Немістердің қазақтарға таратқан листовкасы

Соғыстың алғашқы айларында немістердің қазақтарға таратқан листовкасы. Бұл листовканы Түркістан легионы туралы постыма суреттер іздеп отырған кезде тауып алған едім. Енді соны бөлек бөліскім келіп отыр.



ҚАЗАҚТАР!

Көп жылдардан бері большевиктер мен жүхүттер (жөйттер) қол астында езілдіңіздер. Олар сіздерді ұрды, соқты, тұтқынға алды, мыңдаған кінәсіздерді Сібірге айдады. Сіздерді зорлықпен колкозға кіргізіп, еріксіз құл қылды. Өлім алдындағы большевиктер — Сталин қазір де сіздерді қойдай топтап, өздерін сақтап қалмақ үшін біздің оққа қарсы айдап жатыр, сіздер біздің күшті құралымыздың қарсысында босқа құрып кетесіздер. Өткен июль айында сіздер үйлеріңізде едіңіздер, ал қазір Сталиннің диктатурасы үшін сіздерді өлімге, фронтқа айдап келді.

Сіздерге өш алатын күн туды. Күнәсіз өліп кеткен бауырларыңыз үшін өш алыңыздар!

Орыс большевиктер жендеттеріне жәрдем бермеңіздер!

Герман елі сіздерге қол үшін созды!

Герман әскерлері Еділдің бірқатар белгілі жерлеріне келіп жетті.

Герман әскерлері сіздерге қарсы соғыспайды, олар сіздердің дұшпандарыңызға қарсы соғысады.

Біздің жаққа өтіңіздер, аз күнде бостандық алып, жұртыңызға қайтасыздар.
Бөлісу:
  • 16

37 пікір

Daniar-Alan
қызық… жағдай керісінше болып біз Германия құрамында болсақ, қазір жағдай қандай болатын еді?..
asaubota
өз тілімізде сөйлейтін, мұсылман ел болар едік деп ойлаймын.
Daniar-Alan
осы Ареке айтш, оқыған адамсың ғой… Герман елі жеңсе, әлемге үстемдік орнатса скинхэдтер болар ма еді?!..
asaubota
білмейміз ғой не болатынын, еврейлерсіз әлем болатын шығар
kokbori
Соны білмеймін, Гитлердің өзі еврей деседі. Және Гитлер режимін зерттегендер еврейлердің атақтыларын өлтірген емес деп те айтады
asaubota
қырти беред, сенбе.
Gastarbaiter
Жылы жер бос жатпайд, еврейлер болмаса, олардың істегенін славяндар, олар болмаса парсылар т.б-лар істер еді.
ken
сарылардың қай-қайсысымен одақтас болсақ та жағдай қазіргідей болар еді. қазақтардың Германиямен одақтас болғанынан Германия соғыста жеңіп кетер еді деп ойламаймын. бәрібір жеңілер еді. ал қазақтар СССР құрамында қала берер еді.
Gastarbaiter
Саналы адамның сөзі.
Германия жаулап алғанымен, бүкіл халқын КСРО жеріне өктемдік етуге физикалық түрде жеткізе алмас еді. Керісінше, Шыңғыс Хан ұрпағы сияқты халқы сияқты, германдарың орыстанып, қазақыланып кетуі басым болар еді. Онсызда сөйтті ғой
Erke
Қандай болсан, немістер бізді қырып тастар еді, еврейлерді солай қырып тастаған олар!
Adiletshu
Сол кезде өмір сүрсем немістерге берілер едім
alashaman
Тарихты өзгерте алмаймыз. Немістердің де не істейтінін білмейміз. Дегенмен, мына листовкасы "өлсең, өміреп қап" дейін орыстардыкіне қарағанда жібі түзу дүние екен. Ареке, саған рахмет. Көзімізді біраз аштың.
Nurgisa
Қазір үстірт қарап преференциялы сценарийді олай да бұлай шиірген оңай ғой. Ол кездегі оққа кеудесін тосқан хас баһадүрлердікі тек партия нұсқауы болғасын болған шаруа деп ойламаймын. Олардың заманында өз ұғымдарында бірлік, лоялдылық идеясы болған шығар. Соның үдесінен шығуғы тырысып бақты деп білем. Тиісінше, беріле салсақ қандай дәурен кешер едік деген инсинуациялардың реті келіңкіремей ме деймін. Өткенге салауат, келешек — ғажайып та ғаламат. Соған илансақ…
alashaman
Азаматтарға сөгіс жоқ, тек идеологиялық жұмыс жүргізудің тәсілдері бір-біріне мүлдем қарама-қайшы формада болғандығын байқауға болады. Немістерде пафос жоқ екен. Менің байқаған өзгешелігім осы
b-asan
немістер жаулап алғанда қазіргіден айырмашылығымыз неміс және қазақ тілдерінде сөйлеп жүрер едік. қазақтар барлық қиыншылықтарды соғысқа дейін басынан кешті (желтоқсанды қоспағанда). Соғыстан кейін бізге ана ағайындардан көп зиян келмеді, өзіміз қатты бас ұрып кеттік. Қазір өзбек, қырғыз, қазақ 1 мемлекет болып отырумыз мүмкін еді Барбаросса
kokbori
Неміс тілінде сөйлемес едік. Себебі неміс қайда, біз қайдамыз?! Орыс іргемізде болған соң, іріленіп отыр. Рас халықаралық тіл неміс тілі болатын шығар көп дегенде. Бірақ Гитлер мемлекеті де бір күні құлар еді
ruben
Немістер Бірінші Дүниежүзілікті жеңіп, одан кейінгі онжылдықта орыстарға шапқанда, қазір держава болуымызға мүмкіндік болар еді. (прибалттар секілді сөйлеп кеттім ғой ) о уақытта қазақ зиялылары әлі дүниеде еді. со кісілер немістерден керекті «авантажды» алар еді.
айтпақшы, тарих шартты райды ұнатпайтыны туралы айтылушы еді ғой
Barsa
Кезінде фашистер жағында болған, қазір Германиямен жақсы қарым-қатынаста отырған Түркияны керемет дамып кеткен демес едім. Яғни, олар әлеуметтік мемлекеттің негізін әлі қалай алмай келеді.

