Соғыста болған жандар сөзімен...

Өзге қалаларда қалай екенін қайдам, Астана көшелеріндегі баннерлерге ҰОС ардагерлерінің суреті ілінді. Әрдайым жол бойындағы баннерлердің орындалу шеберлігіне, мәні мен мазмұнына назар аударып, «Креативті не бар екен?» деп қызыға қарап жүретін мені бұл өзгеріс таңқалдырды. Астанадағы алғашқы көктемім болғандықтан, бұған дейін бұлай жасалған-жасалмағанын білмеймін. Өзім бірінші рет көріп отырмын. Ал қазіргі ілулі тұрған баннерлердің дизайны ұнады. Қара фонға жарық беріліп, сол шуаққа қойылған жылы жүздер көз тартады.Келтірілген цитаталар да мәнді.
Әрі қарай

Хат жазып тұр... (Сұрапыл соғыс кезіндегі хаттар)

Біз соғысты көрген жоқпыз,
Естідік,
Соғыстан соң туғандармыз,
Етек жауып, ес біліп.
Соғыс үні жетім болып, жесір боп,
Тұратындай әлі бізге естіліп…

Ж.Әуелбайұлы

Соғысты көзбен көрмесек те, жүрекпен сезіне білу – біздің борышымыз деп білем. Бір сәтке өткенге оралып, соғыс жылдарындағы үзік сәттерге көз жүгіртелік...

Әрі қарай

Менің атам, 9 мамыр және Сталин

«Беломестная – Сабынино – Авдеевка аудандарында 1943 жылдың шілде айының 5-сі мен 17-сі аралығында неміс басқыншыларымен болған ұрыста, ауыр жараланған миномет командирін ауыстырып, қарсыластың 100 жуық жаяу әскерін жойып, шабуылды тоқтатты, 1 станокты және 2 қол пулеметін құртты.

Үкіметтік награда – «Қызыл Жұлдыз» орденіне лайық»


Әрі қарай

Видео-материалға қатысуға шақырамыз!



Достар! 9-мамыр Жеңіс күні жақындап келе жатыр. Осы орайда «Екпін» журналы сіздерді 21-сәуір, жексенбі, сағат 10.00-да, Алматыдағы Панфиловшылар саябағына арнайы видео-материалға қатысуға шақырады!

Ол үшін осы жазба астына келетініңіз жайлы пікір жазып, келерде соғысқа қатысқан ата-әжеңіздің үлкен фотосын алып келсеңіз болғаны. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тағы да бір рет алғысымызды білдірейік!

Қосымша сұрақтарыңыз болса: k.b.aizhan@gmail.com поштасына хабарласыңыз
Әрі қарай

Өткен мен болашақты жалғастырған бата

Дастархан төрінде денелі ата отыр. Үстіне киген шапанның екі жақ өңірін бел тұсынан ұстап, үлкен қарнының үстіне кере қапсырып:
-Үйдің кішісі қайда, бата сұрасын, -деді.
Үстел басындағылар алақандарын жайып, бата бергенін тосуда.
Үйдің кішісі атаның дәл жанына жүгіріп келіп:
-Иллә әмин!, -дегенде, ата батасын бере бастады:
-Сұрасаң, бата берейін, -деп айта бергенде, атаның көз алдына осыдан жетпіс жыл бұрын орын алған оқиға көріністері жүгіре жөнелді.
Әрі қарай

Немістердің қазақтарға таратқан листовкасы

Соғыстың алғашқы айларында немістердің қазақтарға таратқан листовкасы. Бұл листовканы Түркістан легионы туралы постыма суреттер іздеп отырған кезде тауып алған едім. Енді соны бөлек бөліскім келіп отыр.

Әрі қарай

Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін еске ала отырайық

Көпшілігіміздің аталары соғысқа қатысты. Сол кісілерді еске ала отырайық.

Менің атам — Ораз Тәжбағамбетов (1926 — 1985)
Ұлы Отан Соғысы ардагері, 1944 жылы майданға аттанып, Румынияны азат етуге қатысқан, Жеңіс күнін Берлинде қарсы алған. Ағасы Иманғали екеуі соғыстан аман оралған, ал әкелері Тәжмағамбет соғыста қаза болған.

www.obd-memorial.ru/ — осы сайт арқылы соғыста қаза болған аталарыңыз туралы деректерді таба аласыз. Арғы атам Әйекенов Тәжмағамбет туралы енді ғана таптым. Қткен жылы таба алмаған едім, аты-жөні дұрыс жазылмаған екен құжатында. Түрлі варианттармен көріп, енді ғана таптым:

Аекинов Ташмагамбет деп жазылған екен, 2 воздушно-десант. Гв. дивизиясында болған. 1900 жылы туғанын да енді біліп отырмын, қайтқан уақыты 29/06/1944

Сіздер де іздеп көріңіздер.
Әрі қарай

Өлдің, «Шпион», қор болдың...



Бізге Борис Акунин деген лақап атпен танымал жазушы Григорий Чхартишвилидің «Шпиондық романы» экранизацияланады деген ақпарат басқаны қайдам жеке өзімді фильмді тағатсыздана тосуға мәжбүр қылды. Ұлы Отан соғысының күтпеген сәтте басталуы мен кеңестік әскердің оған дайын болмауы туралы ерекше нұсқа ұсынатын шығарма кино мамандары тұрғысынан жаман түсірілмес деген үміт болған. Кешеге дейін…
Әрі қарай

Панфиловшы болып қайттық (+фото)


Бұған дейін де хабарлағанымдай, Алматы қаласының «28 гвардияшы панфиловшылар атындағы паркінде» тарихи-патриоттық реконструкция өтті. «316 атқыштар дивизиясы 1941 жылғы майданға аттанар алдында» деп аталған шарада көрермендерге панфиловшы жауынгерлер майданға кетпес бұрын, оларды неге және қалай үйреткенін: шұлғау мен орамаларды қалай орау керектігі, плащ шатырлардан қалай қалқа жасау керектігі, найзалы шабуылды қабылдау, винтовкалардан ату дағдылары (Мосин жүйесі және СВТ-40), қаруды шашу-жинау, т.б. көрсетілді.
Әрі қарай

Панфиловшылар дивизиясы майданға аттанар алдында



2011 жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының «28 гвардияшы панфиловшылар атындағы паркінде» тарихи-патриоттық реконструкция өтеді. «Информационная Инициатива» қоры ұйымдастыратын шара «316 атқыштар дивизиясы 1941 жылғы майданға аттанар алдында» деп аталады.
Әрі қарай