Үй салу. Бастама

Еркек өмірінде 3 нәрсе істеу керек деген қағида бар еді ғой. Үй тұрғызу, тал отырғызу және бала тәрбиелеу. Үйлену оңай, үй болу қиын. Үйленгеннен кейін бөлініп шығу керек. Талай жас семьялардың квартирадан квартира ауыстырып, тентіреп жүргенін көріп, алдымен үй соғып алайын деген шешімге келдім. Сонымен қатар әрбір еркектің балалары қысылмай жүретін, шаршағанда демалатын, шаптырып белгілеп қойған жеке территориясы болуы керек. Бүгінгі постым үй тұрғызу жайлы болмақ: қалай бастау керек, неге көңіл бөлу керек және қандай қателектерді жібермеу керек.

Блог - Adiletshu: Үй салу. Бастама

Бастау. Көз қорқақ, қол батыр. Шегенін өзін дұрыс қаға алмайтын болғандықтан қалай болар екен деп қорықтым. Нені қалай істеу керек екенін білмейм. Қолымнан келетініне күмәндандандым. Шудың жан-жағының бәріне жаңадан үйлер салынып жатыр. Соларға қызыға қарап жүретінмін. Қандай мықты адамдар деп тамсанамын. Сосын, олар да мен сияқты екі қолы, екі аяғы бар адамдар ғой. Оның қолынан келген менің де қолымнан келеді, «нартауекел» деп бастап кеттім.

Блог - Adiletshu: Үй салу. Бастама

Жұмысшы іздеу. Жұмысшы іздеудің мәселесі жоқ. Қазір елдің бәрі құрылысшы боп кеткен ба деп қалдым. Біраз таныс жігіттер сонда жүр. Бірақ, өзіміздің жергілікті құрылысшылар айтқан бағасына жағаңды ұстайсың (құрылысшы болғым кеп кетті :) ). Таныстан таныс арқылы бір өзбек бригадасын тауып алдым. Өзбектерің де аз сұрамайды. Қазақтардан кішкене ғана арзан болатын болды. Ол да болса қайда жатыр деп келістім. Өзбектердің бір артықшылығы Таңғы 7-ден кешкі 9-ға дейін тымбай еңбектеніп, тез бітіріп береді.

Блог - Adiletshu: Үй салу. Бастама

Фундамент. Білім алған үй соққан сияқты, фундаменті мықты болуы керек деп жатады ғой. Фундаментке ақшаны аямай салу керек. Мықты-мықты тастар алу керек. Ішіне міндетті түрде арматура салу керек. Арматурасын молдау салмасаң кейін аздау боп қалды деп өкініп қаласың.

Блог - Adiletshu: Үй салу. Бастама

Қабырға. Көрпеңе қарай көсілесің ғой. Арзан, барынша берік, жылы материал — шпал болды. Шпалдың тұрғызылуы оңай болғандықтан оның жұмысына да көп ақша алмайды. Шамаң жетсе қызыл кірпіштен соққанға не жетсін. Ақша үнемдеу мақсатында бөлме аралығына шпалдарды тілдіріп салдым.

Блог - Adiletshu: Үй салу. Бастама

Шатыр. Бұл жерде арзан және әдемі көрінетін материал іздеп, «боялған қаңылтырға» тоқтадым. Боялған профлисттің бағасы – 4500 теңге, ал оцинковканың бағасы 5400 теңге. Боялған шатырдың бағасы арзандау болғаннан соны алғам. Бұндай шатырлардың бұрышына жабылатын «конектары» қымбат екен. Оцинковканың конегі — 700 болса, «боялған профлисттің» конегі — 1500 теңге. Конегімен есептегенде сондай шығын кетіп қалады екен. Сондықтан оцинковкамен жапқан дұрыс. Себебі, боялған профлистке қарағанда қалыңдау және коррозия жылдам ұшырамайды. Фронтон мен карнизін «сайдинг» деген Ресейде шығатын пластмас материалмен жаптырдым. «USB» деген, жаңқаны престеу арқылы жасалған ағашпен жапсаң арзандау болады. Бірақ су тие берсе 2-3 жылда ашылып кетеді дейді. Сондықтан дұрысы – сайдинг.

Блог - Adiletshu: Үй салу. Бастама

Биылға осымен тоқтады. Шпалдың майы кепсің, ақша да бітті. Білгіштер енді тағы осындай қаржы керек дейді.