Дамудың тура жолы түркі тілдес елдердің ортақ бір одағы болғанда ғана сәтті болатын еді. Мұстафа Шоқайдың да мақсаты осы болатын
izbasar
Мұстафа Шоқайдың да мақсаты осы болатын
Пантуркизм идеясын ұстанған ғой!
kayipruh
'Түркие керемет дамып кетпеген демес едім' деген пікіріңізге қосыла алмаймын, неге онда біздің қандастарымыз Қытайдан, Монғолиядан, Өзбекістаннан т.б. мемлекеттерден көшіп келіп жатқанда, Түрік Республикасынан неге келмейді, өйткені олардың жағдайы жақсы қай жағынан алсақта, ешқандай таршылықта, қысымда көріп отырған жоқ мемлекет тарапынан
ruben
Пікірлеу үшін тіркелгендей
біздің қандастарымыз Қытайдан, Монғолиядан, Өзбекістаннан т.б. мемлекеттерден көшіп келіп жатқанда, Түрік Республикасынан неге келмейді
Т.ДЖ.-дегі қазақтардың саны онша көп емес. Жалпы есеппен келушілердің арасында білінбей кетеді. Жағдайлары жақсы болғаннан ТР-ден келмей жатқан жоқ, немесе аталмыш елдерден қандастарымыз жағдайлары нашар болғасын қашып жатқан жоқ. Мысалға, менің екі-үш танысым Қытайда мал-мүлкін сата алмаса да, сол жақтағы бауырларына қалдырып елге келді. Барлығын нөлден бастады. Неге үйткенін сұрасаң, енді тағы біраз уақыт қаған болса, балаларының ассимиляцияға ұшырайтынын айтады. Ал ТР-дегі қазақ жастары тіптең қазақша білмейді. Түріктеніп кеткен әбден. Байлап әпкесең де қалмайды мында көбі: тұра алмайды.
Бірақ бұлай жалғаса берсе, Қытайдан да енді ешкім келмейді. Қазақ екенін ғана білетін, қытай боп кеткен қандастар не үшін келсін со кезде? Тек қана сыртқы саясат құралы болмаса Бейжіңнің.
kayipruh
пікірлеу үшін тіркелген жоқпын, қазақша сайт іздедім дұрысы, таптым және қуаныштымын бұған
kayipruh
Барлығын нөлден бастады.
нөлден бастап жатқан ештеңесі жоқ, мемлекет қарнын тойдырып жатыр олардың, келе сала басына баспана, қалтасына жәрдемақы, бәрі 'ораламан ба оралған ба' әйтеуір солар үшін
ruben
Мен айтқан адамдар квотасыз, өз еріктерімен келген еді. Айырмашылығы сонда.
ruben
 Сәйкестіктерге таңмын. Нигіңізге қарап айтпас едім олай деп.
kayipruh
Никтің менің қазақшама ешқандай қатысы жоқ деп ойлаймын, сіздікі де түсініксіз және есіміңіздің орнына Омар Хайям жазыпсыз
izbasar
Егер немістер жеңсе қазақ дәл осылай өз тілін ұмытпас еді.
AL-ASTER
Reseimen odaqtasqan elderdi qaranhiz: Solt. Korea, Cuba jane odaqtas memleketteri. (((
nurkanibek
Bauyrym sozinnin jany bar, eger Germania men odaktas bolganda kazak tilin munshalikty umytpas edik. /Reseige alis elder tajikter oni kosh ozbekterdin ozi 85 paiyzi ozbekshe soileidi/. ras nemister olar alistal ,sol sebepti de olardin kol astinda kop bolmas edik, ary ketse sol 90- shi jildari jurt katari tauelsizdikti alar edik. mundagi tuiin oristar jenilgende oz kalalarimiz ozimizde kalar edi.Maselen Orynbor bizdin algashki astanamiz aitse de kazir algashi astanamiz Kizil -Orda dep okitip jatir: birak bari de otken
