жылы болса керек
Zilola
Ұзынқұлақтан естігенім, адам шығыны да бар екен, жаңалықтардан айтты ма екен ол жайлы?
Janasil
Алдымен атыс болған. Күзетшілердің барлығы өлтірілген, 25 адамның денесі табылған. Деген ақпарат естідім. /ләйм өтірік болсын/
aikarakoz
Бұл өтірік сияқты. Бір ғана адам мәйіті табылды деп жатыр ғой…
Janasil
просты бізде ресми хабар мен шынайы хабар сәйкес келе бермейді да.
aikarakoz
Оны білем… Ағамның сыныптасы сол жерде кілем сататын. Бір күн бұрын жаңа тауар қабылдаған екен. Бір білсе, солар білер еді ғой дейм да…
Daniar-Alan
екеуің әп-әдемі ақ әңгімелесе алады екенсіңдер ғой
aikarakoz
Түкіріп қойыңыз! Көз тиіп жүрмесін
Daniar-Alan
Көз де тимесін, сөз де тимесін! Әуумиинн! (Сақалы беліне түскен ақсақалдың, сақалынан да ақ батасы қабыл болады деп сенейік )
Daniar-Alan
бір-біріңді пүлістеп дегендей