Тіленші қарттар

Блог - KerimAyankyzy: Тіленші қарттарҚарағандыдағы Орталық көшені бойлап келе жатып суық жерде отырған қайыршыға көзім түсті. Шын мәнінде қайыршыға емес, бүрісіп, алдына қалбыр қойып отырған қарияға.
Осыған дейін де бірнеше жерде алақан жайып отырған қарияларды көргенім есіме түсіп, жанына жайғастым. «-Тоңған жоқсыз ба?» — дедім аяушылық білдіріп. «-Жоқ, суық емес» — деп астына төсеп алған қалың ағаш тақтайшаны көрсетті. Әңгімеміз осылай басталды. – Балаларыңыз қайда, неге бұлай отырсыз? – деп мән жайды сұрадым. Әлбетте, күнкөріс көзі. Үлкен екі баласы мен немересін осы қарт тіленшілікпен асырап отыр. Екі баласы да мүгедек. Ұлы ішкілікке салынып, соңында үлкен дертке шалдыққан. Тамақты өздігімен жей алғанымен, ас асқазанға, бойға батпайды. Асқынған асқазан ауруы. Қызы болса 3-ші топтағы мүгедек. Көзі әрең көреді. Және бастауышта оқитын немересі бар. «Ел ақша тастайды, күнкөріске жетеді, маған тек – ұят» — деді көзіне жас алып қария. Жасы 82-ге келген әжейдің жұмыс істеуге еш қауқары жоқ әрине. Амалының жоқтығынан көшеде ақша сұрап отыруға бел буған. Блог - KerimAyankyzy: Тіленші қарттар
Бетін жуған тамшылардың өзінде қаншама мұң, «Ұят» сөзінің астарында іркіліп қалған қаншама сөз барын оты сөнген жанары айтып-ақ тұр. «-Үйдің өзін күтетін, жинайтын адам керек, оны кім жинайды? Менің қауқарым жетпейді, балалар болса – анау», — деп үйі бар болғанымен, оған еш жағдай жасалмағанын айтып мұңайды. Сол маңды торуылдаған Полицей ағайлар болса, «Бұл жерде отыруға болмайды» -деп қарт ананы отырған жерінен қуып жібереді екен. Бейнетінің зейнетін көретін шақта ешкімнен қамқорлық көрмей, өткен-кеткенге осылай жәутеңдеп отырған қарияның тірлігі жаныма батты. Бұл жалғыз қария емес, орталықтың өзінен қол жайып отырған бірнешеуін кезіктіресіз. Қарттардың бар екені тек бір күнде ғана түседі есімізге. Ол – қарттар күні. Сол күні оларға құшақ-құшақ сыйлықтар алынып, жылы сөздер арналады. Басым көпшілігі – ардагерлер мен қарттар үйіндегі ата-әжелерге назар аударады. Күннің суығында жұқа киіммен қайыр тілеп отырғандар ше? Ертеңгі қыстың қақаған аязында олардың күні не болмақ? Қамқорлыққа өте зәру көшедегі қарттарға назар аударса екен биліктегілер. Басына түскен қайғымен бөлісіп, кішкене болсын қол ұшын созса тіленші-қарттар саны азаяр ма еді? Қазыналы қарттармызға көшеде емес, үйдің төрінде, немерелеріне ертегі айтып отырған жарасады емес пе?! Оларға бір күнде ғана емес, әр күн сайын құрмет, қамқорлық жасалуы тиіс. Бізде болса тіленші қарттар саны әр жерде күн санап көбейіп бара жатыр. Қариясын далаға қаңғыртпаған ел емес пе едік? Қайдасыз қазақ баласы? Анаңыз, ата-әжеңіз — күздің, қоғамның қара суығынан тонып қалды ғой…