Блог - Adiletshu: Үй салу. Бастама
Бөлісу:

36 пікір

Ispek92
Өз үйің болғанға не жетсін, қоныс тойды да тойлармыз))
Adiletshu
Шақырсам келесің бе :)
Ispek92
Әрине барамын, бәрімізді шақыр әсіресе жазда, үйдің айналасы газонға ұқсайды екен, футбол ойнай саламыз :)
MamaAya
красавчик. Соңында Детка деп аяқтауың керек еді))) Құтты болсын! Іші бала-шағаға тола берсін!)
Adiletshu
Рахмет! Айтқаның келсің! Сендердің үйлерің не боп жатыр?
MamaAya
Әбден біткенде «Красная линия» деген диагноз қойды, алдын ғана рұқсат қағаз алып бастаған ек… Енді артын күтіп отырқ типа…
VKM
күштісің ғой.Қай жақта салып жатырсың?Қасында үй жоқ ғой.
Adiletshu
Шу қаласы. Оң жағында бар үй. Артынан, сол жағынан үй түспейді. Ең бірінші участок
VKM
жарайсың! Құтты болсын,Әділет
Marco
Респектометрім жанып кетті! Жарайсың!
zholantai
құйған кірпішпен неге соқпадың?
Adiletshu
Сейсмостойкий емес. Фундаменті осадко берсе қабырғасы жарылып, опырылып құлап қалады. Топансу болса шайып кетеді. Сосын, ондай кірпіштен соғылған үйге қазір техпаспорт бермейді
zholantai
иә, сендер жақта жер сілкінетіні бар екен ғо
ken
мен де соны сұрамақ болғанмын. оңтүстікте үйлердің 80 пайыздайы кептірілген лайдан жасалған кірпіштен соғылады. сондай кірпіштер шпалдан қымбат емес шығар. және шпалға қарағанда жылырақ, беріктеу сияқты.
Adiletshu
Ең арзаны лай. Шпалдан берік емес. Қайта ең берігі — шпал. Жер сілкінсе шпалдар бір-бірін ұстап, коробка сияқты тұра береді
zholantai
шпалдың жылу ұстауы мықты шығар?
Adiletshu
Жылы болады. Сонда да сыртын пеноплекспен қаптап жіберсем ба деп тұрмын.
zholantai
сонымен осы күнге дейін құрылысшыларға төленетін еңбекақы қосқанда, жерді сатып алу бағасынан бөлек қанша теңге жұмсалды?
Adiletshu
Шамамен 1 845 000 теңге кетті.
AidaKali
газ/су/жол жүреді ме? канша кв/м? шпал кейн иіс шығу жағы қандай болады, екен? гипсакортон шпал, арасына стеклопакет болады ма?
мадес құтты болсын!!! күчт пост!!! Шудың қай жері? ну типа білетіндей сұрап қоям ғо))) Төлеби жақ емес пе? ;)
уаййййй үй соққанға көп қаражат кетед ғо))) бірақ менде арман етем, Медеу ауданан кейн дачым болса, сонда кішкентай котедж соғып алсам, жасыл редка, кұлпынай, алманың 2-3 сортын отырғызсам деп))))) AKY қыдырып кегенде, демалып жатсақ… угу ухты))))
қоныс той постына жазылсын алдағы уақытта! тілектеспін!!!
бұл үйінде, келінді бол, балалы/шағалы бол!!!
Adiletshu
Жол бар. Алға ауылына баратын жолда. Сейфуллин мектебінен 500 метрдей жерде орналасқан. Газ жүруі керек. Су да келетін шығар. Оға дейін мотор орнатып, жердің астынан ала тұрармын.

Іші түгел гипсокордон болады.
арасына стеклопакет болады ма
Арасында стекловата бола ма дегің келген шығар. Ішіне стекловата салсам сыртына пеноплекс қаптамаймын, ал егер сыртына пеноплекс қаптасам ішіне стекловата салмаймын.
AKY
AKY қыдырып кегенде, демалып жатсақ… угу ухты))))
Салсайш енді, салатын үйіңді, демалайық та)))
Менде қуықтай пәтер болатынын өзің де білесің :*)) Демалуға аса лайықты емес))))))))))))
Arys_arlany
Бір парызыңның қарызын өтеп жатыр екенсің, мақсатыңа жет!
Dzhonsaken
Жер үлескің қанша сотық?
Adiletshu
15
Dzhonsaken
Не ғо, жалпы жер үлескіңнің бас жоспарын сызып алдың ба?! Мал қора, монша-сонша дегендей…
Gastarbaiter
мотивациялық пост. Расында да қол батыр.
boztorgai
су мен кәріз жүйесін фундамент астына жүргізіп алушы ек қой.
септик керек.
вентканал қарастырылды ма
bizbike
Біз үй салмақ түгілі жөндеуімізді бітіре алмай жатырмыз. Бір ұққаным — ақшаны жұмыс аяқталған соң беру керек.
KILYZAMAN
:-)… Шатырдың астын(мансарда) дұрыс ойластырыпсың...Қазандықты(Үй жылыту) оңтайлағаның дұрыс болар еді. Еңбегің рәтті болсын!