Үй салу. Бастама

Еркек өмірінде 3 нәрсе істеу керек деген қағида бар еді ғой. Үй тұрғызу, тал отырғызу және бала тәрбиелеу. Үйлену оңай, үй болу қиын. Үйленгеннен кейін бөлініп шығу керек. Талай жас семьялардың квартирадан квартира ауыстырып, тентіреп жүргенін көріп, алдымен үй соғып алайын деген шешімге келдім. Сонымен қатар әрбір еркектің балалары қысылмай жүретін, шаршағанда демалатын, шаптырып белгілеп қойған жеке территориясы болуы керек. Бүгінгі постым үй тұрғызу жайлы болмақ: қалай бастау керек, неге көңіл бөлу керек және қандай қателектерді жібермеу керек.
Әрі қарай

Орташа есеппен қазақтардың үй салуы


"Үй салу керек еді"- деп кемінде 3 жыл жүреді, енді қиялдай да білу керек қой!
Үй салу жайында көбіне балалары ер жеткенде ойланады, онда студент балалары туысқандарыныкінде тұрудан жалықандарын айтқанда шешім қабылдайды
Жер алу үшін міндетті түрде кредит алады
Жерді алдымен байлар тұрады деген аудандардан іздейді, несі бар ақшасы бар шығар
жер іздеуде ақшасының қалыңдығына қарай, басқа райондарға көшеді
Әрі қарай

Ақ шашты әжеден естіген бір өсиет

Бір қария:
— Балам үй сатып алғанда иесінен "өзің салдың ба? әлде "Әкең салды ма осы үйді ?" деп сұра,-дейді.
Баласы үй сатып алуға хабарландыру бойынша келеді, үй бағасы да дұрыс.Сосын иесінен сұрайды:
— Бұл үйді өзіңіз салдыңыз ба? жоқ Әкеңіз сады ма?,-деп.
— Әкем салған.
Келесі хабарландыру бойынша барса үйдің бағасы аса қымбат. Дәл сол сұрақты осы үйдің де иесіне қояды. Ол өзі салған екен.

Мораль: Әкенің еңбек терін балар бағалай бермейді…
Әрі қарай