Садақа. Риясыз көмек дилеммасы

Сана мен сезім: Садақа. Риясыз көмек дилеммасы

Садақа беру — көп діндерде ерікті түрде көмек көрсетуді білдіреді. Дарвинизм тұрғысында, адамдардың қиын-қыстауда бір-біріне көмек қолын созуы — бізді жер бетінен жойылып кетуден құтқаратын әлеуметтік қорғаныс инстинкті.
Садақа беруді өзім рефлекс деңгейінде жүзеге асуы тиіс әрекет санайтынмын. Тек, көшедегі қайыр тілегендердің ұйымдасқан мафия екенін, ал интернеттегі қайырымдылық шарасына сеніп, шұғыл жіберген садақаң кезекті алаяқтың қалтасына кеткенін білгенде, ішің «суиды». Әділ де болғың келеді, шын мұқтаждың жан айқайына үнсіз де қалғың келмейді. Күмәншіл адамның садақаны жүрегіне емес, ақылына жүгініп беруі не бермеуі қаншалықты орынды? Адамның шын ниетін анықтауда айып бар ма?
Әрі қарай

Эльвира Ерғалина. Қайыршылық кәсіп пе?


Блогер Эльвира Ерғалина жасырын камерасымен тағы да видео түсіріп келді. Бұл жолы көше жағалай алақан жайып отырған қайыршыларға барыпты. Әшейінде тізіліп отыратын сұраншақтар дәл сол күні жоқ боп қалыпты. Тек қазақ кемпірі ғана отырған көрінеді. Ол кемпірді әңгімеге тартып көрген. Көрген де, аяныш сезімінен арылған. Ой, біз неге бәрін айтып беріп жатырмыз, одан да өзіңіз көрсеңізші видеодан

Қайыршылық кәсіп пе?
Әрі қарай

Әлемдегі ең бай қайыршы

Пакистандық Абдул Саттар Эдхи қайыр тілеумен айналысады. Бірақ оның басқа қайыршылардан айырмашылығы бар. Ол қазір 25 жекеменшік аурухана, 1800 жедел жәрдем көлігі мен 335 көмек көрсету орталығының иесі екен.
Блог - omarbirat: Әлемдегі ең бай қайыршы

Ақшасы болмағандықтан ауру шешесін ажалдан арашалап алуға шарасы болмағанын ұмытпаған Эдхи енді мұндайды ешкім бастан кешірмесін деп, үй-үйді аралап жүріп жинаған ақшасына тұрмысы нашарларға арналған аурухана ашқан екен.
Қазір 85 жастағы* Эдхи әлі де көшеде қайыр тілеп жүр.
Қайыр тілеуді бастаған күнінен бастап әрбір тиынын жинап, 1951 жылы бір кішігірім диспансер ашыпты.
Көтерме бағамен сатып алған дәрі-дәрмектерді мұқтаж адамдарға нарықтағыдан төмен бағаға сатып, тұрмысы нашар адамдарға диспансерде тегін қызмет көрсетілуін қамтамасыз етіп жүрген Эдхи қоғамның сеніміне ие болғаннан кейін, қайырымдылық жасаушылар оның қайырымдылығына көбірек үлес қоса бастаған.
Блог - omarbirat: Әлемдегі ең бай қайыршыОның жасағандары аз уақыт ішінде ел арасында таралған соң, оны көшеде қайыр тілеп жүргенін көргендер оның ақша жинау мақсатын білгендіктен садақаға деп көбірек ақша беріп, қайырымдылығына үлес қосқысы келгендер ол қайыр тілейтін көшеге жиірек баратын болған екен.
Өзінің "Қайырымдылық періштесі" деп аталуының себебін былай деп түсіндіреді:
«Тұрмысы нашар кедей адам екенім рас, бірақ ақшаға мұқтаждығы менен де көп адамдар бар».

*Бір ағылшынша ресурста жасы 90-ға таяп қалған дейді.
** Бассам Тариқ деген бір режиссер Абдул Саттар Эдхи туралы "These Birds Walk" деген деректі фильм түсіріпті. Тизері:


Дереккөздер:
Түрікшесі
Ағылшыншасы
Суреттер де сол жерлерден алынды
Әрі қарай