technosyndrom
"Ұлтжанды" деген жұмсақтау форма алып алған ұлтшылдар осы хатты көрсетіп "әттең боздақтар, ойбауырымдап" жүр. Ал шынында мына үндеуді таратқан адам өз санасының, арының әмірімен жазбағаны көрініп тұр. Идеолог неміс, ал мынау — немісшеден аударма екені көзге ұрады. Дәл осы мазмұндағы листовкаларды «Нахтиғәл» да, «УНА-УНСО» да таратқан. Соғыстың кәдімгі жексұрын келбеті, болғаны сол ғана. Бізді азат ету үшін емес, жан сақтау үшін жазылған. Басқа салса баспақшыл боласың. Барлығымыз сүйтер едік. Кезеліп тұрған мылтықтың үңірейген аузы шынымен қорқынышты дүние.
asaubota
Соғыста соғыстағыдай деуші ме еді? әрине жан сақтап қалу. дұрыстап анализ жасап көрейікші осы листовканы. уақытына қарасақ соғыстың алғашқы айлары болуы керек, "өткен июнь айында" дегеніне қарағанда. демек түркістан легионы емес, немістерге тұтқынға түскен алғашқы қазақтар жазған. мазмұнын құрастырушылар негізі дұрыс нәрселер жазған большевиктер саясаты туралы. демек сол кезден-ақ орыстарды жек көрушілік бар болған. тіпті ол кездерде қазіргіден де қатты болған шығар, халықтың көбі 30-шы жылдарды, тіпті 1916-ны да көргендер ғой. тек қарсы шығуға қорқып, үндемей жүрген сияқты. сол ішкі өшпенділікті жазған деп ойлаймын мына хатта. немістер соғысты тез аяқтаймыз, тез жеңеміз деп ойлаған сияқты. дұрыс анализ жасамады ау деймін осы жерде, негізгі идеялары дұрыс еді, большевиктер мен жөйттерсіз әлем құру.
bireumin
не десендерде, казактар немiстерге пален% косылган. Казактын бiр зиялысы(аты есiме туспей тур) германияда казак армиясын 1 аптада дайындаган деген гап бар. Бiрак ол озiнiн озбек комекшiсiнiн колынан уланып олген. Сол улаган озбектiн урпагы карман елiнде жит етiп жатса керек, алi кунге.
VKM
Қумасаңыздарши. Концлагерьлердің пешіне өртеніп кетер еді аталарымыз. Ал біз мүлде болмас едік.Олар нағыз арийецтерді ғана сыйлаған, ал біз көп азиаттың бірі болар едік. Тәуелсіздік жасасын. Әйтеуір өзімізбен өзіміз болып отырған.
zhas_kazakh
қай жаққа болсақта біздің қамымызды ойламас еді, немістер пешке өртемеседе санамызды улап зомбиге айналдырар еді. Ал орыстар жайы онсызда түсінікті…
Beisek
Бәрiнiң комменттерiн оқыдым! Ризамын! Қазақ халқы тегiстей немiстерге қарсы болмады. Қандастарымыз тұтқынға түскен кезде олардың көздерiн ашқан сол немiстер. За Сталина деп зеңбiрекке қарсы шабу ақылға симас нәрсе. Враг у ворот деген киноны көрген болсаңыз, мыңдаған адамды еш аяусыз өлiмге жұмсаған жексұрын коммунистер!
Пікір өшірілді
ZhanibekZhanibek
Уйренген жау атыспакка жаксы! Немистер еврейлерди кырган себеби: гйтлер туылган кезде тисимен туылган, еврейлер айткан бул бала дуние жузин жаулап алат буны пашип тастау керек деп пиштирип тастаган, содан гитлер урпаксыз калды. Барлык еврейлерди кыруга максат етип кобисин кырып тастады.
еврейлердеде бизин казак сякты уш жуз бар екен!